Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Қожа Ахмет Йассауидің өмірі мен шығармашылығын меңгерту, «Диуани хикмет» кітабындағы негізгі ойды түсіну арқылы Ахмет Йасауиді тарихи тұлға, ақын ретінде таныту.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ежелгі дәуір әдебиетінің өкілдері туралы дүниетанымын кеңейту, ой-өрісін дамыту, ойлануға, қорытынды жасауға дағдыландыру, білімдерін өз бетінше қолдануға, іздену, зерттеу жұмыстарына баулу.
Тәрбиелік мақсаты: Хикметтерінің поэтикалық тіліне, ақыл-нақылдарына қазақ ғұламаларының шығармаларымен салыстырмалы талдау жасай отырып, оқушыларды имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, хикметтер, суреттер, слайдтар
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ типі: іздендіру сабағы.
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, іздендіру, салыстыру, мәнерлеп оқу, ой қорыту.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, география.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) сынып даярлығын тексеру; ә) кезекші арқылы түгендеу; б) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;
Үш топқа бөлу. Бағалау парақшаларын беру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті оқушылар!
Біздің бүгінгі сабағымыз ақын, ойшыл, мұсылман дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым, Ахмет Йассауидің «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») кітабының тәрбиелік мәнін ашуға арналған іздендіру сабағы. Сондықтан, ең әуелі оқушылардың өз беттерімен іздену нәтижесінде тапқан материалдарымен танысып көрейік.
1.Ахмет Йасауидің өмірінен мәлімет.
2. Йассауидің ұстазы Арыстанбабқа сипаттама беру.
3. Йассауи кесенесінің тарихы жайлы не айтар едіңдер?
Мұсылман діні Тарихи тұлға
қайраткері
Сопы (суфы-араб Ахмет Йассауи Еңбегін көне түркі
сөзі діни ағым) кім? тілінде жазған
(шағатай)
ақын Түркістандық ұлы ойшыл
Мұғалім сөзі: Ендеше, оқушылар қылуетте өмір кешіп, бабамыздың мәңгі өшпес асыл мұрасы - «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Яғни, Ахмет Йасауи сопылық-философиялық дүниетанымдарын өзінің «Даналық кітабы» еңбегінде баян етеді. Түп нұсқасы сақталмаған. Бізге жеткені ХV-ХVІ ғасырлардағы көшірмесі ғана. Диуан-жинақ, хикмет-алланың құдірет күші, яғни «алланың ақ жолын баяндайтын кітап» деген мағынаны білдіреді.
Иасауидің кітабын тақырыбы жағынан екі топта жіктеп қарастыруға болады.
1. Сопылық ілімінің мазмұнын өлең түрінде жырлаған хикметтер тобы. Бұған үгіт, насихат, өсиет үлгісінде жазылған тәлім-тәрбие сипатындағы хикметтер жатады.
2. Ақынның өз кезіндегі дәуір, қоғам бейнесін жасайтын лирикалық шығармалары.
Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,
Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.
Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен,
Пәрмен болса өлгенше жырласам мен,-
деп, даналық сөздерінің 4 мың 400 жол екендігін ескерткен.
Абай айтқан асыл сөз бар: «Мұны жазған білген құл, атын білме, сөзін біл». Ұлықтекті ұлы Өсиетнамасындай «Диуани хикмет» турасында түркістандық ғұлама:
Ескерткіш қалдырдым мен ежеттіге,
Қастерлеп, аруағымнан медет тіле,- депті. Яғни бізге бағыштаған аманатындай.
Сабақ барысында оқушыларға берілетін іздендіру сұрақ:
«Диуани хикмет» кітабы туралы өз көзқарастарыңды, пікірлеріңді жинақтап қағазға түсіріп отырыңдар (ой түйіндеу).
1. Қай тілде жазылған және қай ғасырдың жәдігері?
Орта Азия мен Қыпшақ даласының түркілеріне түсінікті болсын деп шағатай (қыпшақ) тілінде жазылған. XII ғасырдан бері сақталған әдеби жәдігер.
2. Ұзақ жыл зерттеген ғалым кім және нұсқалары туралы не білесің?
А. Йассауи хикметтерінің тілін ұзақ жыл зерттеген көрнекті ғалым А.К.Боровков. Алғашқы түпнұсқасы сақталмаған. Кезінде қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған. Бертін келе көшірушілер араб, парсы сөздерін қосып жіберген (XV ғасырдың кезі)
3. Қай қалаларда басылды және зерттеген ғалымдарды ата.
Қазанда 1987 жылы және 1901ж. Стамбулда 1901 ж. Шымкентте 1902 ж. және 1911 жылы жеке кітап болып шықты. А.М. Самойлович,
Е.Э. Бертельс, А.К. Боровков т.б. М.Жармұхамедұлы, М.Шафиғи,
Е. Дүйсенбайұлы, С. Дәуітұлы
1-ші топқа Ахмет Йассауи
2-ші топқа Абай Құнанбайұлы
3-ші топқа Шәкәрім Құдайбердіұлы
Үшеуінің еңбектеріндегі ортақ тақырыпты табыңдар
Ахмет Йассауи
XII ғасыр (1093-1166)
«Диуани хикмет» еңбегі
Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиеттерінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты.
|
Шәкәрім Құдайбердіұлы
XIX ғасыр (1858-1931)
«Мұсылмандық шарты» еңбегі
-иман-ғибадат турасын шамам келгенше қазақ тілінде жазайын, әр қазақтың оқуына оңай болсын, оларға пайда, өзіме де сауап болар ма екен деп үміт еттім»,-дейді.
|
Абай Құнанбайұлы
XIX ғасыр (1845-1904)
Өлеңдері мен «Қара сөздері»
36-қара сөзінде әңгіме ұят туралы. Ұялмас нәрседен ұялу -ақымақтық, жамандық. «Ұят қандай болу керек?»
«Ұят кімде болса, иман сонда»
«Ұятсыздық-өмірдегі ең сұрқия қылық.» Сондықтан келер ұрпақ ар-ұятын таза сақтасын,»-дейді.
|
Дүниетаным көзқарастары
сыншылдық дәстүр басы деген ұғым –
имандылық екен.
Ендігі кезекте хикметтерінен үзінділер оқып, негізгі ойын анықтап, поэтикалық, салыстырмалы талдау жасап көрейік.
Хикметтер
Даналардың айтқаны келер болды,
Қияметтің қияпаты төнер болды,
Ақымақтар айқаймен жеңер болды,
Бұл не деген замана болды достар.
Халайықтан мейірім мен рақым кетті,
Момынға телі-тентек зақым етті,
Тал түсте талапайда ақыл кетті,
Бұл не деген замана болды достар.
Үлкен-кіші адамнан ибалық әдет кетті,
Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті,
Мінез-құлықты бұзатын әлек жетті,
Бұл не деген замана болды достар.
Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ,
Кішілердің үлкенге ізеті жоқ,
Патшаларға әділдік міндеті жоқ,
Бұл не деген замана болды, достар.
Азған заман ғалымы залым болар,
Қошаметшіл қулықпен мәлім болар,
Анығын айтқан адалдар жазым болар,
Бұл не деген замана болды, достар.
Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ,
Жалғандыққа шындықтың қайраны жоқ,
Шындықты айтып осылай шырқыраған
Құл Қожа Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.
2. Қысыр сөзді айтпа маған дән-нәрі жоқ,
Ғашықтығың бекер ғой көз қаны жоқ,
Жан бермеген махаббаттың байламы жоқ,
Қысқа өмірін ұзартар жалғауы жоқ.
Құштарлықтың бейнетін көрмес болсаң,
Қорлық тартып, сұм нәпсіңді жеңбес болсаң,
Алла басқа салғанда көнбес болсаң,
Олла-білла, сенде ышқының айғағы жоқ.
Нәпсің тыйып, көңілің тойса қанағатқа,
Саған разы болар бүкіл жамағат та.
Жақсыларға қызмет қып, ие бол адал атқа,
Машһарда ондай ғашықтың арманы жоқ.
Рақат емес, бейнеттен қашпағандар,
Таң сәріден жанын қинап қасқаярлар,
Ит дүниені қызықтырмай тастағандар-
Шын ғашықтар деп айтсам, жалғаны жоқ.
Безбүйректер қайтсін іште дертің барын,
Ұқпайды олар ышқылықтың төркін, мәнін,
Сатылмасын суайтқа көркің, бағың,
Бейхабардың оны ұғар саңлауы жоқ.
Ынтызар боп отқа түстің, күйіп-жандың,
Шам айналған көбелектей жүріп те алдың,
Дертің де ауыр, қайғың да ауыр, естен тандың,
Қасіретіңнің тола қояр аңғары жоқ.
Қиын жолда қиылып басың кетер,
Бұл жайында айта берсең болар бекер,
Жөнің бар ғой пірге адал қызмет етер,
Қызметіңнің еленбей қалғаны жоқ.
Ей, бейхабар, ғашықтардан жөн сұрама,
Дәру тілеп, дәрі-дәрмек, ем сұрама,
Ғашық болсаң, тақуалардан кем шыдама,
Екеуінің де дауа іздеп, таңдауы жоқ.
3. Дүние-мүлікке құмартып, жаһан малын жиғандар,
Құзғын жемін жегендер арамға әбден батпақшы.
Молда, муфти болғансып, жалған дұға қылғандар,
Ақты қара дегендер тамұққа барып жатпақшы.
Қазы, имам атымен қол қойса нақақ жалаға,
Сол үкімнің салмағы өздерін басып қалмақшы.
Арам жеген әкімдер, құныққандар параға,
Өз бармағын тістелеп, өкініш отқа жанбақшы.
Таңдап тәтті жегендер, атлас-қамқа кигендер,
Алтын таққа мінгендер жер мен жер боп жатар-ды.
Негізгі ой
|
Поэтикалық
талдау
|
Сөздікпен жұмыс
|
|
|
|
2.Сөздікпен жұмыс.
Қылует – (араб сөзі) оңашалану
Пір – (парсы сөзі) жетекші, бастаушы
Сопылық – мұсылман дінінің суфизм деп аталған ағымы.
Зікір – Құдайды мадақтап айтылатын өлеңдер
Шариғат – ислам заңдары мен әдет-ғұрып жинағы
Мағрифат – дін жолын танып,оқып білу
Тариқат – сопылық идеясы
Хақиқат – Құдай және оған жақындау
Ғазиз – өте үстем
Ғафил – бейқам
Аят – Құран кәрім сүресіндегі ақ жол өлеңдер
Хадис – Мұхаммед пайғамбар жайлы әңгімелер
Тақуа-діндар, діншіл.
Ақырет- о,дүние, машхар
Тамұқ- діни ұғым бойынша, күнәһар адамға о дүниеде азап көрсететін жер, тозақ.
Нақақ- бостан-бос, жазықсыз.
Ғалымдардың пікірі
|
|
1. Ерлан Арын (ҚР білім, экономика ғылымының докторы)
Түркістандық ғұламаның «Даналық кітабын» тек әдеби шығарма деу аздық етеді. Иманжүзділік оқулығы әділетті болар. Ол тұтқиыл тығырықтар тұсында тұйықтан шығарар жол көрсетіп, инабатшыл көңілге иланым ұялатады».
2. А.Қыраубаева. «Суфизм көзқарасындағы ақындық дәстүрдің қазақ поэзиясындағы қалыптасуына түркілік әдебиет даму кезеңіндегі шығармаларда негізгі қаланған мәселелердің кейінгі ақындар арқылы жалғасатындығы табиғи заңдылық. Аллаға ғашықтық Йасауи және оның дәстүріндегі ақындар поэзиясында орныққан құбылыс. Жаратушыға арналған махаббат, ғашықтық ұғымдардың әлеуметтік сырлары жалпы азаматтық, гуманистік ойлармен де ұштасады »
«Ғасырлар мұрасы» А., 1987, 360-б
|
Ахмет Йассауи айтып еді деген қанатты, ғибратты, діни өсиет-насихатқа толы сөздер елден-елге тарайды.
«Кітап аш та мәнін ұқ»
«Аяқ-қолыңды жерге түсірмей мақтағандарға қуанба»
«Мейірімі жоқ менмеңдерге қаспын мен»
«Мадақтар болсаң, шын асылды мадақта»
«Бейнеттен қашпа», «Қиын да болса, түзу жолмен жүр»
«Арың сақта, болсаң да малға кедей»
«Жамандық ойлама», «Кісі ақысын жеме»
«Ұрыншақтың жауы көп, жамандардың жауы көп»
«Халқыңа қызмет ет, ізгілерге ізет ет, жаны жақсы жайсаңдарға қызмет ет»
«Менмен бай құдайға да ауыз салады»
Мұғалім сөзі: Ахмет Йасауидың «Даналық кітабындағы» хикметтерінің болашақ ұрпаққа айтар насихаты:
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Демек, Иманды адам күн секілді. Күн бойынан жылу мен жарық бөліп, жер бетін нұрландырып, жан бітіреді. Кемеңгер бабамыз өз заманының шындығымен қоса, өз өмірінің бүкіл болмысын, ғұмырлық тәжірибесін, ізденістері мен құлшыныстарын, Алланың ақ жолын Ақиқат жолын табу мен тану үшін не істеу керек екендігін өлеңдік өрнекпен, ғұламалық тереңдікпен, шын мұсылмандық ұғыммен айтып отырған. «Диуани Хикмет» атты кітабы діни-сопылық қағидалармен қатар оқу, білім алу, адалдық, имандылық, ізгі қасиетті болу, ақыл-парасатқа жету, жақсылық, жамандық, төзімді болу, достық пен махаббатты қастерлеу, әділетті болу, адал жолмен жүру сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттайды.Түркістандық ғұламаның «Даналық кітабын» тек әдеби шығарма деу аздық етеді.
Үйге тапсырма: Ахмет Иасауидің хикметтерін оқу, талдау. «Имандылық – адам бойындағы ең үлкен қасиет» тақырыбында ойтолғау жазу.
Оқушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |