Сабақтың тақырыбы : Американың қоныстану және игерілу кезеңдері. Америка елдерін топтастыру



бет4/9
Дата05.02.2022
өлшемі146,89 Kb.
#22011
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
IІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Қоныстану және игерілу тарихы
2. Елдерді топтастыру
Солтүстік Америка жерінде осыдан шамамен 40 мың жыл бұрын Азияның солтүстік-шығысынан қоныс аударушылардың алғашқы легі келді.Қазіргі Беринг бұғазы орнында
болған құрлық көпірі арқылы өткен олар алғашында Аляска түбегі мен дала зонасына дейінгі аумақты мекендеген. Алғашқы қоныс аударушылар құрлықта аң (мамонт,қойөгіз,аю) аулап, терімшілікпен күнелткен.Осыдан 25мың жыл бұрын Азиядан қоныс аударушылардың екінші легі келіп жетті.Сонымен америкалықтардың саны артып тілдік құрамы күрделене түсті.
Америка құрлығына тарай орналасқан тайпалар көбінесе бір-бірінен оқшау өмір сүргендіктен олардың сыртқы пішіндерінде,өмір сүру салтында ғана емес , тілдік құрамындада үлкен айырмашылықтар болды.
Солтүстік Американы мекендеген үндістер арасында саны жағынан басым болған алгонкиндер аңшылықпен және балық аулаумен қолөнермен шұғылданған.Олардың «вигвам» деп аталатын лашықтары мен өте жеңіл қайықтары жалпы үндістердің символы болып табылады.Ұлы көлдер маңын мекендеген алгонкиндерді кейде ормандық тайпалар деп те атаған.
Олар жергілікті табиғат ресурстарын өз қажеттеріне тиімді пайдалана білген: үйеңкіден қант алуды осы тайпалар ойлап тапқан.
Қазіргі Мексика жерінің солтүстігін ержүрек апачи тайпалары мекендеген.Осы аймақ тұрғындарының ата-бабалары болып есептелетін пуэбло тайпалары жартастан көп қабатты үйлер қашап салып , суармалы егіншілікпен айналысқан.Мексика шығанағы жағалауының ежелгі тұрғындары ольмектер шаруашылық-мәдени дамуы жөнінен кейінгі өркениеттерге бастама болған.
Америка жерінде ацтектер, майя және инктер құрған аса ірі үш мемлекет болды.
Орталық және Оңтүстік Америкада ,қазіргі АҚШ-тың оңтүстігінде байырғы халықтардан «босаған» жерлерде әртүрлі дақылдардың плантациялары
орналастырылып , мұнда жұмыс шстеуге XVI ғасырдан бастап миллиондаған африкалықтар тасыла бастады.Ұлан-ғайыр помещиктік жер иеліктері-
латифундияларда құл еңбегі пайдаланылды.Осылайша шаруашылықтың бұрын болмаған саласы- плантациялық шаруашылықтың негізі қаланды.Канада мен АҚШ жерінде басым болған ағылшындар мен француздар Атлант мұхиты жағалауы мен ірі өзендер бойында қалалар мен порттар салды; ішкергі аудандарда фермерлік шаруашылықтар , тау-кен орталықтары пайда болды. Фермерлік шаруашылықтарда жалдамалы жұмыс күші пайдаланып ,механикаландыру мен мамандануға көп көңіл
бөлінді.Сондықтан қазіргі кездің өзінде алдыңғы қатарлы елдерде ауыл шаруашылығын ұйымдастырудың бұл түрі басым болып отыр.
Еуропалықтар отарлау Американың мәдени-географиялық сипатын өзгертті.Мұнда нәсілдер мен халықтардың бұрын болып көрмеген араласуы жүріп,мүлде жаңа этностық топтар қалыптасты.
Еуропалықтар+үндістер-метистер,
Еуропалықтар +африкалықтар-мулаттар
Африкалықтар +үндістердің- самбо


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет