Сабақтың тақырыбы : Американың қоныстану және игерілу кезеңдері. Америка елдерін топтастыру



Дата24.04.2017
өлшемі146,89 Kb.
#14912
түріСабақ
Алматы облысы

Ұйғыр ауданы

«№4 Шонжы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің география пәнінің мұғалімі

Смагулова Жанаргуль Аипбековна

Сынып-11
Сабақтың тақырыбы: Американың қоныстану және игерілу кезеңдері. Америка елдерін топтастыру
Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: Американың қоныстану және игерілу кезеңдері. Америка елдерін топтастыру туралы білімдерін қалыптастыру
2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,іздену, есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жауапкершілікке және экономикалық тәрбие беру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың оқыту әдісі: сұрақ - жауап, баяндау,тест сұрақтары
Сабақтың көрнекіліктері: атлас, дүниежүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта, бейнефильм, оқулық

Пәнаралық байланыс: тарих, экономика

Сабақта пайдаланған технология- СТО, Шаталовтың тірек сызбалары

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылар түгендеу
2. Оқушылардың оқу - құралдарын қалыпқа келтіру.
3. Жалпы сабақтың мақсаты мен міндеттері мен таныстыру.
ІІ. Жаңа сабақ

Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. «Венн» диограммасын құрастыру

Солтүстік Американың ұқсастықтары мен айырмашылықтары

Айырмашылығы Ұқсастықтары Айырмашылығы




Американы кім ашты ? (Бейнефильм көрсету)
Материктің ашылу және зерттелу тарихы. Солтүстік Америка


  1. 1492 жылы Х.Колум бастаған испан экспедициясы материқтің оңтүстік жағалауын ашты

  2. XY. ғасырда италияндық Джон Кабот Ньюфаундленд арала мен Лабрадор түбегі жағалауын ашты

  3. 1519 жылы Эрнан Картес бастаған испандардың жорығыацтектер мемлекеті орналасқан қазіргі Мексика жерін басып алды

  4. Генри Гудзон XYII. ғасыр.Александр Макензи материктің солтүстік және шығыс жағалауындағы жаңа жерлерді ашты

  5. 1741 ж Витус Беринг пен Алексей Чириков Алеут аралдарын бойлай Аляска жағалауын зерттеді

  6. 1778ж ағылшын Джеймс Кук Солтүстік Америка батыс жағалауын зерттеп.Нортон шығанағын ашты

  7. XX –ғасырдың басында норвег поляр зерттеушісі Руаль Амундсен Жердің солтүстік магниттік полюсін анықтады

Материктің ашылу және зерттелу тарихы. Оңтүстік Америка

1.Х.Колумб келген.Орталық Американың аралдарын, Саргасс теңізін, Ориноко өзенінің сағасына дейін келген

2.Америго Веспучи 1499 жылы Гвиана және Венесуэла жағалауын жүзіп, Амазонканың сағасына барып, кері қайтқан.1501 жылы Бразилия жағалауына жағалауына барып «Қаңтар өзені»Испанша Рио-де-Жанейро деген ат берді

3.XI. ғасыр Ф.Магеллан Оңтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай жүзген

Фрэнсис Дрейк отты жер аралының батысымен оңтүстікке жүзіп, Тынық және Атлант мұхиттарын жалғап жатқан бұғазды тапқан

4.XYIII.Александр Гумбольт француз ботанигі Бонпланмен материктің табиғатын зерттеп геологиялық картасын жасаған, Анд тауларын зерттеген

5.Орыс климат зерттеушісі А.И.Воейков 1874 жылы Оң-к Американың климатын зерттеді

6.1932-33 жылдары орыс ботанигі Н.И.Вавилов материктегі ежелгі егіншілік орталықтарын анықтады.Мәдени өсімдіктердің: картоп, жүгері,қызанақтың отаны Оңтүстік Америка екендігін дәлелдеген.



IІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Қоныстану және игерілу тарихы
2. Елдерді топтастыру

Солтүстік Америка жерінде осыдан шамамен 40 мың жыл бұрын Азияның солтүстік-шығысынан қоныс аударушылардың алғашқы легі келді.Қазіргі Беринг бұғазы орнында

болған құрлық көпірі арқылы өткен олар алғашында Аляска түбегі мен дала зонасына дейінгі аумақты мекендеген. Алғашқы қоныс аударушылар құрлықта аң (мамонт,қойөгіз,аю) аулап, терімшілікпен күнелткен.Осыдан 25мың жыл бұрын Азиядан қоныс аударушылардың екінші легі келіп жетті.Сонымен америкалықтардың саны артып тілдік құрамы күрделене түсті.

Америка құрлығына тарай орналасқан тайпалар көбінесе бір-бірінен оқшау өмір сүргендіктен олардың сыртқы пішіндерінде,өмір сүру салтында ғана емес , тілдік құрамындада үлкен айырмашылықтар болды.

Солтүстік Американы мекендеген үндістер арасында саны жағынан басым болған алгонкиндер аңшылықпен және балық аулаумен қолөнермен шұғылданған.Олардың «вигвам» деп аталатын лашықтары мен өте жеңіл қайықтары жалпы үндістердің символы болып табылады.Ұлы көлдер маңын мекендеген алгонкиндерді кейде ормандық тайпалар деп те атаған.

Олар жергілікті табиғат ресурстарын өз қажеттеріне тиімді пайдалана білген: үйеңкіден қант алуды осы тайпалар ойлап тапқан.

Қазіргі Мексика жерінің солтүстігін ержүрек апачи тайпалары мекендеген.Осы аймақ тұрғындарының ата-бабалары болып есептелетін пуэбло тайпалары жартастан көп қабатты үйлер қашап салып , суармалы егіншілікпен айналысқан.Мексика шығанағы жағалауының ежелгі тұрғындары ольмектер шаруашылық-мәдени дамуы жөнінен кейінгі өркениеттерге бастама болған.

Америка жерінде ацтектер, майя және инктер құрған аса ірі үш мемлекет болды.

Орталық және Оңтүстік Америкада ,қазіргі АҚШ-тың оңтүстігінде байырғы халықтардан «босаған» жерлерде әртүрлі дақылдардың плантациялары

орналастырылып , мұнда жұмыс шстеуге XVI ғасырдан бастап миллиондаған африкалықтар тасыла бастады.Ұлан-ғайыр помещиктік жер иеліктері-

латифундияларда құл еңбегі пайдаланылды.Осылайша шаруашылықтың бұрын болмаған саласы- плантациялық шаруашылықтың негізі қаланды.Канада мен АҚШ жерінде басым болған ағылшындар мен француздар Атлант мұхиты жағалауы мен ірі өзендер бойында қалалар мен порттар салды; ішкергі аудандарда фермерлік шаруашылықтар , тау-кен орталықтары пайда болды. Фермерлік шаруашылықтарда жалдамалы жұмыс күші пайдаланып ,механикаландыру мен мамандануға көп көңіл

бөлінді.Сондықтан қазіргі кездің өзінде алдыңғы қатарлы елдерде ауыл шаруашылығын ұйымдастырудың бұл түрі басым болып отыр.

Еуропалықтар отарлау Американың мәдени-географиялық сипатын өзгертті.Мұнда нәсілдер мен халықтардың бұрын болып көрмеген араласуы жүріп,мүлде жаңа этностық топтар қалыптасты.

Еуропалықтар+үндістер-метистер,

Еуропалықтар +африкалықтар-мулаттар

Африкалықтар +үндістердің- самбо



Елдерді топтастыру

1.Ағылшындық Америка

2. Латын Америкасы

3.Кескін картамен жұмыс Ағылшындық Америка және Латын Америкасы елдерін астаналарымен кескін картаға түсіру, материктің шеткі нүктелерін жазу



Тест сұрақтары

ІҮ.Өткен материалды пысықтау
1.Үндістерде қандай аңыз бар?

2.Ұлы географиялық ашулардың қандай маңызы бар?

3. «Маис өркениеті» дегенді қалай түсінесің?

Термин сөздермен жұмыс
Вигвам___________________________
Ниагара____________________________
Латифундия_______________________

Самбо_____________________________


Плантация__________________________
Алгонкиндер________________________

Мулаттар___________________________


Суреттертері көрсетіледі
Ү. Оқушыларды бағалау


VI.Сабақты қорыту

Рефлекция

Бүгінгі сабақтан не үйрендім ?
VII. Үйге тапсырма:

§34 оқу


Алматы облысы

Ұйғыр ауданы

«№4 Шонжы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің география пәнінің мұғалімі

Смагулова Жанаргуль Аипбековна
Сыныбы-8

Сабақтың тақырыбы: Мұздықтар және көп жылдық тоңдар

Білімділік: Қазақстан мұздықтары және көп жылдық тоңдар туралы білімдерін қалыптастыру және мұздықтардың маңызын түсіндіру.

Дамытушылық : Оқушылардың географиялық ой-өрісін жоғарылату, таным белсенділіктерін және пәнге қызығушылықтарын арттыру,.

Тәрбиелік: Оқушыларды ынтымақтастыққа, дербестікке, шығармашылық ойлауға және экологиялық тәрбие беру.

Сабақ түрі: Аралас сабақ 

Сабақтың көрнекілігі-Қазақстанның физикалық картасы.сурет,слайд

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру,кестемен жұмыс, тест сұрақтары

Сабақ барысыІ Ұйымдастыру

1.Окушыларды түгендеу

2.Сабаққа дайындау

ІІ Үй жұмысын тексеру

1.Жер асты сулары

А) Жарықшақты типті

Ә)Жарықшақты қат-қабатты типті

Б) Қат-қабатты жер асты сулар типі

В) Грунт(еспе) суы

Г) Минералды сулар

Жаркент Арасан бейне ролик көрсету



ІІІ Жаңа сабақ

Оқушыларға жұмбақ жасырылады.

Жалтырайды сайда Қыста шыны боп қатады

Сынбайтын айна Жылы да су боп жатады

(Жауабы:мұз)



Оқушыларға сұрақтар қойылады

1. Су қандай күйлерде болады?

2. Мұздың қасиеттерін атаңдар.

3. Биіктеген   сайын ауаның температурасы қалай өзгереді?

1. Су табиғатта сұйық, қатты , газ күйінде кездеседі. 2. мұз қатты, суық, мөлдір, кристалдардан тұрады. 3. Биіктеген  сайын ауаның температурасы төмендейді.

Жаңа тақырыптың жоспары:

1. Мұздықтар қалай пайда болады?

2. Қар жиегі дегеніміз не?

3. Тау мұздықтары мен жабынды мұздықтар дегеніміз не?

4.  Мұздықтардың маңызы

Кестені толтыру

Белемін

Білгім келеді

Білдім



















Қазақстан өзендерінің негізгі көздерінің бірі-мұздықтар.Мұздықтар тұщы судың орсан қоймасы.Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы География институтының ғалымдары республика мұздықтарының каталогын құрастырды.Соның нәтижесінде Қазақстанның тау мұздықтарының картасы жасалды.

Қазақстандағы жер беті ағын суы қорының негізгі көзі – мұздықтар суы. Таулық өңірлерден жалпы ауданы 2033,3 км²-лік 2724 мұздық анықталды (1985). Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы (1000 км²-ден астам) Жетісу Алатауында (мұздық аумағы 1369 км²), қалғаны Іле мен Күнгей (610,7 км²), Теріскей (144,9 км²) Алатауларында, Алтай мен Сауыр жоталарында (106,2 км²), Қырғыз және Талас Алатауларында (101,5 км²).

Талы бөлікте мұздықтар типтерінің 3 түрлі негізгі топтары бар

Тегістелген төбе

Тау беткейлерінің мұздықтары

Аңғарлық мұздықтар



Осылардың ішінде көбірек таралғандары (жалпы мұздықтардың 66%-ы) аңғарлық мұздықтар. Аңғарлық мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын (әсіресе таулы өңірлерін) зерттеуге аса зор ұлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің есімдерімен аталған. Іле Алатауындағы Талғар массивімен байланысты күрделі аңғарлық '''Корженевский мұздығы''' – Қазақстандағы аса ірі мұздық болып саналады: ұзындығы 11,7 км, ауданы 38,0 км², мұзының жалпы көлемі 6,32 км3. Аңғарларда және аңғарлық беткейлерде қалыптасқан мұздықтардың көпшілігінің қалыңдығы 50 – 100 м, ал таудың жоғары беткейлеріндегі мұздықтардікі 10–30 м.

"Алтай мұздықтары"



Мұздықтардағы мұздың жалпы көлемі 100 км3. Мұз басудың төменгі шекарасы мен фирн (мұзқар) сызығының (мұз шоғырының көбеюі кезіндегі жоғарғы және еріп азаюы кезіндегі төменгі бөліктері арасындағы шегі) абсолюттік биіктігі солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа карай арта түседі. Егер де Алтайда бұл көрсеткіш 2500–2800 м болса, Тянь-Шань тауында 3500–3800 м. Бұның өзінде оңтүстік беткейлерге қарағанда солтүстік беткейлердің шекарасы 200–250 м төменірек жатады. Қазақстан мұздықтары негізінен тым төмен температуралы келеді. Әсіресе, мұздың үстіңгі 12–15 м қабаты қыс кезінде қатты суынады. Жаз маусымында мұздың 1 м-ге дейінгі беткі қабаты 0°С-ка дейін ғана жылынады. Мұз қабатының жұқалығына, температурасының төмендігіне және жылдық жауын-шашынның шамалы түсуіне байланысты мұздықтар жылына 50–70 м-ге дейін төмен қарай баяу жылжиды. Мұздықтардың абляциялық (еру және булану процесінің) маусымы қалыпты жағдайларда 2–2,5 айға созылады. Абляцияның көп жылдық орташа мөлшері 1 м шамасында. Мұздық суы – тау өзендерінің толығу көзі. Әр тау өзені ағынының басталар жеріндегі суының 85%-ы, жазыққа шығар бөлігіндегінің 35%-ы мұздық суының үлесіне тиеді.

"Тянь-Шань мұздықтары"

Республика мұздықтары тартылуда. Кейбіреуінің ұзындығы жылына 5–20 м-ге, ауданы 1000 м2, мұз қоры 0,05– 0,1%-ға кемуде. Қазақстанның таулық бөлігінде ауданы 20000 км²-дей көп жылдық тоң белдемі қалыптасқан; оның төменгі шегі Алтайда 2000 м, Сауырда 2300 м. Жетісу Алатауында 2800 м және Тянь-Шань жоталарында 3000 м-ге дейін төмендейді.

Кестемен жұмыс

Таудың аты


Қар сызығының орташа биіктігі

Тянь-Шань тауы


3800м






ІV Жаңа сабақты бекіту

1.«Қар жиегі» немесе «қар шекарасы» дегеніміз не ?

2.Таулы бөлікте мұздықтардың қанша типі бар ? Олады ата

3.Көп жылдық тоңның таралған аудандарын ата?



Кескін картамен жұмыс

V.Бағалау кезеңі

VI. Сабақты қорытындылау

Бүгінгі сабақтан не үйрендім?



VІ I. Үй тапсырма беру

34- тақырыпты оқу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет