Сабақтың тақырыбы : Ана тілінің қызметі Сабақтың мақсаты



бет10/10
Дата15.09.2017
өлшемі1,63 Mb.
#32498
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика нақыл сөздер

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

2.Қосарлану арқылы жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

3.Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

4.Тіркесу жолымен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Тіл мәдениеті дегеніміз - сыпайы,ізетті,сауатты сөлей білу мен жаза білу және сөзді дәл айта білу,оны орнымен,әсерлі етіп қолдана алу шеберлігі.Халықтың ұшан-теңіз сөз байлығының ішінен ең қажетті,ең ұтымды тілдік құрамдарды таңдап алып,оларды айтылмақ ой мен мәтіннің мазмұнына,мақсатына сай етіп тіркестіре алу білгірлік пен шеберлікті қажет етеді.Мәтінді жүйелі түрде мазмұндай алу да тіл мәдениетіне жатады.



Кітаппен жұмыс: Әсем әннен ғажап ләззатты үн шығар,

Ойы сергек жан оны ұғынар.

Бар сезіміңді қозғар ән-күйге

Жастар,тілімді ал,бол құмар.

Үн сырын ұғар адам аз,

Айғайға құр болар мәз.


Мәтіндегі ой қандай тәсілмен берілген? Пікірлеріңді дәлелдеңдер.
Жаттығумен жұмыс: Төрт түлік малды төлінен бастап өсу ретімен атап көріңдер.Төрт түлікке қатысты өздерің білетін кәсіби сөздерді,Диалетілерді айтыңдаржәне тиым сөздерді теріп жазыңдар.

Үлгі . құлын,тай,құнан,дөнен,бесті,ат.

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 396-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қою арқылы мақал-мәтелдерді қалпына келтіріп жазыңдар.


5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і
Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту

Сабақтың мақсаты: тіл тазалығын,тіл байлығын,тіл өткірлігін түсіндіру,дүниетанымдарын кеңейтіп,рухани байлықтарын арттыру,дана,дара тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: ой толғау.

Көрнекілігі: Қазаққа сөз дарыған.

Бір сөз үшін семіріп,

Бір сөз үшін арыған (плакат);

Бағдаршам суреті(плакат);Керемет атты бүктеме;

Септіктер әлемі;

Барысы: І.Ұйымдастыру.

Оқушылардың сабаққа қатысуы.

ІІ.Жаңа сабақ.

а) Сабақтың тақырыбы,мақсаты,тәрбиелік мәніне тоқталу.

ә) Кіріспе.Алғы сөз

Ата-баба тарихы жол емемс пе!

Ата-баба ізі сөз емес пе!

Қазақтың жері ұлан-байтақ емес пе!

Қорғаған бәрін ар мен намыс емес пе!

Жеткізген бізге хан мен билер емес пе!

Мұра сөз өнері емес пе!

Сөз тәңірден емес пе!

Тегі ақыл емес пе!

Ұлылық – құлдық емес пе!

2030.Шәкіртім,5 – сынып сенікі емес пе!

Мен! Шәкіртім кезекті бердім емес пе!

Бағдаршам алдыңда емес пе!

«Бағдаршам! Бабалар сөзі емес пе!

Сөз ақылдан емес пе!

ІІІ. «Бағдаршам» бойынша үлестірмелі суретті 10 оқушы тауып,салады.

IV. Жүйесін тауып айтылған сөз жүрекке жетіп,жүйкені босатады.Ана тіл – мәдениеттің алғы шарты,дұрыс сөйлей білу.Сөз кезегі шешендерде.

1 оқушы. – Ең құдіретті нәрсе не: - Бір ауыз сөз.

- Сөзден «тәтті» нәрсе жоқ (айым,ботам,күнім,жаным ...)

- Сөзден «ащы» нәрсе жоқ (оңбаған,жексұрын,сүйкімсіз ...)

- Сөзден «жеңіл» нәрсе жоқ (қалжың,қойшы ...)

-Сөзден «ауыр» нәрсе жоқ (жетесіз,тексіз ...)

Ақылыңды,сөзіңді ақылсызға қор етпе,ақылдыға айт.

Не сөйлейтініңді біл.

Кімге сөйлейтініңді біл.

Қай жерде сөйлейтініңді біл.

Қалай сөйлейтініңді біл.

2оқушы. Бабама

Тілім дінім болатын!

Дінім бабам болатын!

Бабам дана болатын!

Данам дара болатын!

Дарам рух болатын!

Рух кием болатын!

Кием атам болатын!

Атам қазақ болатын!

Қазақтан мен болатын!

3 оқушы.


Қазақ: әрі дана,әрі дара,

әрі ақын,әрі ойшыл

әрі көсем, әрі батыр,

әрі шешен болатын!

Менде! Осы тектің қаны болатын.

V. Бабаларымыз дана,дара болған.Ұрпақтарының дүниетанымдық деңгейін көтеруге ауыз әдебиетін «мұра» етіп қалдырған.Кезекті жаңылтпаш әлеміне береміз.Кім тез?

Торта қойдым

Орта қойдым

Орта қойдым

Жорта қойдым,т.б.

Шарты: Әркім өзі білетін жаңылтпашын айтады.Екіншісі қайталайды.

VI.Кім тапқыр? Септіктер әлемі ортада.

А.Ақыл азбайды,білім тозбайды.

І.Шешеннің сөзі – мерген.

Шебердің көзі – мерген.

Б.Атаға қарап ұл өсер.

Т.Көпті сөкпе,кенді төкпе.

Ж.Құста сүт жоқ,жылқыда өт жоқ.

Ш.Ерлік тәрбиеден туады.

К.Көппен көрген ұлы той.

VII.Бабаларымыз бір сөзге көп мағына берген.Сөздер де сөйлейді. «Тіл құдіретіне» көңіл бөлейік.

«Тілді қадірлеу» дұрыс сөйлеуден.

Сөз анасы – құлақ(айту,есту,жазу,көру,тоқу).

Су анасы – бұлақ(терең-білім,кең,байлық,кен)

Дін анасы – ұят(арлы,иман,иба,ізет,жол).

Жол анасы – тұяқ(ұрпақ,шәкірт)

Билер сөз қадірін түсініп,аялаған.

Төле,Қазыбек,Әйтеке билер.Сөзбен ел басқарып,дау шешкен ... Тілін(діл,дін,дін білмеген түбін білмейді.Қазақ «Аталы сөз – баталы сөз) дегенде,осы дұрыс сөйлеуді айтқан.

VIII. Ата-бабамыз дұрыс сөйлеп,адал жүрген.

(Бізде бәрі керемет.Керемет бүктемені пайдаланып,керемет сөйлеп,мақал-мәтел құрап, сөздер айтамыз).

Ұя суреті.Ұяда не көрсең ...

Теңіз суреті.Білім – теңіз ...

Нан суреті.Арпа,бидай ас екен ...

Кітап суреті.Кітап – білім бұлағы ...

ІХ.Сабақты пысықтау.Лингвистикалық ойындар. а) «сөз – бабалар аманаты».

«Баба» деген сөзге фонетикалық талдау жасайық.

Б – дауыссыз дыбыс,ұяң.

А – дауысты дыбыс,жуан.

Біз сан алуан тарих жолдарынан өттік;

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма:Көрікті ойдан көркем сөз тақырыбына мәтін жазу.
5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і
Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту.
Сабақтың білімділік мақсаты: оқушылардың білімін одан әрі дамыту,тереңдету, ізденгіштігінартыра отырып,ой-өрісін кеңейту,тіл байлығын молайту,ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін,сауаттылығын арттыру,шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттер дамыту,ізгілікке,ынтымаққа халықтық педагогика негіздеріне баулу,өзара сыйластық,достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:іздендіру,салыстыру,проблема қоя іздену,диалогты ойын түрлері,мәтін құрастыру.

Сабақтың түрі: танымдық,жарыс,тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер,сызбалар,топ аттары жазылған плакат.

Сабақтың барысы. І Ұйымдастыру.

ІІ. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Тіл патшалығы елінде» деп аталады.



Сабақтың эпиграфы: «Тілдің қадірін білмеген,Кімнің қадірін білген?»

Тіл ұстарту сабағы тілінен өтіп жатқан лексика тарауына арналады.Қазақ тіліндегі сөз,оның мағынасын зерттейтін саланың қыр-сырын меңгеру-мақсатымыз.Сабақ топтық жарыс түрінде өтеді.Жарысжеті айналымнан тұрады.

І топ «Тілшілер»,ІІ топ «Тапқыштар», ІІІ топ «Шешендер».

І. Топтың аты – «Тілші,

Кәне,тауып білші.

ІІ.Тобымыз біздің – «Тапқыш»,

Білейік кім айтқыш?

ІІІ.Аталған топ – «Шешен»,

Не болса да шешем!

1-айналым.Топтық тапсырма.Әр топқа тірек сөздер беріледі.Сол сөздер қатысқан мақал-мәтел айту.

І. «Тілші: қазан,су,қой.

ІІ.»Тапқыш»: үй,қыс,мысық.

ІІІ. «Шешен»: тон,көз,тауық.

2-айналым.Балалар,қазақша ай аттарын жатқа білеміз бе?Кәне,енді «Жаңылдырсаң да жаңылмаймын» ойыны арқылы білім сынаймыз.

Тақтаға жазылған қате атауларды дұрыс жазып шығу.

І. «Тілшілер» - а) ҢАҚАРТ ә) ПАҚНА б) УАРЗЫН в) РЫММА

ІІ «Тапқыштар» а) МЫСУМА ә) РКҮҚЫЙКЕ б) АРҚАША в) ЗАҚАН

ІІІ «Шешендер» - а) ЛЕЖСАНТОҚ ә) МАЗЫТ б) ДЕЛІШ в) СУІРӘ

3-айналым.Топтық тапсырма.Үлестірмелі парақша суырып,тақтаға жауабын жазу.

І. «Тілшілер» - Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын жазу.

а) Ит арқасы қиянда –

ә) қоян жүрек –

б) тісінен шығармау –

в) бармағын тістеу –

ІІ. «Тапқыштар» - Жеті,үш,тоыз сөзі қатысқан қандай тіркес,қандай халықтың ырым-тыйымы бар?

Мысалы: жұт жеті ағайынды,жеті шелпек,жеті күн,жетісін беру,ер кезегі үшке дейін,тоғыз тоқырау,жеті қазына,жігіттің үш жұрты,т.б.

ІІІ. «Шешендер» - Тыйым сөздердің мәнін түсіндір.

«Бүйіріңді таянба,түнде суға барма,тізеңді құшақтама,үйге жүгіріп кірме»,т.б.

4-айналым.Сурет бойынша әңгіме(мәтін).Төрт түліктің,жыл мезгілдерінің суреттері ілінеді.Суреті пайдалана отырып,тақырыпқа қатысты мақал-мәтел,тұрақты тіркестер жазу.

5-айналым. «Кім тапқыр» ойыны бойынша мақалдарды антонимдермен толықтыру.

І. «Тілшілер». а) Ненің ...қыс түскенде білерсің,

Кімнің іс түскенде білерсің.

ә) Ашу ..., ақыл- ...

б) ... сөз – көмір, ... сөз – алтын.

ІІ. «Тапқыш».Шаш,қас,бақ сөздері омоним болатын сөйлемдер құрау,осы қатысқан мақалды айту.

Мысалы.а) Әйелдің шашы ұзын,ақылы қысқа.

ә) Қасың берген асты дұшпан көрме.

б) Бақ – ұзатылған қыз.

ІІІ. «Шешендер».Табу,эвфемизм,дисфемизм аралас мәтін құрап әңгімелеу.

Үлгі: Менің былттыр ағам үйленді.Жеңешем бәрімізге ат қойды.Мені «Кішкенем»,інім «Шырақ»,сіңілімді «Шырайлым» деп атап кетті.

Ағайымның үлкен ағалары мен жеңгелерін де атымен атамайды. «Үлкен үйдегі қайнаға»,

«Жеделдес қайнаға», «Әнші жеңгем», «Үндемес», «Әкім абысын» деген аттары бар.Жеңешем о дүниелік болған адамдардың да атын тергейді.

Жақында жеңешем бәрімізге қуаныш сыйлайды.Біздің жанұя атұстатар мен шайқұяр бөпелермен толықты.Мен жеңешеме дән ризамын.

Осы мәтінде табу,эвфемизмдер бар.

6-айналым.Топ басшыларынатапсырма.

«Сөзтізбек ойыны».Шарты: әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздер тізбегін жасау.2минут уақытта 10 сөз жазып шығу.

7-айналым.Сабақ эпиграфына жауап ретінде.

«Тіл қадірін білмеген,Ел қадаірін білер» - тақырыбына ойтолғау жазу.

Сонымен сабақтың қорытындысынды үш топтың оқушыларының бағасы бағалау парақшалары бойынша шығарылады.Ең жақсы жауап беріп,белсенділік көрсткен әр топтың үш оқушысына «Озат тілші», «Тапқыш ұлан», «Зерделі шешен» атағы табыс етіледі.

Оқушылар құраған мәтіндер



Жаз

Жазда аспан айналып жерге түскендей болады.Бұл кезде адамдардың жаны жаз,көңілі көктем болады.Ми қайнтар ыстықта жаныңды қоярға жер таппайсың.Күн ұясына қонған кезде ғана жаның жай табады.

Жан-жануар да,жәндіктер де демалыс күйіне енеді.
Қыс

Қыс мезгілі қаһарлы.Күннің қабағынан қар жауып тұрады.Ақ қар,көк мұзда түкірігің жерге түспейді.Қыс – қатал сыншы.Қысқа дайындықты көз ілмей жасаған жөн.


Күз

Күз жылауық.Аспан лезде түнере қалады.

Ас атасы – нан.Кірпік қақпай күзеткен астық қамбаға сыймай жатады.Береке мезгілі күзде жатыпішерлік жараспайды.
Көктем

Нағыз жан жадыратар кез – көктем.Ағаштарға жан бітеді,жапырақ жаяды.Жерге жасыл кілем төсегендей.Күн күліп,көк аспан шуағын төгеді.Май тоңғысыз жылылық басталады.Шаруа бір қолын екі ете алмайды.Түн ұйқысын төрт бөліп еңбек еткен шаруа еңбегін бағалай біл.


Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма:
5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і

Сабақтың тақырыбы: Білімді бекіту

Сабақтың мақсаты: білімділік –оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы білімдерін бағалау,біліктілік деңгейлерін байқау; дамытушылық – оқушының пәнге қызығушылығын арттыру,білім алуға деген саналы көзқарастарын,танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру,өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру; тәрбиелік – іс-әрекет,мақсатқа жету әдіс-тәсілдерін таңдай білуге,өзін-өзі бағалай білуге дағдыландыру,достыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:қайталау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: қайталау,дамыта оқыту,тест,сұрақ-жауап,топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар,кеспе қағаздар,бағалау парақтары,тапсырмалар жазылған көрнекі плакаттар.

Сабақтың барысы.І.Ұйымдастыру кезеңі: а) кабинет жағдайы(кабинет ауасының тазалығы,бордың болуы); ә) оқушыларды түгелдеу,журналға белгі соғу; б) оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ.Кіріспе бөлім. «Қазақ тілі» сөзіне топтастыру жасау. (5-сыныпта алған білімдері бойынша)


дауыссыз

дыбыс

дауысты

сөздік қор

мақал-мәтел

Қазақ тілі

екпін

лексика

Тұрақты тіркес








буын



сөзжасам

тіл білімі

тасымал

фонетика

омоним,синоним,

антоним



ІІІ.Негізгі бөлім.

Мұғалім: - Балалар,бүгінгі сабағымызда қазақ тілі пәні бойынша алған білімімізді пысықтап,өз-өзімізді бағалаймыз.Өздерің оқып жатқан қандай пән болмасын тілден,қазақ тілінен бастау алады.Сендер жоғарыда алған білімдеріңді ауызша қысқа да нұсқа еске түсіріңдер.Ендеше,соны іс жүзінде дәлелдейік.Бүгінгі сабағымыз үш кезеңнен тұрады.

Әр кезеңде екеуден 6 тапсырма бар.Тапсырмаларды орындау барысында «білім шыңына» жетесіңдер деген ойдамын.Білімдеріңді алдарыңдағы бағалау парақтарына ұпай арқылы белгілеп отырасыңдар.

Бағалау парағы

І

ІІ

ІІІ

Ұпай саны

1 2

3 4

5 6



Оқушының аты-жөні




І деңгей.1-тапсырма.

Сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай топтап жазу.

а) Жақсы сөз,жақсы адам,жақсы бала,жақсы ат

ә) Терең сай,терең білім,терең құдық,терең сезім

б) Долы ауыл,долы күш,долы жел,долы адам

в) Әкемнің көзі,қазынаның көзі,терезенің көзі,бұлақтың көзі.

2-тапсырма.Сөздерді орфография ережесіне сай жаз.

Бүгін,сөсіз,келемекен,тайақ,Ешшан,жаш шағында,бүрсігүні,жұмышшы.



ІІ деңгей. 3-тапсырма.Тиісті ұ,ү,ы,і әріптерін қою.

Ұз...н, құр...қ, б...рс...г...ні, күн...зг... ыст...қ, ...нт...мақ, сөзін мақ...лдау,үск...р...кт...ң соғу..., б...лай қарай кетті.



4-тапсырма.Қайсысы мақал,қайсысы мәтел? Мақал-мәтелдің жалғасын тап.

1)Кәрі түлкі қақпанға түспес.Еңбек етсең емерсің.Айдағаны бес ешкі,ысқырығы жер жарады.Әке – асқар тау,ана – етегіндегі бұлақ,бала – жағасындағы құрақ.Екі қораз ен қораға сыймас.

2) Мақал-мәтелді жалғастыр. «Жылы –жылы сөйлесең, ...», «Білгенің бір тоғыз ...»

ІІІ деңгей.5-тапсырма.Тұрақты тіркестердің мағынасын тап.

Бетінен оты шығу ...(ұялу), ит терісін басына қаптау ...(ұрысу).

Көз ілмеу ... (ұйықтамау), тас бауыр ...(мейрімсіз), ит өлген жер ...(алыс).

6-тапсырма.Тест тапсырмасы бойынша жұмыс.

(Парақшаларға алдын-ала жазылған тест тапсырмалары таратылады.)

1) Ауа өкпеден кедергісіз шығып,үннен ғана тұратын дыбыстарды ... дыбыстар дейміз.

а) дауыссыз ә) дауысты б) екпін в) буын,дауыссыз

2) Дауыстыдан басталып,дауыссызға аяқталған буынды ... буын деп атаймыз.

а) ашық ә) тұйық б) бітеу в) ашық,бітеу

3) Қайсысы артық?

өнеркәсіп,ата-ана,Айдар,тасбақа



  1. Тасымалдаудың қайсысы дұрыс?

а)а-ра,о-ю,а-лақан ә) еле-уіш,ара-лас,қа-ра б) АҚ-Ш,Б-Ұ-Ұ в) 1995-жыл,ХХ-ғасыр,25-кг

5) Қатаң дауыссыз қайсысы?

а) б,в,г,д ә) р,л,м,н б) п,ф,к,қ в) а,о,ү,ұ.

Сергіту кезеңі.Жұмбақ шешу

1.Фонетикалық екі ұғым

Бітімен бірі сыбайлас.

Бірі айтылады да естіледі,

Екіншісі жазылады да көрінеді.(дыбыс,әріп)

2.Бір ағашта отыз жеті алма,

Оны алып жемек болсаң,

Он шақтысы еркін өтіп кетеді,

Қалғандары қақтығып барып өтеді.(дауыссыз,дауысты(

3.Оңға қарай оқысаң да бір халық,

Солға қарай оқысаң да бір халық.

Бір буыным – құс

Бір буыным – түс (қазақ)

Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға рналған дидактикалық ойындар

1. «Кім тапқыр» ойыны.Ойынның шарты:тақтаға жұмбақ жасырылған және ту,шар,елтаңбаның суреттері бейнеленген плакат ілінеді.Мұғалім жұмбақты оқиды, балалар жауабын суреттерге қарап айтады.

Желбірейді биікте,

Ел белгісі – ол сенің.

Айта қойшы,балақай,



Рәміздегі қай белгің? Жауабы: (ту)

Сабақты қорытындылап,үй тапсырмасы беріледі.

Оқулық соңындағы сынақ тапсырмаларымен жұмыс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет