Сабақты қорытындылау.
Синоним
Мағыеалары
Бір-біріне
жақын
|
Бір ғана сөз табына
қатысты болады
|
Әр түрлі дыбысталып
айтылады
|
Синонмді білу
Тілді байытады
|
Синоним сөздер
Талғампаз.
|
Үйге тапсырма : Синонимдер сөздігінен өзіне таныс емес синонимдер қатарын теріп жазу.
Бағалау.Мадақтау.Қоштасу.
5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Синонимнің жасалу жолдары.
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру
ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу
б) Сөйлеу тілін сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер
Халықтық педагогика Еріншек егіншіден
элементтерін қолдану : елгезек масақшы озыпты.
Пәнаралық байланыс : әдебиет,
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.
1.Омонимдер дегеніміз нен?
2.синонимдердегеніміз не?
3.Сөздің тура және ауыспалы мағынасын қалай түсінесіңдер ?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Қазақ тілі – синонимге өте бай тіл.Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында кездеседі.Мысалы : - зат есімдерден болған синонимдер : өң,түр,келбет,түс,пішін,ажар,көрік,көріғ,әлпет,кескін,рең,дидар,шырай.
сын есімдерден болған синонимдер : салмақты,сабырлы,байыпты,ұстамды ;
етістіктерден болған синонимдер : амандасу,сәлемдесу,есендесу ;
Үстеулерден болған синонимдер ; тез,жылдам,шапшаң,лезде.
Синоним сөздердің мол ірі орынды қолданылуы сөйлеушінің тіл байлығы мол екендігін ғана емес,сонымен бірге оның сөз қолдануындағы талғампаздығын да танытады. Синонимдерді көп білу бір сөзді қайталай беруден де арылтады.
Білімді бекіту : 1.Синонимдер дегеніміз не?
2.Омонимдер дегеніміз не?
3.Мәтін дегеніміз не?
4.Ауызша тіл дегеніміз не?
5.Жазбаша тіл дегеніміз не?
6.Әдеби тіл нешеге бөлінеді?
Үйге тапсырма : 73 –жаттығуды жазып, синоним сөздердің астын сызып келуге беремін.
Бағалау : Оқшылардың ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.
5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Синонимдік сөздікпен жұмыс
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру
ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,баяндау
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар
Халықтық педагогика Отбасы толған жансың,
элементтерін қолдану : Бір-біріңе мейман жансың
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
1.Синоним дегеніміз не?
2.омоним дегеніміз не?
3.Бағалы,құнды,қымбат сөздері омоним сөздер ме,әлде синонимдер ме?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Синонимдік қатарға енетін сөздердің бәрі бірдей бірінің орнына бірі жұмсала бермейді. Өйткені кейбіреулерінің басқа сөздермен тіркесу қабілеті шектеулі болады.Мысалы : биік пен бойшаң өзара синонимдер болғанымен,тау сөзімен тіркескенде бірінің орнына бірі қолданылмайды : биік тау деп айтылғанмен,бойшаң тау деп айтылмайды.Кәрі,қарт деген синонимдердің кәрі сөзі адамға да,малға да қатысты сөздермен тіркесе береді де,ал қарт сөзі, адамға қатысты сөздермен ғана байланысқа түседі : қарт адам деп айтуға болса,қарт жылқы деп ешқашан даайтылмайды.
Сабақты түсіндіргеннен кейін жаттығумен жұмыс жүргіземін.
Білімді бекіту : 1. Синоним дегеніміз не?
2.Омонимдер дегеніміз не?
3.Семіру,сөзінің синонимін тап.
4.Уәде сөзінің синонимін тап.
Үйге тапсырма : 85 – жаттығуды жазып көп нүктенің орнына бір-бірімен синоним болатын сөздерді қойып келуге беремін.
Білімді бағалау : оқушыларға сұрақ қою арқылы білімдері бағаланады.
5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : АНТОНИМДЕР
Сабақтың мақсаты : білімділік - синоним сөздерді бір-біріменсалыстыра отырып,анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру ;
Тәрбиелік – оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге жетелей отырып,халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін бойына сіңір ;
Дамытушылық – топта жұмыс істей білуге,өз ойларын еркін айтуға,оқшының тез қабылдауынажол ашу,өз пікірін айтуға төселдіру,ойлау қабілеттерін аоттыру.
Түрі : аралас сабақ
Әдісі : сұрақ-жауап,топпен жұмыс,тілдік талдау,топтастыру.
Көрнекілігі : плакатта жазылған сөздер,кеспе қағаздар,түрлі-түсті суреттер.
Пәнаралық байланыс : әдебиет,бейнелеу,география,биология.
Сабақтың барысы.Ұйымдастыру кезеңі : а) оқушылардың назарын аудару ; ә) сабақтың тақырыбы,оның мақсат-міндеттерімен таныстыру.
Үй тапсырмасын сұрау.
74,75-жаттығуларды тексеріп шығу.
1) Омоним дегеніміз не? Мысал келтір.
2) Көп мағыналы сөз бен омонимнің айырмашылығы.
3) Синоним дегеніміз не? Мысал келтір.
Жаңа сабақ. Тақтаға көрнекі етіп жазылған плакат ілемін.Онда антоним сөздерді түсіндіру үшін төмендегідей мақал-мәтелдер жазылған.
Үлкенге – құрмет, Әдепті бала – арлы бала,
Кішіге – ізет. Әдепсіз бала – сорлы бала.
Сонымен қатар биік таудың суреті мен аласа таудың суреті,кактус гүлі мен адыраспан шөбін салыстыру арқылы оқушылардан не түсінгендерін және ереже шығару керек екендігі ескертіледі.
Оқушылар : - Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады.
- Балалар, антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды-болымсыздық мағыналары бірдей емес.Оларды былайша салыстырып көруге болады.
Антонимдер Болымды-болымсыз
Жақсы-жаман жақсы-жақсы емес
ал-бер ал-алма
сулы-құрғақ сулы-сусыз
Антонимдер – ойды әсерлі,бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы.Мәселен,ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал-мәтелдердің,жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады.
Тақтамен жұмыс.
89-жаттығу.Мәтінді көшіріп жазып,тірек сөздердің астын сызыңдар.
«Қандай әсем сөйлейді!» деген сөйлем тілдің қандай сипатына байланысты айтылып тұр?
Тез,шебер сөздерінің антаонимдерін тауып жазыңдар.
Тез – жай,шебер – олақ.
Жаңа материалды меңгергенін анықтау мақсатында 4 топқа төрт түрлі деңгейлік тапсырма беремін.
топқа : 1-деңгейлік тапсырма.
Берілген жұмбақтың шешуін шешуін тауып,антоним сөздердің астын сыз.
Үсті тас,асты тас, Аяғы бар,басы бар
Ортасында піскен ас. Арқалаған тасы бар.
(таба нан) (тасбақа)
2 – топқа : 2-деңгейлік тапсырма.Биік,ашық,жаңа,сұлу,жас сөздеріне әр түрлі қолданыста бірнеше антоним сөздер тауып жаз. Мысалы : биік тау – аласа тау, ашық түс – қоңыр түс.
3 – топқа : 3-деңгейлік тапсырма.Сурет бойынша әңгіме құрау (ішінде антоним болуы шарт).
4 – топқа : 4-деңгейлік тапсырма.Берілген тақырыптарға шағын әңгіме жазу немесе өлең шумақтарын құрау (ішінде антоним болуы шарт).
Сергіту сәті. «Кім тапқыр?» ойыны.Мақалдың жалғасын табу
Ашу . . . . . (дұшпан) Ақылдан жақын . . . (дос) жоқ
Ақыл . . . . (дос) Ашудан жаман . . . (қас) жоқ.
Бекіту кезеңі: Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға антонимдердің негізгі белгілерін анықтау тапс-ды.
Ойды бейнелі түрде жеткізеді
|
Мағн-ры бір-біріне
Қрма-қарсы болып келетін сөздер
|
әсерлі түрде
қалды
|
Мақал-мәтелдерде
Жұмбақтарда жарыса қодан-ды
|
Болымды-болымсыздық мағын-ры болад
|
Білімін бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : а) антонимдер(40-бетті оқу); ә) 1,2-топқа 98-жаттығу; б) 3-4-топқа 100-жаттығу.
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Табу
Сабақтың мақсаты :
а) Табу туралы түсінік беру.Оқушыларды қазақ тіліне қызықтыру.бір-біріне көмектесу қасиетіне тәрбиелеу ;
ә) Адам баласында кездесетін түрлі қылықтардан аулақ болуға,оларды сынай білуге үйрету.
б) Оқушыларды саналылыққа,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу,балалардың таным белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,талдау,тіл дамыту,жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,кітаптар т.б.
Халықтық педагогика мақал-мәтелдер
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Өткен сабақтар бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Синоним дегеніміз не? 2.Омоним дегеніміз не?
3.Антоним дегеніміз не? 4.Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
5.Мәтін дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Табу негізінен этнографиялық ұғыммен байланысты.Мифтік наным бойынша атын тура айтуға тиым салынған сөздер тіл білімінде табу деп айтылады.Мұндай тиым салынған сөздер дүние жүзіндегі халықтардың көпшілігінде кездеседі.Бұл әдет әсіресе түркі халықтарының,оның ішінде қазақ халқының тұрмысында көп тараған.
Қазақтың ескі әдет-ғұрыпы бойынша келін болып түскен қыз күйеуінің туған-туыстарын өз атымен атамайтын болған.
Солардың әрқайсысына жақындықжолына,жаының үлкен –кішілігіне қарай лайықты атқоюға тиісті болған.Мәселен,қызға шырайлым,еркежан,бикеш десе,ұлға шырақ,мырза жігіт,төре жігіт т.б. деп атаған.
Осы ретпен абысын-ажын,,қайын-қайнаға,ата-ене,нағашы-жиен,тіпті жиеншарларға деінат қойып шығатын болған.
Қазақ тіліндегі табудың ендігі бір түрі қатал табиғи құбылыстарға,жыртқыш аңдар мен қауіпті жәгдіктерге,түрлі ауруларға байланысты қалыптасқан.Мысалы : жай түсудің апатынан сақтанып,жайдың атын атамау үшін «жасыл» деп атаған.
∆ Жаңа сабақты түсіндіргеннен кейін жаттығумен жұмыс жүргіземін.
∆ Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
Білімді бекіту : 1.Табу дегеніміз не? 2.Жаңа түскен келіндер қайын сіңілілеріне қандй ат қойған?
3.Табу сөздері қай халықта көп тараған?
Үйге тапсырма : Үйге 103-жаттығу.
Білімді бағалау : Оқушылардың ынталарына қарай білімдері бағаланады.
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Тыйым сөздер
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушыығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ;
ә) Сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп шапшаң ой қорытуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.
б) Оқушыларды саналылыққа,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу,балалардың таным белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,кітаптар т.б.
Халықтық педагогика Ас қайырмай дастархан басынан тұрма
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Өткен сабақты қаншалықты меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Табу дегеніміз не? 2.Лексика нені зерттейді?
3.Антоним дегеніміз не? 4.Фонетика нені зерттейді?
5.Мәтін дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Тиым сөздердің мәнін түсіндіремін.
1.адамға саусағыңды шошайтпа 2.адамды санама. 3.Тамақты асығысып ішпе
4.Ас қайырмай дастархан басынан тұрма. 5.Ауруға күлме 6.Әдепсіз болма
7.Бас киімді айналдырып киме 8.Босағаға сүйенбе 9.Бір қолмен нан үзбе.
Сабақты түрлендіру: ( топпен жұмыс )
Мына сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздрді теріп жазу.Сөз мағынасын ашу.
Қолқанат ішік есен түс
тымақ қыран балық күрек
нағашы шұлық қысым ұршық
Сабақты бекітіу . Бірнеше тиым сөздердің мағынасын түсіндіремін.
Үйге тапсырма : Үйге біраз тиым сөздер теріп жазып келуге беремін.
Бағалау :Сабақ соңында оқушылардың білімдері бағаланады.
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Дисфемизм
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;
ә) Әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік беріп,өзінше ой қорытуға,ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным – түсініктерін дамыту ;
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар
Халықтық педагогика Бейнет түбі - зейнет
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы тексеремін.
1.Табу дегеніміз не?
2.Қандай тиым сөздерді білесің?
3.Омоним дегеніміз не?
4.Синоним дегеніміз не? 5.Антоним дегеніміз не?
6.Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
7.Лексика нені зерттейді?
8.Мәтін дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Кейде бір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу естіледі,көңілге жағымсыз тиетіндей сыңайы байқалады.Мұндай жағдайда олар басқа сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырылып айтылады.Бұл құбылыс тілде эвфимизм деп аталады.Эвфемизм әдепті,сыпайы сөйлеу мақсатынан шыққан.Мысалы, «мылжың» деудің орнына «сөзуар»,өтірік айту дегеннің орнына «қосып айту», «ұрланды» дегеннің орнына «қолды болды», «ұрлық жасамау» дегеннің орнына «ала жібін аттамау» деген сөз тіркестері қолданылады.
Білімді бекіту : 1.Эвфемизм дегеніміз не?
2.Дисфемизм дегеніміз не?
3.Екеуінің қандай айырмашылығы бар?
Үйге тапсырма : 106-жаттығуды Төмендегі сөздерді эвфемизммен ауыстырып жазыңдар.Әдепті сөйлеуді үйреніңдер.
Ұры,өсекші,боқмұрын,қырт,саңырау,соқыр,ақсақ,мылқау,топас,жынды.
Бағалау : Сабақ соңында оқушылардың білімдері бағаланады.
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Эвфемизм мен дисфемизмнің әдеби тіл ерекшелігі
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру ;
ә) Болашақ ұрпақты имандылыққа,салауаттыққа тәрбиелей отырып,халықтық дәстүрді жүрегіне ұялату,танымдық деңгейін көтеру,ауызекі сөйлеуге,әңгімелей білуге үйрету,сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру ;
б) Қазақ халқының өнерімен таныстыру,халық өнерін бағалай білуге тәрбиелеу,отансүйгіштікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар
Халықтық педагогика нақыл сөздер
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.
1.Эвфемизм дегеніміз не 2.Дисфемизм дегеніміз не?
3.Табу дегеніміз не? 4.Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
5.Антоним дегеніміз не? 6.Синоним дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Перифразаның ерекше бір түрі-эвфемизм.Өтірікші - аузының желі бар;ұры – қолының жымқырмасы бар;
Ұрлық қылмайды – біреуің ала жібін аттамайды;ұрлану – қолды болду;өлді – қайтып кету,жан тәсілім қылу .
Эвфемизмдер осылайша әр-түрлі себептермен астарланып айтылады.Яғни жағымсыз қылықтарды сыпайылап жұмсартып айтуды көздейді.
Жалпы тілдік эвфемизмдердің негізінен анайы,тұрпайы сөйлеуден сақтандырып,сыпайы болуға баулитыны байқалады.
Ал дисфемизмді мәдениетті адамдар сөйлемейді.
Тақтамен жұмыс: Эвфемизм мен дисфемизмге бірнеше сөйлемдер құрап жазады.
Бүкіл оқушылармен жұмыс :
Үріп ауызға салғандай,жүрек жұтқан,жұмыртқадан жүн қырыққан,қу бстан қуырдақтық ет алған т.б.
Осы берілген тұрақты тіркестедің қайсысы жағымды,қайсысы жағымсыз екенін айтып мағынасын түсіндіріп сөйлем құрайды.
Үйге тапсырма : іске сәт,ұтты болсын,оң сапар,қырық жілік болғыр,сеспей қат,жер жастанғыр,мұратқа жет.
Осы тіркесті сөздерді қайсысы дисфемизм екенін ажыратып жазып келуге беремін.
Бағалау: Оқушылардың білімдері бағаланады.
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Тұрақты тіркестер
Сабақтың мақсаты :
а) Тұрақты тіркестер туралы түсінік беру.Ауызша,жазбаша талдау жұмысын жүргізіп,теориялық білімін бекіту,оқушыларды дұрыс сөйлей білуге,сауатты жаза білуге іздендіре отырып нәтижеге өз беттерінше жетуге үйрету ;
ә) Ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту,ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп өздеріне сенімдерін арттыру ;
б) Сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу,топпен жұмыс жүргізіп,бір – бірін тыңдай білуге үйрету,сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,кітаптар,мақал-мәтелдер жинағы
Халықтық педагогика көппен көрген ұлы той
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.
1.Эвфемизм дегеніміз не? 6.Синоним дегеніміз не?
2.Дисфемизм дегеніміз не? 7.Мәтін дегеніміз не?
3.Табу дегеніміз не? 8.Зат есім дегеніміз не?
4.Омоним дегеніміз не? 9.Сан есім дегеніміз не? 5.Антоним дегеніміз не? 10.Сын есім дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Бірнеше сөзден құралып,бір ғана ұғым беретін бір-біріне ажыратуға келмейтін,басқа сөзбен тобын жазбасынан барып байланысатын тіркесті тұрақты тіркес дейді.
Тұрақты тіркестер идиомалық тіркес және фразалық тіркес болып екіге бөлінеді.
Фразалық тіркестер : Ата жолын қуу,табан ақы маңдай тер,мидай дала,тепсе темір үзетін т.б.
Идиомалық тіркестер : жел аяқ, өгіз аяң,ұзын құлақ.мақтамен бауыздағандай,қырық пышақ,қол жаулық,әпер-бақан,қой аузынан шөп алмас,мұртын балта кеспейді.
Кітаппен жұмыс : Мәтіндегі тұрақты тіркесті тауып,мағыналарын айтып астын сызады.
Топпен жұмыс : Бірнеше тұрақты тіркес беремін,мағыналарын ашып,сөйлем құрайды.
1.Белінен бесік табы кетпеген.
2.Су жүрек
3.Ит шөлдеп өлетін жер
4.Үріп ауызға салғандай
5.жүрек жұтқан
6.Ит екеш иттен де бір сүйек қарыз.
Білімді бекіту : 1.Тұрақты тіркес дегеніміз не?
2.Тұрақты тіркес нешеге бөлінеді?
3.Идиомалық тіркес дегеніміз не?
4.Фразалық тіркес дегеніміз не?
Бағалау : Жауаптаына қарай оқушылардың білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : үш-төрт тұрақты тіркестерге сөйлем құрап келуге беремін.
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і
Сабақтың тақырыбы : Фразеологиялық тіркестер
Сабақтың мақсаты :
а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;
ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;
б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар
Халықтық педагогика сақтықта қорлық жоқ.
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.
1.Эвфемизм дегеніміз не? 4.Мәтін дегеніміз не?
2.Дисфемизм дегеніміз не? 5.Эвфемизм мен дисфемизмнің әдеби тілдеен айырмашылығы неде?
3.Табу дегеніміз не? 6.Омоним дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |