Қазақ тілі 2-сынып Дара және күрделі етістік
Алматы облысы
Панфилов ауданы
Көктал ауылы
Көктал орта мектебі
Темірбаева Сағыныш Нүсіпханқызы
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістік
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға етістіктің дара және күрделі болып ьөлінетінін, күрделі етістіктер екі, үш сөзден құралып, құрамындағы сөздердің бөлек жазылатынын меңгерту.
Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сөздер арқылы тіл байлығын, сөйлеу дағдылрын жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқытудың өмірмен байланысын нығайту. Шыдамдылыққа, сауаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ
Әдісі: Сұрақ-жауап, салыстыру, талдау.
Формасы: Жекелей, жұптық, фронтальды.
Көрнекілігі: Суреттер, сызба, ойындар.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
-Егер көңіл-күйлерің жабырқаулы болса, жұдырығымызды жұмып, бұлтты көрсетеміз, ал егер көтеріңкі болса алақанымызды ашып, күнді көрсетеміз.
-Біз қолымызбен не істедік?
-Қолымызды жұмдық, аштық , яғни іс-қимыл жасадық.
-Іс-қимылды білдіретін сөз табы қандай?
2. Үй тапсырмасын сұрау
Сурет бойынша әңгіме
3. Бекіту «Бинго » ойыны Сұрақ –жауап
4. Жаңа сабақ
«Буындардын сөз құра» Берілген тем,көк буындарынан сөз құраймыз. Қандай сөз шықты ? Көктем
-Көктемге байланысты суреттер тауып топтастырайық.
-Дәптерлеріңе осы сурет бойынша сөйлем құрап жаз.
-Құраған сөйлемдеріңнің ішінен етістікті тауып, қай түріне жататынын ажырат.
Қорытынды: Дара етістік пен күрделі етістікті қалай ажыратамыз? Күрделі етістік қалай жазылады?
Оқулықпен жұмыс: 380- жаттығу Жұмбақты көшіріп жаз. Етістікті тап.
«Жылдам тап» ойыны . Берілген суретке сәйкес етістіктерді сызба арқылы көрсет.
Жаңбыр ұшады
Кеме гүлдейді
Тікұшақ жауады
Гүл жүзеді
Қорытынды: Етістік қай сөз табымен байланысты? Сөйлемнің қай жерінде кездеседі?
381- жаттығу
-Мынау қандай құс?
-Тоты Тоты туралы не білесіңдер?
-Мәтінді түсініп оқимыз.
-Мәтін не туралы?
-Енді балалар осы мәтінде кездесетін етістіктерді тауып жазамыз.
Сергіту сәті
Күркіреді күн,күн,
Терезелер шың, щың.
Жауады жаңбыр топ- топ.
Шелек – шелек көп, көп!
Жон арқаңды тос, тос,
Күнбағыс, тез өс-өс!
5. Білімдерін тексеру
«Ішінде, сыртында» ойыны Ішкі шеңберге дара етістіктерді, сыртқы шеңберге күрделі етістіктерді қойыңдар.
Жұппен жұмыс: «Сөйлемді аяқта» ойыны 1-нұсқада отырған оқушы нүктенің орнына дара етістікті, 2-нұсқада отырған оқушы көп нүктенің орнына күрделі етістікті қойып жазады.
Арман кітап ...... Айдын футбол ......
Жұптағы оқушылар бірін- бірі тексереді.
382- жаттығу Құйып жүр Сол сөзді қатыстырып сөйлем құра.
6. Қорыту
383- жаттығу Дара және күрделі етістіктерді салыстыр . Ауызша.
Бағалау
7. Үйге тапсырма 384- жаттығу Ереже жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |