Сабақтың тақырыбы : «Қараш-қараш оқиғасы»



Дата26.08.2017
өлшемі80,29 Kb.
#29309
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы -8 Пәні - қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: «Қараш-қараш оқиғасы» повесін талдау

Сабақтың мақсаты: Білімділік: «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятының мазмұнына, кейіпкерлерінің іс-әрекетіне талдау жасай отырып, Бақтығұлдың прототипі Рысқұлдың өмірдегі шынайы бейнесін таныту, жазушының тіл шеберлігіне талдау жасату

Тәрбиелік: Хикаят мазмұны арқылы адамгершілікке, бауырмалдыққа, ұлтжандылыққа, адалдыққа, намысшылдыққа, қайсарлыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын белгілі бір мәліметтер арқылы дәлелдеуін, кейіпкердің іс-әрекеттеріне сай баға бере білуін, өз ойын ашық жеткізе білуін дамыту

Табыстылық критерийлері: 1. Шығарманың мазмұнын толық талдайды,басты кейіпкердің іс-әрекеттері арқылы сол заманның саяси құпиясын ұғынады.
2. Кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне орай баға бере білуде ойлау,сөйлеу қабілеттері дамиды,алған білімін ойымен салыстырады.,
3. Оқушы өз ойын белгілі мәліметтер арқылы дәлелдеуге үйренеді, бірін-бірі оқытады, топтастарының сұрақтарына жауап іздейді, қорытынды шығарады.

Сабақтың әдісі: тұжырым кестесі, пікірлер пирамидасы, терме диктант, автор орындығы, кері байланыс.

Сабақтың түрі: қорытындылау сабағы

Ресурстар: маркерлер, қима қағаздар, үлестірме қағаздар

Сабақтың барысы:



Сабақтың кезеңдері

уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І

Ұйымдастыру кезеңі

3 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

Топқа бөлу: мақал-мәтелдер арқылы оқушылар топқа бөлінеді.



Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.


ІІ

Үй тапсырмасын сұрау

Білу


8 мин.

  1. Тектіғұлдың өлімі

  2. Түнгі жортуыл

  3. Соққы

  4. Жарасбайдан пана іздеген Бақтығұл

  5. Болыстық маңындағы талас

  6. Сатқындық

  7. Қашқын Бақтығұл

  8. Қанды кек

Оқушылар тапқырлыққа, дәлелмен сөйлеуге дағдыланады.

ІІІ

Түсіну

6 мин.

Міне, шығармаға толық талдау жасап біттік, шығарма мазмұнын есімізге түсірдік. Енді осы шығарманың оқиғалар желісіне сүйене отырып, кейіпкерлердің іс-әрекетіне, мінез-құлқына талдау жасайық. Ол үшін «Тұжырым кестесін» толтырамыз. «Тұжырым кестесіне» шығармадағы басты кейіпкерлерді алып отырмын.

1-қатар: Бақтығұл

2-қатар: Жарасбай болыс

3-қатар: Сәлмен бай



Оқушылар дәптерлеріне орындайды.

Тұжырым кестесі

Кейіпкер

Іс-әрекеті

Адами қасиеттері






Соңынан оқушыларға жазғандарын оқытамын.

Оқушылар өз топтарына берілген кейіпкерлерге талдау жасайды.



Бақтығұл: жылқышы, күрескер, еңбекқор, сенгіш, батыл, шыдамды, аңғал, қорғансыз




Қолдану

6 мин.

Ой толғаныс ( Оқушылар шығарма бойынша өз ойларын ортаға салады.)
Пікірлер пирамидасы
Бақтығұл - еркіндікті аңсаған намысшыл қазақ
Бақтығұл - кек алушы күрескер
Бақтығұл - Сәлмен мен Жарасбайдың құрбаны
Бақтығұл - қорғансыз сорлы





ІҮ

Жаңа сабақты меңгерту

Талдау


5 мин.

Мен сөз тіркестерін оқимын, сендер ішінен бір бағанға тек эпитеттерді, екінші бағанға теңеулерді теріп жазасыңдар. Соңынан тексеремін.

Терме диктанты



Эпитеттер

Теңеулер





Қатты қобалжыды, балаша құшақтады, қаңбақтай сезінген, кескен теректей, әлсіз жүзін, кезек көз тастады, Бақтұғұлдың есінде, сотқар бай, қара түн, қаскөй дауыл, інісін іздегенін, сорлы күй, арыстандай арысым, аш қасқырдай бұралып, қой торыған бөрідей, бойы сергіп алған, қараңғы түн, жақсы қабақ, оң шырай, таспен бекіту, бетке соққан қамшыдай, суық жүз, буалдыр күңгірт күз.

Әдеби теориялық ұғым қалыптасады.

Ү

Сабақты бекіту

Жинақтау


5 мин.


«Егер автор орнында мен болсам, шығарманы қалай аяқтар едім?» деген сауалға жауап іздеп көрейік.

«Автор орындығы» оқушы ойларын ауызша сұраймын.



Мұғалімнің қорытынды сөзі
1. « ... Рысқұл оқымаған болғанымен, көкірегі ояу адам еді. Түрменің ұзақ түндерінде баласын ұйқыдан қысып отырып айтқан сырлары зая кетпес. Тұрар енді бір жиырма жылдан кейін әлде бір жазушымен дос болып, өз әкесінің басынан өткен шытырман шындықты оған арман ағысындай етіп айтып берер. Содан барып «Қараш-Қараш »туар (Көрнекті қазақ жазушысы, мемлекеттік қайраткері Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романынынан үзінді)

Бұл үзіндідегі Тұрар -1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысында өмірге келген қазақ қайраткері.

«Бұл өзі Шілменбет руынан шыққан қарапайым қазақ еді. Қара шаруа болса да, рухы күшті, қайраты мол, қажырлы қазақ. Бұл атырапта одан өткен мерген, Іле Алатауын одан артық білетін адам болмаған». (Ш.М. Рысқұл. 192) Ал енді бір суреттейтін жері - Рысқұлдың түрмеден бір рет қашып шығып жасырын жүргенде, түрме басшыларының баласы Тұрарды өлтіреміз деген сөздерін естіп, амалсыздан сол түрмеге қайтып келетін кез. Бұл кездегі Рысқұл кескін келбеті былайша көрінді: «Сол күні сұрғылт іңірде Верныйдың облыстық түрмесінің сұрғылт қақпасын үсті-басы ұсқынсыздау, киім-басы жүдеу, ескі киіз қалпағына шөп шалам жабысып қалқан кеуделі, жазық жоталы, көзі ашулы арланның көзіндей ызғарлы бір адам келіп қақты». (Ш.М.Рысқұл 68) Шығармадағы бас кейіпкер Бақтығұлдың прототипі тарихи тұлға Жылқыайдаров Рысқұл - Тұрардың әкесі.Жастайынан әділетсіздік көрген, патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамаған Рысқұл Жылқыайдарұлы 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді.
Прототип– көркем шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болған өмірде бар адам. Шығармадағы Бақтығұлдың інісі Тектіғұл - Молдабек, баласы Сейіт – Тұрар, Қатша-Тұрардың анасы Ізбайша,Жарасбай болыс – Саймасай Үшкемпіров.

3.1968 жылы «Қазақфильм» мен «Қырғызфильм» киностудиялары бірігіп, «Выстрел на перевале» («Асуда атылған оқ») көркем фильмі түсірілді.

Проблемалық сұрақтарды өмірмен байланыстыра отырып өрбітеді.

ҮІІ

Үйге тапсырма:

1 мин.

Тұрар Рұсқұлов туралы деректер ізденіп келу.

Оқушылар тапсырманы белгілеп алады.

ҮІІІ

Бағалау


3 мин.

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау

Оқушылардың тілектері мен пікірлері тыңдалады.


«Тексерілді».....................................

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет