Алгебра Ашық сабақ
Созақ ауданы А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Әлмағанбетова Салтанат
Сабақтың тақырыбы:Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар тақырыбын қайталау.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Аталған тақырыптар бойынша алған білімдерін жинақтау,бір жүйеге келтіру,математика тілінде сөйлеу.
2.Тәрбиелік: Имандылыққа,жаңа қоғамға сәйкес белсенділікке,жауапкершілікке,өз бетінше оқуға,ізденуге,еңбектенуге тәрбиелеу.
3.Дамыту: Шығармашылық жұмыс істеуге,тез ойлауға дағдыландыру өз жетістігін бағалай білуге үйрету. Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес. Сабақтың әдісі:Жарыс Сабақтың формасы: Саяхат Пәнаралық байланыс: Тарих сабағымен Көрнекілігі:слайдтар
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды екі топқа бөлу. Аялдамалармен таныстыру.
Аялдама: Ысқақ баб кесенесі.
Сұрақтарға жауап беру:
1. Арифметикалық прогрессияның анықтамасын тұжырымдаңдар.
2. Геометриялық прогрессияның анықтамасын тұжырымдаңдар.
3. Қандай сан арифметикалық ( геометриялық ) прогрессиясының айырмасы (еселігі) деп аталады.
4.Арифметикалық прогрессияның (геометриялық прогрессиясының) негізгі қасиетін айт.
5. Арифметикалық (геометриялық )прогрессияның -ші мүшесінің формуласы
6. Арифметикалық, геометриялық прогрессияның алғашқы мүшесінің қосындысының формуласы.
7.Шектеусіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысының формуласы.
8. Шексіз кемімелі геометриялық прогрессия деген не?
2.Аялдама:Баба Түкті Шашты Әзіз
Достарыңызбен бөлісу: |