Миф (аңыз) адамзат баласы дүниетанымының алғашқы формасы, алғашқы қауымдық қоғам адамдарының дүние туралы, әлемге әмір етер сыртқы күштер, яғни құдайлар мен рухтар бейнелері туралы және табиғаттан тыс құбылыстар мен оқиғалар жөніндегі түсінігі, сонымен қатар осылар жайындағы қалыптасқан мифтер (аңыз-әңгімелер). Яғни, миф – алғашқы қауымдық қоғам адамдарының әлем, дүние жөніндегі танымының көрінісі. Мифтерді зерттейтін ғылым саласы мифология деп аталады. Мифтің өзіне тән белгілері:
политеизм (көпқұдайлылық). Мифтің өзі үшке бөлінеді: фетишизм, тотемизм, анимизм.
Фетишизм - (франц. fetichisme, от fetiche — талисман, идол) - көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну. Фетишизм элементтерін бүкіл дүние жүзіндегі мәдениеттерден кездестіруге болады. Мәселен, отқа табыну (отқа май құю, отпен аластау), суға табыну (су иесі Сулеймен), көзмоншақ, тұмар, айға сәлем жасау, көне құдайлар найзағай, күн т.б.)
Тотемизм, тотемшілдік – ру-тайпаның белгілі бір жан-жануарлармен, өсімдіктермен тылсым туыстық байланысы бар деп білген ежелгі наным-сенімі. Бұл атау Солтүстік Америкада тұратын оджибве тайпасының “ототем – оның тегі” сөзінен шыққан. Мысалы, Түркі қағандығы кезеңінде түркілердің арғы тегі көк бөрі деген сенім болды. Қасқырды тікелей өз атымен атамай “ит-құс” деп атауы осының мысалы. Сондай-ақ белгілі рухани адамдардың, батырлардың көмектесетін ғажайып киелі жануарлардың барлығына да сенген. (Қобыландының Тайбурылы, Райымбек батырдың бурасы т.б). Батырлар жырларындағы, ертегілердегі кейіпкерлердің астындағы атымен немесе басқа жануарлармен тілдесуі де, ерекше рухани кемелдікке жеткен адамның ұшқан құс, жүгірген аңның тілін біледі деген сеніммен үндеседі, төрт түлік малдың иесіне деген сенім тотемдік белгі болады.