Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 1-топ. Қ.Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы ізденіп келу,
хабарлама дайындау.
2-топ. «Өзім туралы» өлеңіндегі негізгі мәселелерді ажырату.
Негізгі мәселелер
Шумақтар
Өзі жайлыӨмір мен өлім туралы
Ақындық оның мақсаты
Болашаққа өсиет
Туған ел, туған жер туралы
3-топ. «Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ» тақырыбында ойтолғау жазу.
«Өзім туралы» өлеңінен ұнаған шумақтарды жаттау
ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту Сатылай кешенді талдау әдісі арқылы сабақты қорыту
«Өзім туралы» өлеңі
АвторыТақырыбы
Жанр түрі
Шумақ
Тармақ
Бунақ
Буын саны
Ұйқас
Әдеби-тероиялық ұғымдар теңеу, эпитет, метафора
«Барым да, бақытым да өлеңім» деп білген ақын бар ғұмырын еліне, өлеңіне, әдебиетке арнаған. Ақиық ақын туралы: «Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» -деген Т Ахтанов сөзімен сабақты қорытындылау.
ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Қасым шығармашылығы- қазақ поэзиясының асыл үлгілерінің бірі. Халықтың қарапайым ортасынан шыққан жалынды ақын өз тағдырын туған елі тарихымен тұтастықта сезініп, өз өлеңдерінде халықтың жанына тән ерлік, батырлық ,табандылық, адалдық сезімді терең көрсетті.Ақын 1941жылы майданға шақырылады. Сол қарсаңда «Мазасыз музыка», «Қоштасу» секілді әсерлі,сыршыл сезімге толы,лепті өлеңдерін жазады.1941-1943 жылдары Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 жылы батыстағы майданға ауыстырылады, содан соғыс аяқталғанға дейін «қанды қырғын, қызыл өрттің ішінде»болады.Намысшыл,өр,қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан аямай атқарады,абыройлы болады . Сондықтан ақынның соғыс кезінде жазған көп өлеңдері соғыс тақырыбына арналған. Қасым поэзиясындағы патриоттық, отаншылдық сезім соғыс жылдарында ерекше күшейді.Соғыстың қатал да ащы шындығы ақынды да,оның жырларын да тың өріс,жаңа биікке көтерді. Сондай шығармаларының бірі болып табылатын «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасынан бүгінгі сабағымызда үзінді оқимыз.
Сабақтың тақырыбы: «Ақын өлімі турады аңыз» поэмасы
Поэма-белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын,жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарма.Поэмада оқиға желісі ширақ өрістеп,кейіпкерлердің образдары олардың іс-әрекеті,ішкі сезімі,жан дүниесі арқылы ашылады.
Сабақтың мақсаты:
1.Поэманың мазмұнымен таныстыру
2.Тақырыбы мен идеясын ашу, көркемдік ерекщелігіне талдау
Бұл поэма Қ.Аманжоловтың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының поэма жанрындағы үздік жетістігі болып табылады. Туындыға жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсеткен ерлігі арқау болған. Ақындық дарыны үлкен үміт күттірген Абдолла намысқой, отаншыл, қайсар жігіт екен.
Поэма мазмұнымен таныстыру
1) Поэманы мәнерлеп оқу.
Поэмадан қандай әсер алдық?
Поэма қалай басталады?
Отан жерінде зұлымдық отын жағып отырған жауларына Абдолла қалай кектенеді?
Екі жақ та өшіге өршеленеді.Осы бір өлім мен өмір күресін ақын қалай суреттейді?
Осы суреттің бәрі батырдың жүрегін шайлықтыра алмайды.Ол ақтық демі біткенше арыстанша арпалысады.
-Ала алмайсың!-деді ер ұлан
-Алмай қойман!-деді жауы.
Қысты келіп жан-жағынан
Темір торлы жау құрсауы.
Бұл кейіпкер тағдырының драмалық шиеленіске толы кезі.Үйге бекінген жалғыз адамды ала алмаған жау өрт қояды.
-Отан алдындағы антына адал солдат жау қолына түскеннен ерлік өлімді артық санайтын жерді оқиық.
Ақтық минуттағы соңғы сөзін Отанға, туған жерге арнайды. Бұл трагедиялық ақын өлімінің өзінде де үлкен өмір сүйгіштік күш жатыр.
-Ақын Абдолланың отқа жанып тұрған шағын қалай суреттеген?
-Осы суреттен батырға қандай мінездеме беруге болады?
-Абдолланың өлімін ақын табиғатпен қалай астастыра суреттеген?
Батыр туралы кейін Абдолланың бөлім командирі В.Григорьев: «Жау қоршауында жалғыз қалып, арыстандай алысқан айбатты ақынның ерлігі бізге батырлықтың асқар шыңындай сезілді. Ол жан алқымға келгенде, соңғы гранатасын немістерге лақтырады да, ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады»-деп жазды.
Соғыстың қызып тұрған кезінде 1943ж жазылған бұл поэма сол кездің өзінде –ақ жұртшылық назарын бірден өзіне аударды. Майданнан жіберілген бұл поэманы М.Әуезов бастаған әдебиет саңылақтары да жоғары бағалады. Поэма қазақ әдебиетінің классикалық туындысы. Поэма туралы орыс жазушысы Л.Соболев «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы терең сезімге, жарқын образдарға лық толы. Салтанатты,ұлы бейнелі аңыз»-деп пікір айтқан. Поэмада Абдолла биік, өрелі образ. Кейіпкер тағдыры драмалық шиеленіске құрылған. Поэма оптимистік трагедиямен аяқталады. Өмір мен өлім күресінде өмірдің өлімді жеңгенін көреміз.
Ү.Жаңа сабақты бекіту Поэманың тақырыбы мен идеясын ашу.
-Поэманың тақырыбы не?
Идеясы қандай?
Жаңа сабақты бекіту арқылы әр түрлі топтық тапсырмалар орындалады.
1-топ тапсырмасы.
А) Мәтінді пайдалана отырып, Абдоллаға мінездеме беру.
Ә) Шығарманың композициялық құрылысына сатылай кешенді талдау.
2-топ тапсырмасы
А) Поэмадан Абдоллаға арналған бейнелі сөздерді табу
Ә) Өлең құрылысына талдау жасау
Айнала жау ырсыл қағып
Айдаһардай көтерді бас.
Кетті лезде қызып, жанып
Дүниедегі бір ұлы айқас
Тұтасқандай жер -аспан
Соқты ұйтқып оқ бораны
Қан кілкіте қара тастан
Түрткіледі кең даланы
3-топ
А) Венн диаграммасы.
Қасым Ұқсастығы Абдолла
Ә) Шығармадағы көркемдегіш сөздерді табу
ҮІІ. Жаңа сабақты қорыту
Автор орындығы әдісі арқылы қорыту.
1) Поэма неге «Ақын өлімі туралы аңыз деп аталады?»
2) Аңыздық сипаты неде?
3) Поэмада өлім өмірді жеңе ме?
4) Ақынның поэмадағы мінезі автор мінезіне сәйкес келе ме?
5) Абдолла қандай бейне?
Қазақ солдатының соғыстағы өмірін суреттейтін бұл шығарма негізінен екі түрлі үлгіде жазылған: жалпы жауынгерлерге тән сипатты біріктіретін жиынтық бейне және нақты аты белгілі қаһарманның ерлігін көрсетуге арналған туынды.
Ғ.Мүсірепов поэма жөнінде «Қасым ақын жанының бар толғауы, кек күшін, сезім тереңін түгел бере алған. Қасым поэзиясы майданнан соққан жаңа леп сияқты»-деп жазды.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
1.Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туарлы аңыз» поэмасын оқу, үзінді жаттау.
2.Кейіпкерге хат жазу.
ҮІІІ. Оқушылардың білімін бағалау
Ақпаратпен бөлісу: