Сабақтың тақырыбы : Ақтамберді жырау. «Күлдір-күлдір кісінетіп»



бет4/4
Дата08.02.2022
өлшемі24,27 Kb.
#98648
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
0002cea7-aab75454

Сөздікпен жұмыс:
Күдері - басқа қайыс түрлеріне қарағанда ылғал, суық және ыстық сияқты әсерлерге өз қасиетін жоғалтпайтын ерекшелігіне байланысты оны көбінесе, кіреуке сауыттардың ішкі бауын жасауға пайдаланған қайыс түрі.
Кіреуке – батырлардың сауыты.
Тобыршықты әндіген – саптаяқ, бай манаптардың сусын ішетін ыдысы.
Жонсау – кең, жазық жон, дала.
Қидасын – мықты, күшті.
Қамқапты – алтындатқан, күмістеткен жіптен тығыз етіп тоқылған жібек матадан тігілген киім.
Құлаты – таудың аты, ауыз әдебиетінде кездеседі.
Дабыл –барабан тектес ұрып ойналатын ұлттық аспаптың ішіндегі ең көне түрі. Дабыл шабуылға, бейбіт күндері мейрамға шақырғанда, аң аулауға шыққанда ойналған.
Атымтай жомарт – жомарттық қасиеттің символы.
Шүлеңгір мырза – жомарт адам.
5. Жаңа сабақты бекіту.
А) Толғауды оқушылар оқып шығады, сонан соң толғаудағы негізгі ойды бір сөйлеммен жазады.

Ә) Толғаудың негізгі мағынасын ашу:



Сұрақтар





Оқушы жауабы



  1. Өзіңе ерекше әсер еткен тармақ қайсысы, неге?

  2. Шығармадағы жыраудың негізгі арман-мұраты не?

  3. Шығарма кейіпкеріне қандай мінездеме беруге болады?

  4. Осы қасиеттер бүгінгі ұрпақтың бойында бар ма?

  5. Отаның үшін өзің қандай игілікті іс істегің келеді?






Б) Толғаудың құрылысына, тіліне талдау.



Эпитет

Теңеу

Риторикалық сұрау

Метафора

Қайталау















В) Адамдықты толғап өткен бұрыннан,


Жырау деген қасиетті ........................(ұғымнан).
Найза ұстап, елдің шетін қорғаған,
Ақтамберді - асқан ғажап ................. (батыр жан).
Г) 3 минуттық эссе «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауының маңызы ».
6. Сабақты қорыту: 1. Топтастыру


Ақтанберді
батыр
мберді кім?
Жырау Әскер басы
Б атыр елін сүйген азамат

2. Шығармадан келешекке қажет болатын қандай маңызды мағлұмат алдыңдар? 


7. Үйге тапсырма:
Ақтамберді туралы кімдер жазды?
Кімдердің шығармашылығында бар?
«Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауынан үзінді жаттау
8. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет