Сабақтың тақырыбы : Ақтамберді жырау. «Күлдір-күлдір кісінетіп»



бет2/4
Дата08.02.2022
өлшемі24,27 Kb.
#98648
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
0002cea7-aab75454

Пәнаралық байланыс : тарих, музыка.
Сабақтың барысы : 
І Ұйымдастыру кезеңі 
ІІ Үй тапсырмасын тексеру 
ІІІ Үй тапсырмасын қорыту 
ІҮ Жаңа материалдарды түсіндіру 
Ү Жаңа сабақты бекіту 
ҮІ Сабақты қорыту
ҮІІ Үйге тапсырма беру 

ҮІІІ Оқушыларды бағалау 


1. Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру
• Үйге берілген: А) Доспамбет жыраудың өмірі.
Ә) «Арғымаққа оқ тиді» толғауын мәнерлеп жатқа оқу.

3. Үй тапсырмасын қорыту :
Үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтар :
1. ХҮІ ғасырда өмір сүрген Доспамбет жырау өз заманының қандай өзекті мәселелерін жырларына арқау еткен?
2. Доспамбеттің толғауларын кім жатқа оқиды?
3. Жыршы, жырау, толғау сөздерін қалай түсінесіңдер? 
Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Қазақ ауыз әдебиетінде өлең, жыр шығаратын, қисса, толғау, дастан айтатын адамдар “жырау”, “жыршы”, “ақын”, “өлеңші” “термеші” деп аталған.
«Жырау — өз жанынан шығарып айтатын және эпи­калық дастандар мен толғауларды орын­дай­тын халық поэзиясының өкілі, «жырау» атауы «жыр» сөзінен туындайды» деген түсінік жырауға «Қазақ әдебиетінің энци­кло­пе­дия­сында» берілген.
Толғау жанры әдебиетіміздегі ақындар шығармашылығында, әсіресе, жыраулар поэзиясында жиі орын алады. Толғау өлеңде ақындар өмір туралы, қоғам, адам тіршілігі, жақсылық, жамандық т.б тақырыптарда ақыл-өсиет, насихаттық тұрғыда ой қозғайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет