Сабақтың тақырыбы : «Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы»



Дата07.05.2017
өлшемі72,57 Kb.
#16040
түріСабақ
«Жезкент мектеп-лицейі» КММ


Тақырыбы: Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы

Дайындаған: Каукенова М.А.

география пәнінің мұғалімі


Жезкент, 2015
Сынып: 6 «Ә»

Күні: 30.01.15ж.

Сабақтың тақырыбы: «Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларда атмосфера қабаты, ауаның құрамы, атмосфераның құрылысы туралы түсінік қалыптастыру.

Білімділік: Оқушыларға таныс жер қабықтарын еске ала отырып, ауаның құрамы, атмосфераның негізгі құрылысы, қабаттары, адам үшін маңызы, негізгі зерттеу жолдары және атмосфераны қорғау туралы түсініктерді қалыптастыру.

Дамытушылық: Халықтық педагогика элементтерін пайдаланып ауа қабықтары туралы танымын, кітаппен жұмыс жасай отырып, логикалық байланыс, жүйелеу, топтастыру, талдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғат – ананың сыйы таза ауаны қорғауға, қастерлеуге, негізгі зерттеу жолдарын түсіндіре отырып, ауаның ластану көрсеткіші арқылы атмосфераны қорғауға тәрбиелеп, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдісі: репродуктивті, ізденіс, әңгіме, топтық

Көрнекілігі: оқулық, презентация, атмосфера құрамының қиындылары, бағалау парақтары, А3 қағаздары.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Кезекші ақпараты. Оқушылар алдын-ала 2 топқа бөлініп отырады.

ІІ. Жаңа тақырып.

Жұмбақ:

Ол бар жерде бар ма, жоқ па, білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)

Ой шақыру: Атмосфера дегеніміз не?

Атмосфера қандай газдардан тұрады?

Иа, балалар сонымен бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты атмосфера қабаты, оның құрылысы, ауаның құрамы, адам үшін маңызы қандай екенін білу.



Мақсатымызға жету үшін 1-тапсырманы орындайық. Ол үшін әр топқа қиындылары бар конверт берілген. Бұл қиындылар арқылы ауаның газ құрамы деген дөңгелек диаграмма жасайық. Қиындылардан толық бір дөңгелек диаграмма жасап, оларды санмен, және газ атауымен белгілейік.

Өте жақсы балалар, барлығымыз 5-сыныпта алған білімдерімізді өте жақсы көрсете алдық. Яғни, ауаның көп бөлігі азоттан, оттегі және тағы басқа газдардан тұрады. Адамға, жалпы тіршілікке қажетті газ - оттегі. Ал балалар ауаның құрамы барлық жерде бірдей болады ма? Жоқ ол биіктік бойынша өзгеріп отырады. Атмосфера бірнеше қабаттардан тұрады. Қандай қаббатар және ондағы негізгі ерекшеліктері туралы сендер нұсқамалы карточкамен жұмыс жасау арқылы біле аласыңдар. .



"Атмосфераның құрылысы"

нұсқамалы карточка

Тапсырма

Білім көзі

Жауабы

1. Атмосфера қандай қабаттардан тұрады?

74 бет




2. Тропосфера қабаты.

А. Тропосфераның қалыңдығы

В. Тропосфера қабатының басқа қабаттардан негізгі айырмашылығы?

С. Температура қалай өзегереді? және оның негізгі себебі.



74 бет

5 азат жол







3. Стратосфера қабаты

А. Қабат биіктігі

В. Стратосфера қабатында қорғаныштылығымен ерекшеленетін қандай газ қабаты бар?



74 бет

6 азат жол






4. Атмосфераның жоғарғы қабаты

А. Қабат биіктігі

В.Температурасы

С. Жоғары температураны неліктен адам сезбейді?



75 бет

2 азат жол






IV. Сергіту сәті "Қызыл өрік"

Біраз демалып алсаңдар, енді "Атмосфераның маңызы" және "Атмосфераның зерттелуі" тақырыптары бойынша кластер құрастырыңдар. 1- топ "Атмосфераның маңызы", 2-топ "Атмосфераның зерттелуі". Ол үшін оқулықтың 75-76 беттегі мәліметтерін қолданамыз.



Ал, балалар біз ауаның негізгі маңызы мен зерттелуін білдік, енді маған айтыңдаршы ауаны зерттегенде ауа ластанады ма? Ластанудың қандай түрлері бар? Ауаны қорғау үшін не істеу керек?

1. Зауыттардың түтіні

2. Автомобиль түтіні

3. Улы газдармен, улы тұмандармен ластануы.

V. Бекіту. Әр оқушыға жеке тест тапсырмалары

Тест.

1. Атмосфера - ....... қабаты

А. Ауа

В. Су


С. Тұзды

2. Атмосфераның ең төменгі қабаты

А. Стратосфера

В. Тропосфера

С. Атмосфераның жоғарғы қабаты

3. Ауа құрамындағы оттегі мөлшері

А. 30 %

В. 21 %


С. 78 %

4. Тропосферада не түзіледі

А. Бұлт

В. Ультракүлгін сәулелер



С. Грунт сулары

5. Атмосфераны зерттеу құраы



А. Шаң

В. халық болжамы



С. Радиозонд

Қорытынды. Сонымен балалар, біз жаңа қабат атмосфера қабатымен таныстық. Адам үшін ең қажетті қабаттын бірі екенін білдік.

Рефлексия. Сабақты қандай деңгейде түсінгендіктерін білу үшін алдарына таратылған стикерлерді ақ бұлт, сұр бұлт және қара бұлтқа сәйкес тақтаға жабыстырады. Егер сабақты жоғары деңгейде түсінсендер - ақ бұлтқа, орта деңгейде - сұр бұлтқа, мүлде түсінбесек қара бұлтқа жабыстырайық.

Үйге тапсырма: 73-77 бетті мазмұндау. 73 беттегі 48-суретті дәптерлеріне салу.

Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет