Сабақтың тақырыбы : Қазақ халқының материалдық мәдениеті



Дата17.02.2017
өлшемі39,63 Kb.
#9741
түріСабақ
Күні:......................... Сыныбы:5 «А»

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып, қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылықтары екеніне көз жеткізу.
Дамытушылық: Материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту,
мәдениетті жан - жақты қырынан тани білуге көмектесу, қазақ халқының материалдық мұражайына саяхат жасата отырып, білімдерін еске түсіру арқылы дамыту, өз көзқарастарын қалыптастыруғакөмектесу.
Тәрбиелік; Қазақ халқының бай мәдениетіне деген қызығушылықтарын одан әрі дамыту, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: қару-жарақ түрлері, ұлттық киімдердің суреттері

Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап,

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
1. Тас дәуірі неше кезеңше бөлінеді?
2. Ұлы жібек жолы арқылы не дамыды?
3. Қазақ хандығын құрған кімдер?

ІІ. Семантикалық карта (салыстырмалы талдау)




Ақиқат сыйы

Құтты білік

Даналық кітабы

Диуани лұғат ат-түрік

Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары

Махмұд Қашқари
















Жүсіп Баласағұн
















Қожа Ахмет Иассауи
















Әл-Фараби
















Ахмет Иүгенеки
















ІІІ. Жаңа сабақ жоспары
1. Қазақ халқының баспанасы
2. Қазақ халқының ұлттық киімдері
3. Ұлттық қолөнері
Жаңа сабақты бастамас бұрын сабақтың мақсатын таныстырып кетемін.

Мәдениет дегеніміз не? деп оқушылардан сұраймын. Олардың жауаптарын естіп болған соң өзім толықтырамын.


Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» «қала, қалалық»деген сөзінен енген.
Мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы. Адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі.
Мәдениет
Материалдық Рухани
Адам баласының шаруашылыққа Атадан балаға таралған
байланысты күнкөрісінен туған шығармалар(аңыз әңгімелер, жыр,
дүниелері(баспанасы, киім - кешегі, дастан, салт - дәстүр, мақал - мәтелдер,
жиһаздары, қолөнер бұйымдары)
Оқушылар, енді мұражайға саяхат жасаймыз.
Қазақ халқының мұражайына қош келдіңіздер!
1 - зал Қазақ халқының баспанасы
2 - зал Қазақ халқының ұлттық киімдері
3 - зал Ұлттық қолөнер
І. Алғашқы баспаналар
Киіз үй көшпелі халықтардың қысы - жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, ал жазда салқын. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әртүрлі болып келеді.
Киіз үйдің негізгі қаңқасы киіз үйдің сүйегі деп атайды. Оған кереге, уық, шаңырақ және есік жатады.
Киіз үйдің түрлері:
Орда - салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, елдік мәселе шешетін аса құрметті хан, би сұлтандар отыратын үй.
Алтын орда – 30 қанаттан тұратын, ханның мәжіліс ордасы.
Алтын үзік - 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.
Ақ шаңқан - 18 қанаттан және 12 қанаттан тұратын елбасылар, бай, билер тұратын киіз үйлер,
Ақ ала орда - сегіз қанатты, дәулетті бай үйі.
Ақ үй - 6 қанатты дәулетті адамдар үйі.
Боз үй, қоңыр үй - 4 - 5 қанатты орташалар тұратын киіз үй.
Қараша үй - кедей үйі
Отау – жас жұбайлар үйі.

ІІ. «Қазақ халқының ұлттық киімдері” бөліміне хош келдіңіздер!
Бүгінгі таңда ұлттық киімдерімізді қазіргі заманға сай дайындап, әлемдік деңгейде таныстырудамыз.

ІІІ.“Ұлттық қолөнер” бөліміне хош келдіңіздер!
Қолөнер бұйымдарымен танысамыз.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
1. «Орнын тап» Суреттердегі қандай қару-жарақ екенін табу керек. Суретті тақтаға іліп қоямын.

2. «Кім тапқыр»ойыны

- киіз үйдің шеңбер қабырғалары

- кереге шеңберін тұйықтап, кіріп-шығу қызметін атқарады.

-киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез

-– кереге басы мен шаңырақты бекітетін ағаш.

3.Берілген киім-кешектің түріне қарай орналастыр

Тақия, шапан, кебіз, сәукеле, мәсі, шекпен, күпі, тон, бөрік, етік.

Бас киім:

Сырт киім:



Аяқ киім:

Ү. Қорытынды
Ал оқушылар бүгінгі сабақтан не білдік? деп оқушылардан не білгендерін сұрап “Өткендерін жек көрген - өшкендіктің белгісі, Өткендерін ескерген - өскендіктің белігісі” деп қорытынды жасаймын.
ҮІ. Үйге тапсырма
Қазақ халқының материалдық мәдениеті оқу, түсінік айту.
«Үй жиһаздары», «Қолөнер бұйымдары»слайд жасау.
ҮІІ. Бағалау сабақ соңында оқушыларға тиісті бағасын қою

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет