8- сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі мен құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тақырып бойынша білімдерін толықтырып, бекіту, құрмалас сөйлемді ажырату;
Дамытушылық: түсініп оқу, тыңдау, сөйлеу, сұрақтарға жауап беру, өзара сөйлесу, өз ойын еркін жеткізу, құрмалас сөйлемді құрастыру, ойлау, іздену, практикалық дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: қазақ тілін құрметтеу, сөйлеуге, игеруге талпындыру;
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың түрі: практикум
Әдіс- тәсілдері: мұғалімнің сөзі, сұрақ- жауап, жатқа оқу, ассоциация әдісі, сәйкестендіру әдісі, «Полиглот» ойыны, ізденіс, жұппен жұмыс, 5 жолдық өлең, 3 минуттық эссе
Сабақтың жабдықталуы: интерактивті тақта
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі: - сәлемдесу
- кезекшінің сөзі
- с/т, с/м туралы сөз
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі сабағымыз ерекше с абақ, себебі ол тілдер апталығында өтіп жатыр, тіл мерекесіне арналады. Бұл сабақ практикум түрінде өтеді, яғни білетіндеріңді ортаға салып, іс жүзінде қолданасыңдар. Іске сәт!
II Бекіту ( практикум)
1.Эпиграфпен жұмыс: Түркі тілдерінің ішіндегі ең бай әрі таза тіл – қазақ тілі.
2. Ассоциация әісі:
қазақ тілі
3. Сәйкестендір:
1) Жаксы сөз ... 1) Жылан інінен шығады
2) Басқа пәле ... 2) жеті түрлі білім біл
3) Өнер алды ... 3) жарым ырыс
4) Жылы –жылы сөйлесең... 4) қызыл тіл
5) Жеті жұрттың тілін біл... 5) тілден
Өзіңді тексер!
1- 3; 2- 5; 3 – 4; 4 – 1; 5 – 2
«Полиглот» болайық! Орыс тілінде баламасын тап!
4. Ойлан, тап!
Осы мақалдардың ішінен қайсысы жай сөйлем, қайсысы – құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемдердің айырмашылығы неде?
5. Сөйлемді аяқта!
1. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, сондықтан ....
2. Қазақ тілінде көп сөйлеу керек және ...
3. Мен қазақ тілінде сөйлесем, ...
6. Кел, сөйлесейік!
Тақырып: Көп тіл білу - өмір талабы
7. 5 жолдық өлең жаз!
1-қатар: Тіл
2- қатар: Қазақстан
3- қатар: Казанка селосы
8. Қосымша материал:
3 минуттық эссе: Мемлекеттік тіл – менің тілім
III Үйге: 2 салалас, 2 сабақтас құрмалас сөйлем жаз ( бүгінгі сабақ туралы), ереже, -бет, мақалды жаттау
IV Қорытынды: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылығы неде?
Қазақ тілі қандай тіл?
V Бағалау кезеңі:
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Казанка орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі мен құрмалас сөйлем
8- сынып
(тілдер мерекесіне арналған ашық сабақ)
өткізген: Н.Б. Қожахметова
Казанка селосы 2012 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |