2. 2025жылдан бастап әліпбиімізді латын әліпбиіне көшіру мәселесі
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында: «Біз 2025жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек.Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе» деген болатын.
Жаңа жыл қарсаңында отандық жетекші телеарналар өкілдерімен кездесу кезінде Елбасы: «Латын қарпі бізге дүниежүзінің халқымен, әлемнің ғылыми – білімімен қарым - қатынас үшін керек. Егер латын әліпбиін енгізуге ақылмен келе алсақ, біз компьютер тіліне көшеміз, балаларымызға және бізге экономикалық және ғылыми кеңістікке енуге оңайырақ болады», -деп атап көрсетті.