IV.Семинар сабағын қорытындылау:«Ой – тұжырым» (4минут).
1-топ:Алматы, Павлодар облыстарының жеріндегі сақ тайпаларының обаларынан түрік тіліндегі жазулардың табылуы сақ тайпаларында ешбір жазу болмаған деген пікірді жоққа шығарса, екіншіден, олар үнді – иран тілдес болды деген пікірдің де қателігін дәлелдеді. 2-топ:Түріктердің әліпбиі өздерінің ру–тайпаларының таңбалары негізінде жасалған.Сондықтан да көне руналық жазу – түріктердің төл жазуы. Бұл пікір тарихта осы күнге дейінгі, түрік жазуы соғды жазуы негізінде жасалған деген пікірді жоққа шығарды.
3-топ: Қалыптасқан мемлекеттің «Қазақстан –2050» Стратегиясында Елбасы: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша Қазақстандықтардың қолданыс тіліне айналады» - деп атап көрсетті.
4-топ:«Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ Мемлекеті деп атайтын боламыз» - деді Елбасы Жолдауында.