Сабақтың тақырыбы: § Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні. Сабақтың мақсаты



бет29/64
Дата16.12.2021
өлшемі194,89 Kb.
#101888
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64
Байланысты:
азаматтық құқық

Округтік сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсынысы негізінде тиісті маслихаттар сайлайды және сайлау округтерінде Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді. Тікелей Мәжіліс депутаттарының сайлауын өткізуді, учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді. Округ бойынша сайлаудың қорытындысын БАҚ- та, т.б. жерде жариялауды белгілейді.

Учаскелік сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсынысы негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды. Олар сайлау учаскелерінде Президент, Мәжіліс пен мәслихатдепутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауларын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді (учаскедегі сайлаушылар тізімін жасайды, сайлау күні учаскеде дауыс беруді және т.б. ұйымдастырады.

Сайлау комиссияларының мүшелері мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады және мемлекет қорғауында болады. Сайлау комиссиясының мүшелері комиссия отырысында сөз сөйлеуге, комиссия құзырына кіретін мәселелер бойынша ұсыныс енгізуге, комиссия құжаттарымен танысуға, т.б. құқылы. Сайлау комиссиясы мүшелерінің міндетіне:



  • Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, жалпы қабылданған әдеп нормаларын сақтау;

  • Азаматтардың сайлау құқығын және заңды тілектерін орындау және қорғау;

  • Шешім қабылдаған кезде шынайы және тәуелсіз болу.

Сайлау комиссиясының мүшесі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің мүддесін қорғауға құқығы жоқ және олардың шешімдеріне араласпайды. Сондай-ақ комиссия мүшесі комиссия орналасқан жердегі әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрақты тұруы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет