Сабақтың тақырыбы : Бастауыш, бірыңғай мүшелер, оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын сызықша



бет2/2
Дата20.07.2020
өлшемі17,66 Kb.
#63381
түріСабақ
1   2
б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сызықша - сөйлемдегі белгілі сөзді, сөйлемді, сөйлем мүшесін ерекшелеп, даралап, бөліп көрсету үшін және қызметі бірдей, мағынасы ыңғайлас сөздерді жинақтап, топтап, тұжырымдап айту үшін қойылатын белгі.




Сызықша




Қойылатын орындары

Баста-уыштан

кейін


қойыла-

тын


сызықша

Бірыңғай

мүше-


лерге

ортақ


жалпы-

лауыш


сөздің

алдынан

қойы-

лады.


Оңаша-

ланған


айқын-

дауыш


сызық-

шамен


ажыра-

тылады.


Құрмалас

сөйлемдер-

ге байланыс-

ты қойылады.

Жалғаулықсыз

қарсылықты,

түсіндірмелі

салалас құ-

рамындағы жай

сөйлемдер

арасына қойылады.


Төл сөз,

автор


сөзі,

диалогта

сызық-

ша


қойы-

лады


Сөйлемді

ықшам-


дап

қолдану-

га бай-

ланысты


қойыла-

тын


сызықша

Жаттығумен жұмыс: 170-жаттығу. Мәтінді көшіріп,өлеңді мәнерлеп оқыңдар.Сызықшаның өлеңді оқу мәнеріне әсерін түсіндіріңдер.

Шығармашылық тапсырма: Кесте бойынша мысал келтіріңдер.

Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен

Бастауыш зат есімнен,баяндауыш сілтеу есімдігінен

Бастауыш тұйық етістіктен,баяндауыш ІІІ жақтағы жалғаусыз зат есімнен

Бастауыш та,баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалған

Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен
















Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 173-жаттығу.

Бекітемін:

Күні: 07.04 Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9 Ә
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы

Сабақтың мақсаты: а) Абай жолы эпопеясы туралы түсініктерін кеңейту.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабатылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1.М.Әуезов қай оқу орнында оқыған?

2.М.Әуезовтың тұңғыш мақаласы не жөніндегі мәелені көтерген?

3.Қандай шығармаларын білесіңдер?

4. «Көксерек» повесін жазуға не себеп болды?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

М.Әуезов шығармашылығының үлкен арнасы – ұлы Абай жайындағы еңбектері.

Бала кезінен данышпан ақынның өлеңдерін жаттап,ұлылығын құлағына сіңіріп өскен М.Әуезов бұл тақырыпқа әңгіме де(«Татьянаның қырдағы әні»), «Абай(Ибарагим)Құнанбайұлы» атты зерттеу,либретто,пьеса,сценарий, «Абай» романын жазды.Жазушының 30-40 жылдары ұлы ақынның туған еліне,Семей,Абай ауданына қайтадан арнайы барып,Абай өмір сүрген дәуір мен өмір туралы замандастары мен көз көргендерінен естіген,ойда жүрген деректерді қағазға түсірген ерліктері де бар.Бұл тұрғыда жазушының өзі шығармаға материал жинау мен қордаланған деректерді қорыту,көркем әлемге енгізу туралы былай дейді: «Жалпы бұл кезеңдегі романға байланысты жұмыс сипатымды мен әлдеқашан көшіп кеткен керуеннің жұртына келіп,сөнуге айналған ошақ орнынан қызуы бар соңғы шоқты тауып алып, оны демімен үрлеп қоздатып,жалынды алауға айналдырмақ болған кешеуіл жолаушының әрекетімен салыстырар едім

Көне көз қариялардың күңгірт тартқан зердесі мені Абайдың жас дәуіріне жетелеп,жол көрсетіп отырды,алпысты алқымдаған Әйгерімнің жүзінен мен оның ақын жүрегін жаулаған балғын заманындағы сұлу ажарын елестетуге тырыстым. (М.Әуезов. «Абай Құнанбаев»).

Жазушы Абай заманын бейнелеуде нақты тарихи деректерді ала отырып,соның негізінде ақынның өз өмірінің басты мәліметтерін қажетке жаратып,кейіпкер мен орта қатынасын неғұрлым шынайы көрестуді мақсат тұтты.Ұлы ақын өмірі мен эпопеядағы кейіпкерден аса сом тұлғалы көркем бейне жасалған.

«Абай жолында» Абайдың бүкіл өмір жолы,саналы шығармашылық,жеке бас тіршілігі молынан қамтылған.Абайдың балалық шағынан алынған эпизодтар жазушы қиялы болғанымен де,бұл болашақ азамат,ақын,ел ағасы,ұлт қадірі Абайдың мінезін ашып,қалыптасу кезеңдерін суретеу үшін алынған.

Алғашқы роман «Абай» деген атпен 1943 жылы жарықа шыққанда Ғ.Мүсірепов: «Абайдай» шығарма бұл күнге дейінгі бүгінгі қазақ әдебиетінде болған емес.»Абай» пьесасы жазушы М:Әуезовтың «Абай жолы» романына барар жолдардың бірі десе де болады.

Шешен тілді,көркем суретті,оқшау оқиғаны шебер қиыстыратын классик жазушы М.Әуезов әлем әдебиетіне қосылар ірі тұлға екенін оның туындылары дәлелдейді.



Кітаппен жұмыс: романдағы кейіпкерлерге мінездеме береді

Хронологиялық таблицамен жұмыс: таблицадағы елеулі жылдарды белгілейді

Білімді бекіту: «Абай жолының» бірінші баспасы қай жылы жарық көрді?

2.Романдағы Қамқа мен Қодардың іс-әрекеті тарихи шындық па?



Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Абай жолын» оқып келуге беремін

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет