Сабақтың тақырыбы : Бата және оның түрлері Сабақтың мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі158,6 Kb.
#35376
түріСабақ

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Әйтеке би кенті

№ 266 мектеп-лицейдің



қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бекбанова Гульсим Уразгалиевна




Сабақтың тақырыбы: Бата және оның түрлері

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың халық ауыз әдебиетінің бір түрі-бата жайлы алған білімдерін толықтыру. Батаның қазіргі кездегі түрлерімен таныстыру. . Бата сөздерінің мағынасын,идеясын ашуға мүмкіндік жасау
2. Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты жүйелі түрде іздену, бата түрлерін ажырату, тың материалдар жинау арқылы оқушылардың ойын дамытып, белсенділігі мен қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік: Батаны өмірде қолдана білуге,бата беріп үйренуге баулу, имандылыққа,салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ізденіс

Сабақтың типі:Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі
: сұрақ-жауап, шығармашылықпен жұмыс, мазмұндау, талдау,пікір білдіру, ойландыру,

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнелі суреттер, плакаттар, слайд дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.


2. Сабақтың мақсатымен және эпиграфымен таныстыру.
Сабақтың эпиграфы:

Бата – жақсылыққа жол ашады,
Ырыс- ынтымаққа шақырыды.


Халық мақалы
Сабақтың құрылымы:

1.Жаңа сабақты меңгерту ге арналған тірек-ойлар

2.Ел есіндегі баталар...

3.Бата сөздеріне тілдік талдау

4.Шығармашылық тапсырма

Қорытынды_.Ғаламтордағы_ойланарлық_ойлар..._1.Жаңа_сабақты_меңгерту_ге_арналған_тірек-ойлар__Бата_дегеніміз_не_Шығу_тарихы_Батаның_негізгі_түрлері'>5.Қорытынды .Ғаламтордағы ойланарлық ойлар...
1.Жаңа сабақты меңгерту ге арналған тірек-ойлар

Бата дегеніміз не? Шығу тарихы? Батаның негізгі түрлері? туралы оқушылардан білгендерін сұрау.

Оқушылар жауабынан кейін мұғалім бата туралы теориялық және ғылыми мәліметтер айту

Бата сөзі:
1.Халық шығармашылығына жататын тілі көркем, мазмұны келісті сөз үлгісі.
2.Тәлім - тәрбиелік мәні айрықша, байырғы мұрағатының бірі.
3.Сөз әдебі деген аса мәнді ереженің бірі.
4.Бата беру, ізгі тілек айтудың өзіндік рәсімі, жүйесі, шарттары бар.

Ата-бабаларымыздың өсиет-намасы-ақ батаның шығу тарихы әлі терең зерттелген жоқ. Алайда бірқатар тіл мамандары: «Бата – арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі», - дейді. Яғни, бата – фатекенің мағынасы: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Ақ бата – ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз. Ал сөз – бүкіл адамзат тарихындағы құдіретті күш. Өзінің адал жаны, бүкіл рухы, өткен тарихы сөзге тығыз байланысты қазақ халқы ақ батаның ізгі сөздеріне сүттей ұйып, оның құдіретті күшіне шексіз сенеді.

2.Батаның негізгі түрлері:

1. Ақ бата. 2. Теріс (қарғыс) бата. 3. Серттесу батасы (Баталасу). Оқулықта бұл бата туралы тоқталмайды.




Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның бір-біріне деген мейірім-шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру, бірін-бірі ынтымақ-ырысқа, береке –бір-лікке шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу, келешекте жү-зеге асырылатын мақсат, мүд-делерді белгілеу. Соған сәй-кес, ақ бата көбінесе мынан-дай жағдайларға байланысты беріледі: жаңа туған нәрес-теге, өмір жолын жаңа баста-ған ұл-қызға, жас отауға, алыс жолға шығушыларға, үлкен бір істі қолға алушыларға, жорық-шеруге аттанушы сар-баз, сардарларға, түрлі жақ-сылықтарға арнап жасалын-ған тойларға, аруақтарға ар-
налған асқа, жауын тілеген тасаттыққа, жиналған егінге, садақа, құрбандыққа, қонақасыға, күздік, соғымға сойылған малға, сойылған соғым басына, қонақасыға, Наурызға (Наурыз бата), Жаңа жылға, жаңа туған айға,мүшел жасқа, дастар-қанға, Ораза ұстағандарға (Жарапазан бата).

2.Теріс бата – қарғыстың қат-ты, жазаның өте ауыр түрі. Мұн-дай батаны әке-шешесі сенімін ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата-тегін масқаралаған, өздеріне қолы, тілі тиген, дінін, тілін, Отанын сатқан, жауыздық, ауыр қылмыс, кешірілмес күнә жасаған баласына қолдарын теріс жайып тұрып берген. Батаның бұл түрі ел ішінде өте сирек қолданылады. Теріс бата ұрпақтан-ұрпаққа қара таңба болып қалып келген. Ата-анасының теріс батасын алғандарды халық жек көрген, оларға сенім артпаған, қонақ-қа шақырмаған, қыз беріп, қыз алыспаған, дос болмаған Қыз Жібек жырындағы Төлегенге әкесі Базарбайдың берген теріс батасы.

3.Серттесу батасы (Баталасу) – құдалықта, серт пен уә-деде, елшілікте, ел арасында-ғы маңызды үлкен шараларда жасалатын жол. Ол – хан, ақсақалдар, билер алдында, аруақ орнында да жасалып, қол алысылып орындалатын ғұрып. Оны бұзу, яғни, «бата бұзу» - қарғыспен тең. Қазақ баталасуды – елдіктің, тектіліктің, азаматтық қасиеттің белгісі деп таниды.

2.Ел есіндегі баталар...

Х.Досмұхамедұлы былай дейді: «... Қазақ қауымы арасында өз ісінің шын шебері, мәселен, би, ақын, зергер т.с.с. табиғат сыйлаған дарын-өнерін басқа біреуге ақ батасы арқылы мирас етіп қалдыра алады деген сенім кең таралған. Сондық-тан да осындай атаққа немесе өнерге ыңғайлы, икемі барлар сол саланың атақты өкіліне аттанады және қайтсе де оның көңілін тауып, ақ батасын алуға тырысады. Қазақ арасындағы белгілі бір би, атақты ақын, аруақты бақсы не зергер пә-леншеге, түгеншеге өзінің ақ батасын беріп, ақыл-өсиетін айтып ты, сонан соң ол да би, ақын, бақсы не зергер болыпты, дегендей аңыз-әңгімелер орасан көп.


Ескеретін жай: (Мұғалімге)

*Оқушыларға (1-5) берілген бата түрлерін тарату.

*2-тапсырмада ел есіндегі батлармен оқушылар танысады,мазмұнын жеткізу

*3-тапсырма осы мәтіндерге орындалады.

1.Қарасай батыр балаларына ақ батасын өсиеті-мен қоса айтып, қалдырған. Қарасай батырдың батасы

- Жақсы қыз-жағадағы құндыз, жақсы ұл – көктегі жұлдыз. Жақсылап ұғып алың-дар. Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы, көпке салса – дұрысы, көнбесе болар ұрысы. Алдымен елің-нің, жеріңнің қамын ойлаңдар, сөзіме терең бойлаңдар. Елемеген ауру жаман, ескермеген жау жаман, еліріп кеткен дау жаман. Қара қылды қақ жаратын, елінің ығын табатын, көпті ұйытатын әділ биді қастарыңа алыңдар!

2.Қошқарұлы Жәнібек жас кезінде Қаракерей Соқыр


Абыздан бата сұрай барғанда ол кісі былай депті:

Бедеуің белдеуіңдегі байлаулы болсын, Қазаның ошақтағы қайнаулы болсын. Есігің ашық болсын, Қабағың жазық болсын. Сонда ағайының кетпес қасыңнан Жақыныңа бұрмай төрелікті түзу бер,

3.М. Әлімбаевтың батасы:

Міне, бата, ақ ниет,

Бола берсін берекет.

Қиын дейді қиямет,

Жақын дейді ақырет,

Құлшылық қыл Аллаға,

Қыл көпірден таймай өт.

Кірсін дәулет,

Шықсын бейнет.

Алла атымен бейнет ет.

Жоқ-жітікке рақым ет.

Тәңір сені қолдасын,

Уайым-қайғы болмасын.

Қабыл болсын оразаң,

Әулетіңді оңдасын!

 4.Фариза Оңғарсынова:
Жас жұбайларға бата
Сезімнің пәктігін берсін,
Көңілдің ақтығын берсін,
Жылулы отбастарыңа
Сәбидің шаттық үнін берсін!
Пейілдерің тарылмасын,
Есіктерің жабылмасын,
Шаршап-шалдыққандар
Төрлеріңде дамылдасын!
Көлденең кеселден,
Күңкіл өсектен сақтасын,
Дау-жанжалдан сақтасын,
Достан көңіл қалғаннан сақтасын!
Шайтанның азғыруынан,
Елдің жазғыруынан сақта-сын,
Асып-тасқаннан сақтасын,
Алшаң басқаннан сақтасын!
Отауларың елге сән болсын,
Өмірлерің бал болсын,
Бибі Фатима анамыздың аруағы
Өздеріңе жар болсын!
Әумин! Адалдық, ақ ниет, ақ тілек, ақ бата өміріміздің мәні мен сәні болсын, ағайын!

5.Тұңғыш президентке бата берген –Шәкір Әбенов Шәкір Әбенов – Абай мектебі шәкірттерінің ішінде көп жасап, көпті көргені. Ол 1991 жылы Елбасын ұлықтау салтанатында Нұрсұлтан Әбішұлына ақ жол тілеп, бата берген абыз ақын.



1991 жылы қараша айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Абай, Шәкәрім, Мұхтарларды тудырған киелі топыраққа тағзым етіп, Шыңғыстау өңіріне арнайы келгенде берген Шәкір ақсақалдың батасы:

Сарыарқа – туған жерім, елім – қазақ
Қазақ елі ежелден көкседі азат.
Көп естіп, көпті көріп, аз білсем де,
Мен бір ғасыр куәсі – экспонат.
Біз көрген зобалаңда, қуғын-сүргін,
Енді ешкім көрмес үшін
                                           қанды қырғын,
Бар ұлттың тілін тауып, табыстырған,
Нұрсұлтаным, жұлдызың жанды бүгін.
Зерек ақыл, зерделі ой, батыл жүрек,
Жаманат жапсыра алмас жатың тілеп.
Қарадан хан туған деп қадірлеген,
Қазағың ғұмырыңды отыр тілеп.
Абылайым бүгінгі Сен емес пе?
Қазағым өзге жұртпен тең емес пе?!
Халқыңа Тәуелсіздік нұрын шаштың,
Тар асу, тайғанақ жол, кер белесте.
Ақ киізге көтеріп, хан сайласқан,
Қарт атаң тоқсан бірде мен емес пе?!
6. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О. Бекбановтың батасы
Үй-іші, ауыл-аймақ аман болсын,

Тыныштық баршамызға заман болсын.

Табиғат таусылмайтын ырзық беріп,

Тартулы дастарқаның тағам болсын.

Тыныштық елімізге бере берсін,

Молшылық жерімізге ене берсін.

Соғыстан ел-жұртымыз аман болып,

Қызығын бейбіт еңбек көре берсін.

Осы үйге көп-көп қылып бала берсін,

Балаға таудай қылып сана берсін.

Осы үйге сұлу мінез келін берсін,

Келінге адал ниет пейіл берсін.

Ақ көңіл ата-анаға мейірімді боп,

Қызығын отбасыңыз түгел көрсін.

Ағайын туған-туыс, жекжаттарың,

Баршасы аман-есен өсіп-өнсін.
3.Бата сөздеріне тілідік талдау жасау.

Оқушылар орындайтын жұмыс түрі

1.Баяндауыштарының жасалу жолын табу,түсіндіру.

2.Даналық сөздерге айналып кеткен тармақтарды табу.

Үлгі:


САЛЫСТЫРУ Өмір берсең бақытты қып бер,

Дәулет берсең ,қайырлы қып бер,

Қыз берсең,қылықты қып бер.

Ат берсең ,жүрісті қып бер,

Бала берсең ,ырысты қып бер.

«Шешендік сөздер» кітабынан

Жас ұрпақ өмірлі болсын,

Тұрмысы көңілді болсын,

Ата-анаға мейірлі болсын,

Ағайын – туысқа пейілді болсын,

Өнеге –білімге зейінді болсын,

Он саусағы майысқан шебер болсын,

Ел қорғайтын батыр болсын,

Шындықты айтар ақын болсын,

Абыройы өрлесін,

Жаманшылық көрмесін .

Ел аузынан


  • Бата болсын,бер,бол,сақта ,ет,қыл,т.б. сөздермен аяқталады

Үлгі: бата сөздердегі даналық тармақтар

Жақсымен жолдас болсаң – көңілің ашылады.


Құтты адаммен қоңсы қонсаң – аруағыңды асырады.
Арың жақсы болса – сөзің елде тұрады.
Балаң жақсы болса – елінің асыл шырағы.
Қызың жақсы болса – өрісті болар тұрағы.


  • 4. Шығармашылық жұмыс

1. Енді ,балалар, қазір мен сендерге батаның алғашқы жолын беремін, сендер соны ауызша ары қарай өздерің ойдан шығарып жалғастырасыңдар.Сендердің достарың Назарбаев университетіне оқуға түсті. « Батамен ел көгерер» деп халық бекер айтпаған.Досыңа батамен ақ жол тіле...



Сұрасаң, бата берейін,

Үстем болсын мерейің!

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекпен төгейін.

..........................

..........................



  1. Мына үзіндіде ------- бата беру берілген. (Бата беру салты көрсетіліп тұрса,бірақ даусын басу.)Бірақ дыбысы шықпай тұр. Сендер болжап, бата құрастырасыңдар. Бата құрастыру барысында кейіпкерлердің ажарына, бет қимылындағы өзгерістерге назар салып отырыңдар.( Соңынан видеоның дыбысы қосылады,оқушылардың болжамдарын салыстыру. )


Қорытынды

Балалар, кеше мен ғаламтордан Бата туралы қосымша материалдар немесе деректер бар ма екен деп іздестіріп отыр едім, «Бата бере аласың ба,ата?» деген хабарламаны оқыдым. Осы хабарламамен танысайық сыни көзқарасымызды білдіруге шақырамын.

Бата бере аласың ба,ата?

Көзбен көріп, көңілмен сезген соң, мұндайда айтпай қоюды жөн санамайсың, жасы 40-тан  асқан ағаларымыз, одан қала берді қарияларымыз бата беруден жұрдай. Айтса айтты деп өзіңе кінә тағады. Бірақ, шындықтың кілті осы ғой. 2-3 отырыста қарияларға қарнымның ашқаны бар. Ақ дастарханда отырмыз, ішіп-жеген тамағымызға ризашылығымызды білдіріп, рахмет айтпай біз қазақ тұрмайды ғой, әлгі үйдегілердің ішіндегі жасы үлкен деп сыйлап 40-тан асқан ағаға бата беруін өтіндік. Өзі қазақ, аты қазақ ағам жұбайына көзінің қиығымен қарап алды да, «сен берші», – деп ишара білдірді. Жұбайы да мықты екен, дымын білдірмей батаны берді-ау. Ерлер отырғанда әйелдің  бата беруі жараспайтын қылық




Мұғалімнің іс-әрекеті

Ал қазіргі жағдай тым басқа секілді. Кімді кінәларыңды білмейсің, заман ба, не адамдардың ниеті ме? Өз басым бүгінгі, бүкіл қарияларды кінәлаудан аулақпын, дегенмен екі сөздің басын қоса алмай, бата емес тілек айтып тұрып, ақыр аяғы «ал сол үшін ап қояйық» дегенді қыстыра кететін қариялар қайдан шықты? Ес білген кезден балаға бата үйретсе, өсе келе санасына құйып алған бала қартайғанша оны өзіне азық етері сөзсіз. Кейде тіпті ойлайсың, «орысша айтқанда современный» аталарымыз көбейіп кетті ме өзі?!», – деп.



Оқушының іс - әрекеті

Оқушылар бата туралы ,күнделікті өмірде жақсы бата беретін ата-әжелерінің бар екенін айтады.жауап ауызша немесе интрактивті тақтаға жазу арқылы немесе сурет салу арқылы жауап беруге болады.



Ақ тілеудің белгісі – бата. Ал ол бата – бет алды айтыла бермейтін үлкен рухани ұғым. Ең жақсысын қазақ «ақ бата» деп қадірлеп, қастерлейді. Ал «ақ бата» –  ұлтымыз, еліміз үшін теңдесі жоқ асыл сөз. Ақ бата – шын жүректен шыққан сөз, ізгі тілек, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани азық. Ал құдіретті сөзді қастерлеп, сүттей ұйып, ісінің оңға басуын тілеп, оған шексіз иланған.


Оқушыларды бағалау Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен білімі ескеріліп бес балдық жүйемен бағалау 2 минут

Үйге тапсырма беру Жаңа түскен келінге берілетін баталар мен «Айт,келін!»өлеңінің мағыналық ұқсастығын табу,салыстыру.
Каталог: uploads -> doc -> 0835
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0835 -> Сабақ жоспары «Бекітемін» «Келісемін» Мектеп директоры: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет