Сабақтың тақырыбы : Батик өнері,матаға сурет салу Сабақтың мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі131,7 Kb.
#35105
түріСабақ
Батик өнері (Мата бетіне сурет салу )

Сабақтың тақырыбы : Батик өнері,матаға сурет салу

Сабақтың мақсаты:

білімділігі : батик өнерінің техникасымен,шет ел өнерімен танысу;

дамытушылығы: Батик өнерін жетілдіруді дамытуды үйрету

тәрбиелігі: батик өнері арқылы,қыз баланы әсемділікке,әдемілікке тәрбиелеу және жаңа өмірге деген көзқарасын өзгерту;

Еңбек нысаны: батик өнерімен жасалған картина,панно,орамалдар.

Сабақ түрі: теориялық,сарамандық

Сабаққа қажетті құрал жабдықтар,көрнекіліктер:

кергіш ағаш (рамка),жібек мата,анилин.бояулары,әр түрлі қылқаламдар,түтікше,балауыз (резерв),қоспа,эскиздер, боялған эскиз үлгілері,буклет,сызбалар,жасалған дайын бұйымдар.

Пәнаралық байланыс: мәдениеттану,сызу,бейнелеу өнері,тарих,әдебиет.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин

Жаңа сабақты түсіндіру 15 мин

Негізгі қойылатын өзекті мәселе.

Батик өнеріне жалпы түсінік.



  • Батик өнері бізге Оңтүстік Шығыс Азиядан келген.Яғни,Ежелгі Жапон еліндегі әйелдер матаға сурет салып,одан киім тіккен және әр түрлі шиырмалар жасаған.Матаны резервациялау техникасы Шығыстың:Үндістан,Мысыр,Қытай.Жапония,Индонезия,Малазия,Тайланд,Шри -Ланке тәрізді көптеген елдерде дамыған көркемдеу тәсілі.Қазақстанға 70-90-шы жылдары қазақстандық кәсіби суретшілер Т.Челнокова,Р.Базарбаева Е.Козырева батикті игере бастады.Батиктің бұдан ары қарай дамуына Абай атындаы Алматы Мемлекеттік университетінің оқыту жүйесіне “Мата -батиктерді көркем әшекейлеу”енгізілуі басты стимул болды.1997 ж «Батини»атты топ ұйымдасып,1998 ж.Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде “Батик әлемі”атты бірінші көрмелерін ашты.”Батини”тобының көрмелері Лондонда,Парижде,Будапеште,Бостонда,Москвада өте табысты өтті.

Батик өнерінің түрлері:ыстық батик,суық батик,аралас батик,түйінді батик.(3-кесте)

3 - кесте



Қауіпсіздік ережесі:



  • Қайшыны досыңа сабымен ұсын.

  • Қасыңдағы оқушыға кедергі жасама.

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз жұмысты бастама.

Миға шабуыл

  • Көңілсіз жұмыс өнімсіз.

  • Салақтан олақ жаман.

  • Жеті рет өлшеп ,бір рет кес.

  • Бейнет – бейнет түбі зейнет.

  • Өнерлінің қолы алтын,өлеңшінің сөзі алтын

  • Шебердің қолы көпке ортақ

Сарамандық жұмыс:35 минут

  • Матаны кергішке керу

  • Эскиз бойынша суретті матаға түсіру

  • Әр түрлі бояуларды,қылқаламдарды,суды дайындау

Суық батик салынған суреттің үстіне резерв жүргізу.Эскиз бойынша салынған композицияға анилин бояуымен салу.Резерв құрамы:резина желімі 220гр,жанар майы 250гр,парафин 50гр.

Сергіту сәті жаңылтпаш айту



  • Қара майлы қарағайды,

  • Кесейін бе,кеспейін бе?

  • Қазықтағы қара тайды,

  • Шешейін бе ,шешпейін бе?

Сабақты бекіту:оқушы түсінігін сұрақ беру арқылы байқау,бағалау.

Бақылау сұрақтары:



  • Суық және ыстық ,түйіндік батиктің айырмашылығы қандай ?

  • Эскиз салу үшін қандай мотивтер қолданады?

Сабақты қорытындылау:

Organization Chart 5

Үйге тапсырма : қажетті құралдарды әкелу



Бағалау.



Ас адамның арқауы

Сабақтың мақсаты:1) Білімділік : оқушылардың тамақтану мәдениет бөлімінде алған білімдерін меңгерту мақсатында шығармашылық қиялын, қол икемділіктерін дамыта отырып, өнерге баулу;

2) Дамытушылық :оқушылардың күнделікті алған білімдерін арттыра отырып ,ойлау, іздену, шеберлік қабілеттерін дамыту;

3)Тәрбиелік : оқушыларды эстетикалық шығармашылықпен жұмыс істеуге ,нәзіктікті сезіне білуге, ұлттық тағамдарды дайындауға ,тындырымды іс істеуге жинақтылыққа,төзімділікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі : сайыс сабақ

Пәнаралық байланыс :әдебиет, тарих, биология, ән, бейнелеу өнері, валеология.

Cабақта қолданылатын көрнекі құралдар: ұлттық тағамдар,суреттелген буклеттер, нақыл сөздер, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, оқулықтар, қазақтың ұлттық тағамдары.

Сабақтың өту барысы :1 )Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу амандасу дайындықтарын тексеру.

Кіріспе


Әрбір халықтың өз тарихы бар. Сол тарихтан халықтың тұрмыс тіршілігінен хабардар боламыз.

Көшпелі тұрмыста мал шаруашылығымен айналысқан.

Халқымыздың да этнографиялық салтына қарай дастарқанның өзіне тән ерекшелігі бар.Сол ерте заманнан бері қазақ халқы өздері баққан малдың терісін жүнін, етін, сүтін ретімен өз тіршілігіне пайдалана біліп ,тағам жасау өнерін де жақсы меңгерген .Қазақ халқы үшін дастарқаннан, дәмнен үлкен еш нәрсе жоқ .

Қазы, жая, омыртқа ,көмбе деген

Қуырдақ, сүр, мипалау тәтті неден?

Қарта ,төстік ,жая ,шұжық ,жау жұмырдың,

Қазағым қасиетін ерте білген- деп бекер айтылмаған.

Біздің бүгінгі сабағымыз, оқушылар өткен бөлімдерден өз алған білімдерін қорытындылау мақсатында сайыс түрінде өтпекші. Сайыс болғандықтан, ортадан ақылдастар алқасын сайлап алайық.

Өтілу барысы:

1 . Топпен таныстыру

2 . Ұлттық тағамдар

3 . Адам өнерімен әсем

4 . «Жеті құпия»

5 . «Өнер жастан асыл тастан»

1 жүргізуші :

Бүгін біздің ауылда дүбірлі той

Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой

Жырдан шашу шашылсын күй күмбірлеп

Қош келдіңдер халайық сергісін бой.

2-жүргізуші :

Болады қыздың аты затына сай,

Ниет етсең болуға өнерге бай.

Артық емес, үйрен де жирен деген,

Бос қалып,бұл өмірде жүрмеші жай.

1-жүргізуші:

Ортаға 2 топты шақырамыз.Қарсы алыңыздар!

1топ «Қазақы дастарханым».

2-жүргізуші:

II топ «Ақ дастархан».

1-жүргізуші.

1-сайыс. «Болар елдің баласын сәнімен емес,сәлемімен танисың» - демекші, кезекте «Танысу».Әр топ басшысы тобын таныстырады.

2-жүргізуші:

2-сайыс. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегендей, үй тапсырмасы бойынша үйден жасап келген ұлттық тағамдарды қорғау (2 топтан бір - бір оқушы шығып дастарқанды қорғайды).

1-жүргізуші:

3- сайыс. «Жақсы келді дегенше жарық келді десеңші,жақсылығын өзімен ала келді десеңші».

«Адам өнерімен әсем» ( әр топ өз өнерлерін көрсетеді).

2-жүргізуші:

4-cайыс. «Жеті құпия» деп аталады. Бұл бөлімде жеті тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылады.

1. Ою өрнектер. 5. Салаттар.

2. Кесте. 6. Сән үлгілері.

3. Тағамдар. 7. Кәсіптік бағдар.

4. Тігін бұйымдары.

Үйге келген үлкен қонаққа табақ тартылатынын білесіздер. Олай болса топ басшылары табақ тарту дәстүрін біле ме екен? Ол үшін топ басшылары, сіздерді ортаға шақырамыз.

Екі топ басшысы бас табақ және ортақ табақты әр топ тақырыпқа байланысты жасайды, сұрақтарға жауап береді.




Бас табақ




Бас




Жамбас




Асықты жілік




Қазы




Қарта




Сүбе




Қабырға




Сұрақ ою-өрнек




Сұрақ кесте



Сұрақ тағамдар




Тігін бұйымдар




Сұрақ салаттар




Сән үлгілері




Кәсіптік бағдар



Ортақ табақ




Ортан жілік




Қабырға




Омыртқа




Асықты жілік




Жал жая




Қазы




Қарта



Ою өрнек




Кесте




Тағамдар




Тігін бүйымдары




Салаттар




Сән үлгілері




Кәсіптік бағдар



Ою өрнек.

  1. Тұрмысқа шыққан қазақ қыздары үйлерінде құс бейнесіндегі сәлемдеме жіберсе, ата анасы қуанып той жасаған. Неге? (Құс еркіндіктің, бақыттың белгісі).

  2. Қазақ қыздарының шешесі осы оюдың атын атап ренжіген. Қандай ою? (Шынжыра, шынжыраны білмесең тұнжыра деген мақал содан қалған).

Кесте.

  1. Алғашқы кестенің Отаны қай ел? (Қытай).

  2. Италияда кестелеп тіккен портретті қалай атаған ? (Панно).

Тағамдар.

  1. С витамині қандай қышқыл деп аталады? (Аскорбин қышқылы).

  2. Астың пісуіне байланысты ұлттық уақыт өлшемдерін ата.(Ас пісірім, ет асым, сүт қайнатым, шәй қайнатым).

Сән үлгілері.

1. Стиль түрлерін ата.(Классикалық, романтикалық, спорттық, микростиль, этнографиялық).

2. Әлемдегі мода орталықтары (Париж, Лондон, Рим, Милан, Токио).

Салаттар.


  1. Құрамында міндетті түрде қызылша болатын салат (Винегрет).

  2. Салат қандай тағамға жатады? (Суық тағам).

Тігін бұйымдары.

  1. Қай өлшем арқылы өз өлшемімізді білеміз?(Кеуде өлшемі).

  2. Қазақша арақашықтықтың тігін бұйымдарына қолданылатын өлшемі (бір елі, қарыс, кез, құлан, бір сүйем, қолдың қыры, табан елі).

Кәсіптік бағдар.

  1. Қазақтың ертедегі кәсібін ата. (малшы, үйші, тігінші, ұста, саудагер, емші, бақсы, т.б.).

  2. Мамандықты қалай таңдаймыз? Денсаулыққа, жүрек қалауына, ата-ана мұраты, кездейсоқ).

2-жүргізуші:

Қайта оралды қазағымның бүгін дәстүрлері.

Көптен күткен қазағымының асыл арманы еді.

Берекелі қазақ жері ел мерекесі,

Дәстүрлерін нық ұстайық халқымыздың бұл ежелгі.

1-жүргізуші:

Шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сүндет той

Құда түсу, сырға салу, беташарым-ай.

Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен,

Қыз бозбала кең даланы әнімен желпіп тербеткен –

дегендей, кезекті 5 сайысымыз қазақтың ұлттық салт дәстүріне береміз.

Көрініс.

1-топ «Тұсау кесер». 2-топ «Бесікке салу».

2-жүргізуші.

Еңбек етсе бақ қонады ерге епті,

Еңбекпенен ел өркендей бермекті.

Мұратына жеткен әрбір азамат,

Мәңгі жырлап өтер деймін еңбекті.

1-жүргізуші.

Кімдер білгір, кімдер ұшқыр,

Салыстырып біз көрдік.

Қара қылды қақ жарып,

Әділін тек айтатын,



Ортамызда төбе би, өзіңізге сөз бердік, -

Деп бүгінгі кешті қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет