Тараз қаласы №53 орта мектептің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Заркулова Лаззат Сафаргалиевна
Пәні: Әдебиет
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Қ.Бекқожин «Ақсақ Темір мен ақын» балладасы
Сабақтың мақсаты: Қ.Бекқожин жайлы толық мәлімет жинау, баллада мазмұны мен идеясын ашу.
Сабақтың міндеттері:
1. Халық жазушысы Қ.Бекқожиннің өмір жолы, шығармашылығымен танысады.
2. Балладаның мазмұнына талдау жасайды,зерттейді.
3. Сөз өнерінің құдіретін бағалауға дағдыланады.
Бағалау критерилері:
1. Жазушының өмірі жайлы ойын ашық,анық жеткізеді.
2.Балладаның идеясын талқылай алады.
3.Сөз қадірі,құдіреті жайлы нақылдар айтады.
Күтілетін нәтиже:
1.Шығарманың авторы жайлы өз ойын айта алады.
2.Оқиға желісі туралы жаңа идеялар айтады.
3. Сөйлеу,ойлау бағыттарын еркін жеткізеді.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың стратегиялары:Сөз таптары арқылы бөліну.Блоб ағашы
Сергіту сәті: Джунглидағы жаңбыр
Сабақта қолданылатын тәсілдер: Терминдер арқылы болжау, INSERT.
Сабаққа қажетті көрнекіліктер мен құралдар: компьютер, бейнеролик, стикер, плакат А4, маркер
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын сұрау
3.Жаңа сабақты түсіну
3.Сабақты бекіту
4. Қорытынды
5. Үйге тапсырма
6. Бағалау
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Блоб ағашы туралы оқушыға түсінік беру.
Сөз таптарына қатысты сөздерді тарату арқылы сыныпты топқа бөлу.
2. Үй тапсырмасын сұрау
«Ит ашуы» повесінен үзінді кейіпкерлеріне портрет жасап келу тапсырмасы берілген. Ең үздік суретті бағалап, қабырғаға ілу. (топты формативті бағалау,смайликтер арқылы)
3. Жаңа сабақты түсіну
Қызығушылықты ояту
Компьютер арқылы бейнеролик ашып көрсетемін. Роликтен бүгінгі тақырыптың аты шығады.
Баллада туралы түсінікті меңгерту үшін қосымша материал беру
Мағынаны тану Білу
1. Бейнероликте кім туралы айтылды? Авторы туралы қандай мәлімет айта аласыңдар?
2. Тарихтан Ақсақ Темір деген атақты тұлғаны біз бүгін қай қырынан таниды екенбіз?
Түсіну
1-топқа Тарихтан Ақсақ Темір деген атақты тұлғаны біз бүгін қай қырынан таниды екенбіз?
2-топқа Баллада ол қандай жанр?
3-топқа Ақынның өткір тілі туралы не айтасыңдар?
Қолдану
Постер таратылып беріледі. Сол постерге алдын-ала таратылып берілген суреттермен оқиға құрастыру.
Талдау
Әр топ өзінің постерін қорғайды. (топты Бағдаршам арқылы бағалау)
Жинақтау
1. Тақырып неге бұлай аталған?
Бағалау: Шығармадағы екі кейіпкерді талдадық.Енді осы жерде қай кейіпкердің қасиеті сенде басымырақ? Өйткені екі кейіпкердің де өзіндік тұлға екенін көріп отырмыз?
Үйге тапсырма. Ақсақ Темір туралы тарихи деректерді жинау
6. Бағалау. (формативті) Блоб ағашы арқылы бағалау
Бағалау парағы
№
|
Оқушының аты-жөні
|
Үзінді кейіпкерлеріне портрет салу 5 балл
|
Сұрақтарға жауап беру 1 сұраққа – 2 балл
|
Оқиға құрастыру
3 балл
|
Әдеби терминдер түсінігі 3 балл
|
INSERT 4 балл
|
Қорытынды
|
1.
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
Кері әсер парағы
Достарыңызбен бөлісу: |