Әуезов Мұхтар Омарханұлы Ыбырай Алтынсарин
Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде алғашқы зерттеушілердің бірі
Шешендік сөздер
Конец формы
Конец формы
Шешендік сөздердің ерекшеліктері туралы мәлімет алдық. Енді сол шешендік сөздердің қандай түрлері бар екенін, қандай бөлімдерден тұратыны жайлы әдебиет териясынан алған білімімізді ортаға салайық:
Шешендік сөздер нешеге бөлінеді?
Шешендік арнау дегеніміз не?
Шешендік сөз дегеніміз не?
Таным дерек:
«Шешен» сөзі қазақ тілінде өте ертеден қолданылып келеді. Бұл сөздің мағынасы түйінді мәселелерді шешіп сөйлейтін данышпан, ақылгөй, дана деген ұғымдармен өзектес. Шешен сөзі қазақ тілінде сөзшең, айтқыш, тапқыр, суырыпсалма, ділмар, қызыл тілге жүйрік дейтін сөздермен қатар қолданыла береді. Шешен сөзін халықаралық терминмен атасақ, «оратор» деген сөз. Дальдің түсіндірме сөздігінде «оратор» - әсерлі, әдемі, бейнелі, көркем, ойлы сөйлей алатын адам деген мағынаны білдіреді. Қазіргі тіл білімінде шешен деген сөз көп мағыналы:
Шешендік өнермен айналысатын адам;
Жиналыста т.б. көпшілік алдында сөйлейтін адам;
Қызыл тілді меңгерген шешен сөйлеуге қабілетті адам.
Қорыта айтқанда, шешен дегеніміз – мол біліммен айшықты әсем тілмен оқырмандарына әсер ететін, бір нәрсе туралы сендіріп, бір нәрсеге ұмтылдыратын, сөзге тапқыр, ойы терең, білімдар адам. Орыстың ХІХ ғасырдағы алдыңғы қатарлы гуманист – фольклористері «Қазақтар ұлы импровизаторлардың отаны, риторика мектебінің бесігі» - деп бағалаған.
Қазақ шешендік өнері Жиренше шешен атымен де тікелей байланысты. 1.Олай болса Жиренше шешен кім екен?
2.Жиреншенің «Дүниеде не өлмейді?» деген тапқырлық өнерін рөлге бөліп айтып жіберсек
3. Балалар Жиреншенің жауабымен келісесіңдер ме?
Ал енді балалар! Қазақ шешендік өнерінің танымал өкілдері – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би туралы, олардың даналыққа толы шешендік сөз үлгілерінен, шешендер өмірі, олардың шешендік сөздері, төрелігі туралы алған білімдерімізді қорытындылау мақсатында сабағымызды «Саяхат» сабақ түрінде жалғастырамыз. Әр ауылдан тиісті сұрақтарға жақсы жауап берген, берілген тапсырмаларды жақсы орындаған оқушылар ғана келесі ауылға бара алады. Ол үшін әрбір ауылға байланысты қойылған сұрақтар мен тапсырмаларға нақты жауап бересіздер. Бірінші ауылымыз- Қазақ шешендік өнерінің танымал өкілдерінің бірі, тапқырлығымен «Қарлығаш әулие» атанған -«Төле бидің» ауылы.
Төле би
Төле би кім?
Төле би қандай игі істер атқарған?
Төле би қандай батырлармен бірге азаттық жолында күрес жүргізді?
Төле бидің қандай толғау, шешендік сөздері бар?
1-оқушы: Ұл өссе ұрпақ,
Қыз өссе өріс.
2-оқушы: Үй сыртында төбең болса,
Ерттеулі тұрған атың ғой.
Ел ішінде қарияң болса,
Жазулы тұрған хатың ғой.
Мұғалім: -Ия,балалар, біз сонымен Төле би ауылынан жақсы өттік. . Ал енді, беделі мен ықпалын, шешендігі мен әділеттілігін қазақ хандары ғана емес, ұлы империялар-дың да басшылары мойындаған бабамыз туралы білу мүмкіндігі туып отыр. Ендігі біздің екінші ауылымыз Қазыбек би ауылы.
Қазыбек би
1.Қазыбек Келдібекұлы кім?
2. Қазыбек бидің шыққан ортасы қандай?
3. Қазыбек би өз сөзінде қазақты қандай халық деп көрсетеді?
4.Елші дегеніміз кім екен?
5. Қазыбекке «қаз дауысты» деген атақ берген кім, неліктен?
Таным дерек:
Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда Қазыбек би Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне атқосшы болып алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Сыбан Рабданға барғанында 14 жаста екен. Сол сапарда шешендік танытып, тоқсан тұтқынды, шабылған малды, тоналған мүлікті алып қайтқан. Содан бастап ел назарына ілініп, Қаз дауысты Қазыбек атанып кеткен екен.
Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін жоңғар шапқыншылығы үдей түседі. Ел «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» нәубетіне ұшырап, қатты күйзеліске түскен осы кезеңде Қазыбек би хан-сұлтандарды бірлікке шақырады. Ойраттардың тұтқиылдан жасаған шабуылында қолға түсіп қалған Абылайды тұтқыннан босату үшін Қазыбек би барлық айла-шараларды қолданып, 1743 жылы Абылайды тұтқыннан босатып, қазақтың 33 қаласын Әбілмәмбет ханға қайтарып беруге үлкен үлес қосқан.
(«Тарихи тұлғалар» кітабынан)
Достарыңызбен бөлісу: |