Күні: 19.09.2013 жыл Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7 «Ә»
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Билер сөзі – ақылдың көзі Шешендік сөздер
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға шешендік өнердің шығу тарихын, ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы екендігін, ерекшеліктері жайлы түсінік бере отырып, билер тақырыбынан алған білімдерін шыңдай отырып, оқушылардың өтілген тақырып арқылы тілін дамыту, тіл байлығын жетілдіру;
ә) шешендік сөздердің, риторика ілімінің қалыптасуына үлес қосқан ұлы тұлғалар туралы деректер жинау арқылы өз бетінше ізденуге, сезімтал, шешен болуға , бүгінгі өмір сынына төтеп беруге , өз пікірін жүйелі атйта білу қабілеттерін дамыту;
б) шешендік сөздер арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын, шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге, әділ, бауырмал болуға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Қалыптан тыс-саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелері, салыстыру кестесі, түсіндірме сөздік, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих, халық ауыз әдебиеті
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Бүгінгі біздің өтетін сабағымыз осыған дейін өтілген шешендік сөздерді қаншалықты меңгергенімізді анықтауға бағытталмақ. Яғни, саяхат сабағын өткіземіз. Шешендік сөздер қашанда халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен бірге олар-тәрбие құралы. Қазақ халқы қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін, өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап, жаттап айта жүруді, одан үлгі-өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер, билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге көп мағына сыйғызып, халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі мақсаты –адамдарды иландыру, айтқысы келген нәрсені нақ айтып сендіру. Шешендердің сөз тапқыш, сезімтал, суырыпсалма ақын сияқты әр түрлі қасиеттері болған. Олар жалпы өмір туралы,ел қорғау туралы хабардар етіп отырды. Олар: Әйтеке би,Төле би, Қазыбек би, Жиренше шешен, Майқы би, Саққұлақ шешен т.б
Ал оқушылар саяхат сабағымызды бастамас бұрын «Қазақтар шешен келеді, олар мақамдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады», - деген ұлы ғалым
Василий Васильевич Радловтың ұлағатты сөзінде қазақ халқына тән қандай қасиет туралы айтылғандығына тоқталсақ:
Шешендік сөздер
Шешендік сөздердің шығу тарихы
Дүниежүзіне әйгілі шешендердің қызметі
Шешендік сөздің даму кезеңі
Шешендік сөздердің өзіндік ерекшелігі
Қазақ шешендік өнерінің жанданған кезі
Шешеннің басты қасиеті қандай болу керек?
Қазақ шешендік өнерін алғаш зерттеуші ғалымдар
Достарыңызбен бөлісу: |