|
|
бет | 2/2 | Дата | 25.08.2017 | өлшемі | 168,15 Kb. | | #27432 | түрі | Сабақ |
|
6) Шығармашылық жұмыс.
Сөз жұмбақ «Қазақстан»
1. Математикалық 4 амалдың біреуі.
2. 5-сынып. Математика оқулығының авторы.
3. Қосу амалына кері амал.
4. Бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан.
5. Айырмашылығы таңбасында ғана болатын сандар?
6. Алымы бөлімінен үлкен болатын бөлшек қалай аталады?
7. Әріпті өрнектердің теңдігін не дейміз?
8. Бүтін және бөлшек сандарды қандай сандар деп атаймыз?
9. Санауға қолданатын сандар
Жауаптары
1.Қосу
2. Алдамұратова
3. Азайту
4. Аралас
5. Қарама-қарсы
6. Бұрыс
7. Теңдеу
8. Рационал
9. Натурал сандар
7) Тірек сызба
ах=b түріндегі теңдеу (мұндағы х-айнымалы, а және b-қандай да бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.
1 қасиет:
теңдеудегі қосылғыштың таңбасы қарама-қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
2 қасиет:
теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
Бір айнамаласы бар сызықтық теңдеуді шешу үшін:
Теңдеуді теңбе-тең түрлендіріп ықшамдау керек;
Айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына жинақтау керек;
Теңдеудегі ұқсас мүшелерді біріктіріп, теңдеуді ах=b түріне келтіру керек;
Теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффициентіне бөліп, теңдеудің түбірін табу керек.
8) Сабақты қорытындылау, бағалау
9) үйге тапсырма №861,862
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|