№278 орта мектеп
Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Сыныбы: 6 «Б»
Пән мұғалімі: Исаева Гауһар
2015-2016 оқу жылы
Математика 6 сынып
Күні: 22.01.2015
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу (слайдымен)
Сабақтың эпиграфы:
Қолымыздан қайрат, санамыздан ақыл кетпесе, жақсылыққа жетеріміз хақ.
(Н.Назарбаев)
Сабақтың мақсаты
Білімділік:Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді есептер шығару арқылы бекіту
Дамытушылық: Есептеу әдістерін және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелілік:Оқушыларды ынтымақтаса жұмыс жасауға, өзара көмектесуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: Тақта, сызбалар, слайд, карточкалар, оқулық.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
1) Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
2) Сәлемдесу әдебі
3) Слайдта көрсетілген «тақ сандар», «жұп сандар» және «теріс сандар» бойынша оқушыларды үш топқа бөлу және топ басшыларын анықтау;
2)Өткенді қайталау
1. Теңдеуді шешу дегеніміз не?
2. Мәндес теңдеу деген не?
3. Теңдеудің түбірі дегеніміз не?
4. Сызықтық теңдеуді зерттеген қазақ математигі кім?
3)«Білім - басты мұрат»
Есептер шығару
1. Егер а=-5 болса,онда 2+3а=2+3*___=___
2. Егер b=-1 болса, онда 7-2b= 7-2*___ =___
3. Егер d=-3,6 болса, онда 4+5d=4+5*___=___
4)«Білім-таусылмайтын кен»
Тест есептер.
1. Теңдеуді шешу: 0х=5
а) 0; в) 5; с) түбірі жоқ
2. Теңдеуді шешу: 7х+3 = х+15
а) 2,25; в) 2; с) 3
3. Теңдеуді шешу: 0х = 0
а) 0; в) 1; с) х- кез-келген сан
4. Теңдеуді шешу: 6х-7 = х+3
а) 2; в) -4/7 с) -4
5. Теңдеуді шешу: 3х = 1
а) 3; в) 1/3 с) 1
Жауаптары:
С
В
С
А
В
5) Тапсырмалар орындау
Достарыңызбен бөлісу: |