Сабақтың тақырыбы : Біз салат жасаймыз. Грамматика: Сілтеу есімдігі. Сабақтың мақсаты



Дата22.06.2017
өлшемі28,57 Kb.
#19669
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Біз салат жасаймыз. Грамматика:Сілтеу есімдігі.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Тақырып төңірегінде сөйлей білу. Оқушыларды қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге, дұрыс аудара білуге баулу. Мәтінмен жұмыс жасай отырып, қатесіз жазуға үйрету. Азық-түлік жайлы алған мағлұматтарын кеңейту. Әр оқушының білім сапасын арттыру.

ә) Дамытушылығы: Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын сөздік қор жинау арқылы қалыптастырып, сауатты және дұрыс сөйлеуде қолдануға үйрету. Материалдарын өмірдегі жағдайларда пайдалана алу үшін әр түрлі әдістер қолданып, тілдесім әрекетін жандандыру. Практикалық жұмыстарға көбірек көңіл бөлу.

б) Тәрбиелігі: Оқушыларға астың маңыздылығын түсіндіре отырып, міндетті түрде дұрыс тамақтану керектігін ұғындыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, түсіндірмелі талдау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. I.Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Отырыңдар. Бүгін кім кезекші? Сабақта кім жоқ? Үйге қандай тапсырма берілді? II.Үй тапсырмасын тексеру. Сабақтың мақсаты мен барысымен таныстыру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою.

Жаңа сөздермен таныстыру.

1. Сөздікпен жұмыс

арқау - поддержка

әсіресе - особенно

міндетті түрде - обязательно

әл – сила

асқазан – желудок

Қорыту - переварить

Тамақтану - питаться



2. Дәптермен жұмыс

Жаңа сөздер бойынша сөйлемдер құрап жазу.



Мысалы:

Ережені дұрыс айту керек.

Өтірік айтқанын дұрыс емес.

3. Ереже жаздырту Ереже.

Сілтеу есімдіктері (Указательные местоимения) - нұсқау, мегзеу, көрсету мағыналарын білдіреді. Олар: ол, сол, бұл, мына, мынау,осы,осылар т.б.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы.

Ас - адамның арқауы. Адам дұрыс тамақтануы керек. Таңғы асты міндетті түрде ішу керек. Мен таңертең ботқа және нан мен май жеймін. Түскі ас та маңызды. Түскі асқа ет пен сорпа ішемін.

Кешкі асқа салат, айран, май және нан жеймін. Кешке көп тамақ жеуге болмайды. Біз ұйықтардың алдында аз тамақ жейміз. Өйткені асқазанымыз тамағымызды қорыту керек.
Тапсырмаларды орындау.

1-тапсырма. Мақал – мәтелдерді түсініп оқып, жаттап ал.

1. Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

2. Ас атасы – нан

3. Нан – киелі ас

4. Нан болмаса, ән де болмайды

5. Алтын- күміс тас екен,

Арпа - бидай ас екен.


2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой.

1. Бізді... үй...е қона... келді. 2. Ана... дастар... ан жая бастад... . 3. ...стел үстін... ба...ырсақ, ма..., қайма... қойылд... . 4. Там...қ өте д...мді бол...ы. 5. А...а бат... жасад...


3-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

  1. Адам қалай тамақтану керек?

  2. Түскі асқа не жейсің?

  3. Кешке қалай тамақтану керек?

  4. Тамағымызды не қортады?


Рефлексия

  • Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Ұнаған жоқ па? Несімен ұнаған жоқ?

  • Тағы да не білгілерің келеді?

  • Бәрі түсінікті болды ма?


IV Қорытынды

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеремін.

- Бүгінгі сабағымызда қандай тақырыппен таныстыңдар?

- Грамматикалық тақырыбымыз қандай болды, мысал келтір.

- Адам қалай тамақтану керек?

V. Бағалау

Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау.


VI. Үй тапсырмасы

Мәтінді мазмұндау.


Пән мұғалімі: Ілияс С.Б

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет