Сабақтың тақырыбы : Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны. Сабақтың мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі112,68 Kb.
#27374
түріСабақ
Биология 7 сынып

Мұхан Әлия -№224 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі

Қызылорда облысы, Жаңақорган ауданы, Өзгент ауылы

Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы

және пайда-зияны.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік :Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін айқындау. Бунақденелілер туралы білімдерін тереңдету және кеңейту.

Дамытушылық : Оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік:Тірі ағзаларға деген қамқорлық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақ типі : аралас

Құрал –жабдықтар: Интерактив тақтасы, презентация

Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ Жаңа сабақ

ІҮ Бекіту

Ү.Үйге тапсырма беру.

І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, Сабақ мақсаты

ІІІ Жаңа сабақ

Бунақденелілердің дамуы үш түрлі жолмен өтеді


Тура даму (қанатсыз бунақденелілер

Шала түрленіп даму (инелік,дәуіт,шегіртке,бұзаубас,бит т.б)

Толық түрленіп даму (қоңыздар,көбелектер,бүргелер,шыбындар,масалар,құмысқа,баларалар т.б )













  • Тура даму дегеніміз – ұрықтанған жұмыртқадан тікелей ересек бунақденеге ұқсас жәндіктердің шығуы.

тура даму
жұмыртқа имаго
шала түрленіп даму
жұрыртқа дернәсіл имаго
толық түрленіп даму
жұмыртқа дернәсіл қуыршақ имаго

Имаго дегеніміз не?

Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады.

Имаго ( латынша имаго- ересек құрт дегенді білдіреді ).

Бунақденелілерді зерттейтін ғылым

Энтомология деп аталады ( гректің « ентома » - бунақдене + « логос » - ғылым деген сөзінен шыққан ).


зиянды бунақденелілер

қарақұрт,құршаян,кене, улылығымен,ауру таратқыштығымен зиянды. Маса,бүрге,бит,тарақан т.б қауіпті аурулар таратып адамға зиянын тигізеді.Азиялық шегіртке 1-2 сағатта жүздеген егістікті жояды.Өте қауіпті, зиянкес жәндік.т.б



пайдалы бунақденелілер

Баларалар адамға бал береді. Жібек көбелегі жібек алу үшін өсіріледі. Кейбір елдерде шегірткені тағам ретінде пайдаланады. Көңқоңыз ін қазу арқылы топырақты қопсытады.



Бекіту сұрақтары :
1.Бунақденелілер қалай көбейеді ?
2.Азиялық шегіртке неге өте қауіпті зиянкес жәндік болып саналады ?
3.Имаго дегегеніміз не ?
4.Бунақденелілерді зерттейтін
ғылым қалай аталады ?
Үйге тапсырма : § 47 оқу.

Сыныбы: 7



Сабақтың тақырыбы: Раушангүлділер және бұршақ тұқымдастар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға раушангүлділер және бұршақ

тұқымдастар өсімдіктер туралы түсінікті нығайту



Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту

Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Интерактив тақтасы

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

II Үй тапсырмасын сұрау

III Жаңа сабақты түсіндіру:

І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, Сабақ мақсаты

ІІІ Жаңа сабақ

Раушангүлділер


3000 астам түрі бар
Елімізде 35 түрі өседі: алмұрт,алма,мойыл,шетен,
Қосжынысты, қосжарнақты өсімдіктер тобы.
Фор: Т 5 К 5 А көп Ж біреу
Жемістері құрғақ,шырынды жемісті, шиенің жемістері,таңқурай жемісті көпсүйекті болып келеді.
Құрғақ жеміске құлпынай мен итмұрын ,құрма жатады.
Итмұрын фор: Т (5) К5 Акөп Жкөп
жабайы алхоры фор: Т (5) К 5 А 20 Ж1
Раушангүлділер тағам, дәрі – дәрмек ретіндеде колданылады. Мыс бадамнан бағалы дәрі – дәрмек дайындалады, шие шайыры халақтық медицинада
тері бөртпелерін емдеуге қолданылады.

Бұршақ тұқымдастар


Қосжарнақты өсімдіктер
12000 түрі бар
Елімізде 650 түрі өсіріледі.
Тамыр түтікшелері арқылы бос азотты сіңіріп, тамыр түйнектерін түзеді.
Гүл құрылысында ерекшеліктер бар
Ең ірі күлтежапырақша “ желкен” күлтенің екі бүйіріндегі 2 күлтежапырақша “ескек” ал төменгі тұтасып өскен екеуі “қайықша”.деп атайды.

Кестені толтырыңдар





Пайдалануы

Өкілдер атауын теріп жазыңдар

Тағамға

Мал азығына

Сәндік үшін

Медицинада

Улы түрі





Сипаттамасы

Раушангүлділер

Бұршақ тұқымдастар

  1. Тірішілік формасы

  2. Пішіні мен құрылысы

  3. Гүл формуласы

  4. Жемістерінің ерекшеліктері

  5. Тұқымдасқа жататын өсімдіктер

Халық шаруашылық маңызы






Екі тұқымдастың сипаттамасын кестеге мыныдай ретпен толырыңдар

Бекіту сұрақтары :

Раушангүлді өсімдіктер құрылысының ерекшеліктері неде ?

Раушангүлділердің гүл құрылысы қандай ?

Бұршақтың жемісі қалай аталады ?

Үйге тапсырма : 27 оқу.

6 сынып

Сабақтың тақырыбы: §15. Сабақтың түрөзгерістері

Сабақтың мақсаты

Білімділігі – өсімдіктің сабақтың түрөзгеріс түрлерін, олардың өзіндік

ерекшеліктерін оқушы тұлғасына жете түсіндіру.



Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында

жағымды өзгерістерге жету;



Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: Интерактив тақтасы, плакаттар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

ІІІ Жаңа сабақ



Жоспар:

1. Түрі өзгерген жер үсті сабақтар.



2. Түрі өзгерген жер асты өрендер





ІV. Бекіту.

Тамырсабақ пен тамырдың айырмашылығы

Тамырсабақ

Тамыр

1. Тамырсабақтың ұшында бүршік болады.

1. Тамыр ұшындай оймақшасы бар.

2. Буын және буынаралығынан тұрады.

2. Буын және буынаралықтары болмайды.

3. Жапырақтары қабыршақты, қоңыр түсті.

3. Жапырақ болмайды.

4. Қабыршақ қолтығында бүршіктер орналасады.

4. Бүршіктері жоқ

5. Бүршіктен дамиды.

5. Ұрық тамыршасынан дамиды.

6. Тек көпжылдық өсімдіктерде болады.

6. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығында болады.

Түйнек пен тамырдың айырмашылығы

Түйнек

Тамыр

1. Түйнектің сыртында жапырақ іздері (көзшелері) бар.

1. Тамыр ешқашақ жапырақ шығармайды.

2. Бүршіктері кезектесіп орналасады, одан өркен дамиды.

2. Бүршіктері болмайды.

3. Жарық түссе, түйнек дереу жасыл түске боялады.

3. Қанша жарық түссе де тамырдың түсі өзгермейді.

Бекіту сұрақтары :

Шырынды сабақатар өсімдікте қандай қызмет атқарады ?

Қырыққабаттың алып бүршік екендігін қалай дәлелдейсіңдер ?

Жер асты өркендерді атаңдар, неліктен жер асты өркендер дейді, түрін өзгеруіне не себеп ?



Үй тапсырмасы. 15 оқу























Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет