Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі
«Келісілді» «Бекітемін»
Колледж әдіскері Директордың оқу ісі жөніндегі
___________ Н.Т Кенешова ___________ Ж. О Беккалиева
«___» __________ 2014ж «___» __________ 2014ж
Ашық сабақ
Тақырыбы: Деформация түрлері
Тобы: КИПиА-11
Жалпы білім беретін жаратылыстану Дайындаған физика
Математика пәндік – циклдік комиссия пәнінің оқытушысы
отырысында қаралды және келісілді. ___________ Г. Р. Медетова
«___» ____________2014ж
Хаттама №___________
ПЦК т-райымы_____________ Г. Х.Ельжанова
Атырау, 2014ж
Сабақтың тақырыбы: Деформация түрлері
Сабақтың мақсаты: Серпімділік күші, деформация және Гук заңы туралы негізгі ұғымдарды қалыптастыру.
Білімділік: Серпімділік күші, деформация және Гук заңының қандай физикалық шамаларға тәуелді екендігін білу.
Дамытушылық: Серпімділік күші, деформация және Гук заңы туралы білімдерін, оқушылардың өзіндік ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелілік: Сабақ барысында оқушылардың дербестігін, пікір алмасуға, шығармашылық өздігінен білім алуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа тақырып өту.
Сабақтың түрі: Интерактивті, зерттеу сабағы.
Сабақтың әдісі: жаңа технологияны қолдану, деңгейлеп саралап оқыту элементтері, миға шабуыл элементтері.
Сабақтың құрал-жабдықтары: Электронды оқулық, ноутбуктер, штатив, динамометр, слайд-презентация, видео бейне материалы, динамометрлер, қатаңдығы әртүрлі серіппелер, доп, резеңке жіп, шар, темір сымдар, пластиллин, үлестірме қағаздар, сызғыш
Күтілетін нәтижесі:
Деформацияны түсіну, пысықтау
Тақырыпқа байланысты әр түрлі формулалармен есептер шығара білу.
Өтілген формулаларды естерінде сақтау.
Білімдерін берілген түрлі тапсырмалармен, тест сұрақтарымен толықтыру.
Қалай көремін:
Символдармен жұмыс
Машықтық жұмыс
Физикалық диктант
Тест
Деңгейлік тапсырма
Сабақтың жоспары.
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Қызығушылығын ояту
3. Мағыныны тану.
4. Толғаныс
5. Сабақты қорытындылау
6. Бағалау
7. Үй жұмысы
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа зейіндерін аудару.
Үй жұмысын тексеру.
ІІ. Қызығушылығын ояту
Дене жылдамдығының өзгеру себебі неде?
Дене формасының өзгеру себебі?
Мақалдардың физикалық мағынасын түсіндір:
1. Жоғары лақтырылған тас өз басыңа құлайды. (Қырғыз)
2. Сарқырама қанша жоғары құлап аққысы келсе де, бәрібір ол төмен ағады. (Қытай)
Нені үйренуіміз қажет?
Серпімділік күші дегеніміз не?
Гук заңы нені анықтайды?
Деформация дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
Осы сұрақтарға бүгін өтілетін сабақ жауап береді.
Өткен сабақта үй жұмысына мен Роберт Гук жайлы мәлімет жинауды тапсырған едім. Кім Гук туралы қысқаша айтады?
Robert Hooke- әйгiлi ағылшын жаратылыстанушысы, ағылшындық Уайт аралында Фремуотер деген жерде 1635 жылы дүниеге келдi.
Орта мектептi бiтiргеннен кейiн Оксфорд Университетiне түседi.
1660 жылы әйгілі “Гук заңын” ашты.
1661 жылы каппилярлық құбылысқа арналған еңбегiн жариялады.
Гук өзiнiң 1665 ж. жарық көрген «Микрография» атты еңбегiнен кейiн әйгiлi болды. Бұл кiтапта Гук өзі жетiлдiрiлген микроскоппен көп зерттеулерін жүйелеп баяндайды. Тағы да бұл кiтабында Гук жарықтың табиғаты жайында ойларын жазып кеткен.
Кейін ол астрономиялық құрал-саймандарды ойлап табу және оларды жетiлдiрумен айналысты, биологиялық, географиялық, геологиялық зертеулер жүргiздi.
1703 жылы қайтыс болды.
Жаңа сабақты бастамастан бұрын мына видео үзіндіні көріп тамашалайық.
Достарыңызбен бөлісу: |