Сабақтың тақырыбы : дк-дің перифериялық құрылғылары



Дата23.04.2020
өлшемі55,5 Kb.
#64497
түріСабақ
Байланысты:
ДК-дің перифериялық құрылғылары



Сабақтың тақырыбы: ДК-дің перифериялық құрылғылары

Джойстик — ол стержіндік-қалам депте аталады, экран бетінде тік және қисайту жағдайларын қамти алатын манипуляторлық тетік.Көбінесе компьютерлік ойындарда қолданылады. Кейбір модельдерде қысымның көрсеткіші болады. Қаламның батырмасына қатырақ басатын болсақ, онда экран бетінде курсор тезірек жүретін болады.

Принтер — баспаға басатын құрылғы. Компьютердегі ақпаратты кодтап, мәтіндік немесе графиктік түрде қағаздарға шығарады.

Принтерлердің түрлері көп, бірақ негізгі үш түрі бар: матрицалық, лазерлік және сиябүріккіш (струйные).



Матрицалық принтерлер өте кішкентай іштік инелер жиынтығынан тұрады, ол инелердің көмегімен боялған таспаға салған қағазды ұру арқылы символдардың ізін қағазда қалтырады. Принтерде басылған әрбір 9, 18 немесе 24 инелердің көмегімен орныдалады. Матрицалық принтерлердің қатты дыбыс шығаруы, нашар қағазға басылуы олардың кемшіліктеріне жатады.



Лазерлік принтерлер олар крерокстар секілді жұмыс атқарады. Компьютер өз жадына беттің «көшірмесін» ( "образ") сақтап принтерге жібереді. Ақпарат қағаз бетіне лазірлік сәулелер айналып тұрған жарықты тез сезгіш барабанға түсу арқылы проекцияланады.



Электр тогының кернеуімен қызған барабан бетіне боялған парошокты (тонер) жабыстырады. Принтер ыстық валдың арқасында өзіне қағазды барабан астына салып тартады, сол кезде тонер қағаз бетіне түседі. Ондай притерлердің монохромды және түрлі түсті түрлері бар.

Сиябүркіштік принтерлер сия құйғышы бар ыдыс арқылы өзінің бояуын бүрку арқылы қағазға басады.



Плоттер (графикасалушы) — компьютердің көмегімен графиканы сызатын, сурет салатын немесе диаграмма құратын құрылғы.

Плоттерлер конструкторлық сызбаларды, архитектуралық жоспарларды, географиялық және метеорологиялық карталарды , күрделі сызбалады алу үшін қолданады. Плоттерлер суреттерді проның көмегімен салады. Роликтік плоттерлер перо астынан қағазды айналдырып отырады, ал планшеттік плоттерлер горизонтал жатқан қағаздың жаөық бетінің үстімен жүргізеді.



Сканер — компьютерге мәтіндік немесе графикалық ақпаратты енгізетін құрылғы. Суреттің немесе мәтіннің цифрланған құжатын алып компьютердің жадына енгізеді.



Егер принтерлер компьютерден ақпаратты қағаз бетіне шығарса, ал сканерлер қағаз бетіндегі мәтінді және бейнелерді компьютерге енгізеді. Қолдық снанерлер қолдың көмегімен құжаттың үстінен өткізеді және плпншеттік сканерлер копия жасайтын құрылғылар секілді қағаз бетіндегі ақпараттың көшімесін алып компьютерге енгізеді.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет