Сабақтың тақырыбы : е тістіктің сөйлемдегі қызметі



Дата25.08.2017
өлшемі72,12 Kb.
#27306
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пән аты: Қазақ тілі.

Сыныбы: 7

Күні, айы, жылы:

Тоқсан: ІІІ

Сабақтың тақырыбы : Етістіктің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты: а) етістік тарауы бойынша алған білімдерін пысықтау, етістіктің сөйлемдегі атқаратын қызметі жайлы түсіндіру;
ә) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы сауаттылыққа баулу.



Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі : тіл дамыту, түсіндіру, талдау, семантикалық картамен жұмыс, тест,

Сабақтың көрнекілігі : семантикалық карта, талдау үлгісі, үлестірмелі материалдар, слайд
Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару. Оқушыларға бағалау парағын тарату.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. 5 сөйлемді талдау



Өткенді пысықтау:

«Күлімдеген күн көзі.»Мына үстелдің үстіндегі шуақтарды ала отырып,артында жазылған сұрақтарға жауап беріп, күннің көзінің жылуын шашайық.

Ал ендеше іске сәт!
Сұрақтар:
1.Етістік нені білдіреді?
2.Етістіктің неше шағы бар,атаңыз.?
3.Осы шаққа мысал ойлаңыз.
4.Өткен шақтың түрлерін атаңыз.
5.Есімшенің жұрнақтарын атап беріңіз.
6.Көсемшенің жұрнақтары ,атаңыз.
7.Етістіктің райларын атаңыз.
8.Тұйық етістікке бірнеше мысал ойлаңыз.
9.Етістік тұлғасына қарай қалай бөлінеді?
10.Етістіктің мағыналық түрлерін атаңыз.
11.Қалып етістіктерін атап беріңіз.

12.Етістік категорияларын атап шық.



І. Жаңа сабаққа шығу:

Қиылған буындар арқылы тақырыпты табу.

Е-тіс-тік-тің сөй-лем-де-гі қыз-ме-ті.

Мақсат қою.



Сұрақ.

Сөз таптарының сөйлемдегі қызметі дегенде нені қарастырамыз?

І топ Сөйлем мүшелері кестесі

ІІ топ Тұрлаулы мүшелер

ІІІ топ тұрлаусыз мүшелер кестесі


б) Жаңа сабақты түсіндіру : Слайд арқылы. Оқушыларға өздігінен түсініп, ереже шығаруға мүмкіндік беру.


Етістік




Бастауыш

баяндауыш

толықтауыш

пысықтауыш

анықтауыш

Есімше мен тұйық етістік атау септігінде тұрып,бастауыш болады.

Етістіктер жіктеліп келіп,баяндауыш болады.

Есімше және тұйық етістік атау және ілік септіктерінен басқа септіктерде тұрып,толықтауыш болады.

Қимылдың әр түрлі қасиетін білдіріппысықтауыш болады.

Есімшелер және ілік септігіндегі тұйық етістік анықтауыш болады.

Оқу-білім бұлағы

Мен биыл мектепті бітіремін.

Білгенге маржан,білмеске арзан

Ол күлімсіреп қарады.

Оқудың шегі жоқ




Оқулықпен жұмыс:

Жаттығумен жұмыс: 194-жаттығу. Етістіктерді тауып,сұрақ қою арқылы сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын көрсетіңдер.

Тақтамен жұмыс : Тақтаға бірнеше сөйлем жазып синтаксистік, морфологиялық талдау жасайды.

193-жаттығу. 1 сөйлем синтаксистік талдау

Қарана бастады

Соққан


Сергіту сәті:

Білімді бекіту :

Семантикалық карта .

Атауы

мысал


Дара етістік

Күрделі етістік

Негізгі етістік

Туынды

етістік


Болымды етістік

Болымсыз етістік

Салт

Сабақты

Баста

 

 

 

 

 










Ойнап отыр

 

 

 

 

 










Жеңілген жоқ

 

 

 

 

 










Жүгіріп жүр

 

 

 

 

 










Кел

 

 

 

 

 










Ойнады

 

 

 

 

 










Сана

 

 

 

 

 









Бір сөзбен сөйлем құрып сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқаратындығын айту.



Тест.

1.Етістік сөйлемде қандай мүше болып тұр?
Аққу қолға тез үйренеді.
А)Бастауыш.
В)Баяндауыш.
С)Тұрлаусыз мүше.
Д)Толықтауыш.
Е)Пысықтауыш.
2.Анықтауыш қызметіндегі есімшені табыңыз.
А)Баймақан Жомарттың бөлмесіне кірген.
В)Шығармаңыз осы үйден табылады.
С)Ердің атын еңбек шығарады.
Д)Ыстаған сабаның исі мұрынды жарып тұрар.
Е)Батырға таяқ та жарақ.
3.Толықтауыш қызметіндегі етістік қатысқан сөйлемді белгілеңіз.
А)Бала теңіз жаққа ұзақ қарады.
В)Ол бұл жолы сізден жеңілгенін мойындады.
С)Ақырын басып сынаққа кірді.
Д)Қарауыл тауының басынан төңірек түгел көрінді.
Е)Бүгін түске дейін жұмысын тез аяқтады.
4.Пысықтауыш болатын сөзді көрсетіңіз.
Қасқыр Ақбілек отырған қостың аузына келіп қалды.
А)Қасқыр
В)Ақбілек
С)Қостың аузына
Д)Аузына
Е)Келіп қалды
5.Толықтауыш қызметіндегі етістікті анықтаңыз.
А)Мен өтірік айту дегенді білмеймін.
В)Ойы-Дөңқараның бергі түбегіне жету.
С)Мұқата  сөйлеген Шұғылдың сөзін Хакімде есітті.
Д)Амалсыз реніштен қиналып отырып шыдапты.
Е)Үй иесі су киімін шешті.
Жауабы:

1.в 2.д 3.в 4. с 5.а
Үйге тапсырма : 123-бет 195-жаттығу.


  1. Бағалау : Топ басшыларының бағалау парағын ескеріп бағалау

Бағалау парағы:

Оқушы

аты-жөні

Үй жұм.

Қайталау сұрағы

Жатт.

192

Тал

дау

Сем. карта

тест

белсенділік

баға

Қорытынды баға

1




















































































































Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет