а)білімділік: оқушыларға Әбдіжәміл Нұрпейісовтың өмірі, шығармашылығы,
«Балықшылар» («Қан мен тер» романынан үзінді) жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар,
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
Кезекші мәлімдемесі.
Журнал бойынша түгелдеу.
Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сұрау. М.Мақатаев Өмірі, шығармашылығы туралы түсінік
«Анау –аспан, мынау – бақ» өлеңін жаттау
Қосымша мәліметтер іздену.
Қосымша сұрақтар қою.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабакта оқушыларға Әбдіжэміл Нүрпейісовтің өмірі, шығармашылығы,
Әбдіжәміл Нұрпейісов – Арал теңізінің жағасында дүниеге келген. «Курляндия», «Күткен күн» романдары және «Қан мен тер» трилогиясының авторы. Арал балықшыларының ХХ басындағы Қазан төңкерісі жылдарындағы ауыр өмірін суреттеген «Қан мен тер» трилогиясы қазақ оқырманына кеңінен таныс.
«Балықшылар» («Кан мен тер» романынан үзінді) жайлы түсіндіремін.
Бұл үзіндіде балықшылардың қиын өмірі әңгімеленеді. Балық аулап оны байға өткізіп, жарымас айлық алып күн кешкен, өздері талғажау етуге де балық бермейтін сараң байдың іс-әрекеті іңгімеленеді. Балықшыларды қолайсыз ауа-райына да қарамай мұз үстіне жіберіп, адам өмірін емс тек ақшаны көздеген бай, сол ауылдың әкімі жұмысшыларды байға жамандап, оларды ұрғызғандығы, Мөңкенің өлген ұлын да көму үшін сұранғанда жұмыстан босатпағандығы, балық аулауға шығып кеткен балықшылардың ауыр жағдайы, оларды құтөаруға шыққан түйеші мен Андрейдің теңіз үстінде желмен арпалысып, өмір үшін қанша өиналып, соңында құсқа жем болып теңіз ортасында қалуы, ламанның өшіккеннен, ызаланып Федоровты ұрып өлтіргені өте аянышты суреттеледі. Бұл үзіндіден күн көрудің қанша өиын болғанын, елде теңсіздік жоқ болғанын, қазақтардың орфс байларына тәуелді болғанын, патша үкіметін озбырлығын білеміз.
Сабақты бекіту.
Сөздікпен жұмыс:
Репеті – түрі, ыңғайы деген мағынада
Қаратаз – болыстың есімі
Үркердей үйіріп – топтап үйіріп деген мағынада қолданылған.
Түсінік тексеру:
Балықшылар әңгімесі қандай романнан алынған?
Негізгі тақырыбы не?
Қандай теңіздің балықшылары туралы айтылады?
Бұл қай кездегі уақиға?
Басты кейіпкерлер кімдер?
Сабақтың қорытындысы:
Бағалау:Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.