Сабақ: С. Бегалин Қырдың жас түлегі Мектеп: №268 Күні: 18. 11. 2016ж



бет1/2
Дата05.06.2017
өлшемі3,23 Mb.
#17775
түріСабақ
  1   2
Тексерілді: _____ Әдебиеттік оқу Сабақ жоспары



Сабақ: С. Бегалин Қырдың жас түлегі

Мектеп: №268

Күні: 18. 11. 2016ж

Мұғалімнің аты-жөні: Ошақбаева А

Сынып: 4 «А»

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Мәтін мазмұнымен танысады , тақырыбы мен идеясын ашады. Оқушыларға С.Бегалин туралы шығармашылығы туралы мәлімет беру, Шоқан бейнесімен таныстыру, өмірі, шығармашылығы туралы қосымша түсінік алуға мүмкіндік беру;
Өзбетінше ізденуін,шығармашылық қабілетін дамытуға, сөздік қорын молайтуға ықпал ету;туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлы тұлға өмірінен үлгі-өнеге алуға тәрбиелеу

Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар істей алады:

Мәнерлеп оқи алады,мәтінді түсінеді



Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Кейіпкерді ажырата алады



Кейбір оқушылар істей алады:

Мақалдың мағынасын аша алады



Тілдік мақсат

Оқушылар: сабақ барысында жеке жұмыс жүргізеді.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Жатақ, кадет корпусы, қамау көше

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Ертіс бойына балалар қай кезде келеді ?

2. Шоқан қай жердің табиғатына тамсана қарады?

3.Шоқанның бойын қандай сезім биледі?

4. Оның жанына кім келді?

5.Шоқан мен дәрігер не жайлы әңгімелесті


Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

1. Шоқан оқыған сынып неліктен түгел жазаланды?

2.“Қорқарың бар қораға кірме”деген сөзді қалай түсінесің?




Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:

Тілдік дағдылар сабақ барысында жүргізіледі.

Алдыңғы оқу

Ш. Уәлиханов «Абылай хан »

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз

Ресурстар

Басы


5 мин

Психологиялық дайындық

Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат

Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат

Әрбір ісің – тірек, тірлік, адамдық



Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық

Үй тапсырмасын тексеру: Үш шырақтан тапсырма орындалады

  1. Тапсырма

  • Қазақ жеріне кімдер шабуыл жасады?

  • 1730 жыл шабуыл жасаған Жоңғар қонтайшысы кім?

  • Абылай өсиетінде кіммен байланысты үзбеу керек деді?

  1. Тапсырма

  • 1774 жылы Абылай ел басшы етіп кімді қойды?

  • Орыс ұлықтары қазақ еліне қарым –қатынасты кім арқылы жүргізді?

  1. Тапсырма

  • Абылай хан кім?

  • Абылай хан қай жылы дүниеден өтті және денесі қайда жерленді?

  • Абылай хан әңгімесін кім жазды?

19 – ғасырда өмір сүріп, қазақ халқының мәдениетін дамытуға үлес қосқан халқымыздың 3 көрнекті шамшырағы

Ыбырай, Абай, Шоқан.

Халық Ыбырайды – оқу – ағару ісін дамытушы.

Абайды – әдебиетті дамытушы,

Шоқанды – ғылымды дамытушы деп бағалаған.

Осы Шоқан туралы жазған Сапарғали Бегалиннің Қырдың жас түлегі» атты әңгімесімен танысамыз.


Слайд

Ортасы

30 мин



«Танып ал» әдісі

Сапарғали Бегалин

(1895-1983ж)

қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған. Қазақтың белгілі жазушысы. Ол балаларға арнап 20-дан астам кітап жазып, балалар әдебиетін дамытуға елеулі еңбек сіңірді. Сапарғали Бегалин «Сәтжан»,«Көксегеннің көргендері», «Шоқан асулары», «Алтай аңызы» т.б. көптеген шығармаларды жазған. Бұған дейін ол кісінің қандай тақырыпта, кімдер туралы әңгімелер өттік? Шоқан туралы 2 – сыныпта «Мүсінші Мысық», ал 3 – сыныпта «Мейірім» деген мәтіндерді оқыдық





«Суреттер сөйлейді» ойыны.

Шарты: сурет бойынша өз ойларын ортаға салады





«Жаңалық легі» әдісі


Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы (1835-1865) - қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ. Шын аты — Мұхаммедханафия, әжесінің бала күнінде "Шоқаным" деп еркелетіп айтуымен, "Шоқан" аталып кеткен. Туған жері - қазіргі Қостанай облысындағы Құсмұрын көлінің жағасы. Арғы атасы - қазақтың ұлы ханы — Абылай, Шоқан оның шөбересі. Өз атасы Уәли де хан болған. Ал әкесі Шыңғыс Қазақстанда хандық жүйе жойылып, аға сұлтандықтың енгізілуіне байланысты, аға сұлтан лауазымын иеленген. Шоқан білімі жағынан өзімен бірге оқыған жолдастарынан әлдеқайда озық болды.

«Мен ең әуелі қағазымды жақсы көремін. Одан кейін Сібірді, одан кейін Россияны, одан кейін бүкіл адамзатты жақсы көремін...»

Мәтінмен жұмыс (Үш қадамды сұхбат)

Мәтінді бөлімдерге бөліп оқу.

1 Бөлім: Шоқанның сағынышы

2 Бөлім: Қатал офицер

3 Бөлім: Сужүрек Анатолий.

Сұрақ қою арқылы мәтінге шолу жасау.(топ бір – біріне сұрақ қояды)


1. Ертіс бойына балалар қай кезде келеді ?

2. Шоқан қай жердің табиғатына тамсана қарады?

3.Шоқанның бойын қандай сезім биледі?
4.Оның жанына кім келді?
5.. Шоқан мен дәрігер не жайлы әңгімелесті

Жұптық жұмыс ( мәтін бойынша қалып қойған сөзді тап)

Сібір өлкесіне көңілді .... келді.

Өзеннің қыста .... болып қатқан мұздар еріп, сең жүре бастаған.

Көз алдында жас туған төлдерге қуансынып, ....... балалар,...... елестеді.

Шоқан корпустың дәрігерін ..... тани кетті.

-Ғафу етіңіз, Василий Матвеевич,мен сізді қалай келіп ................ қалдым, - деп әдеппен сәлем берді.т.б



Топпен жұмыс. Постер қорғау



Сенің білесің бе?


Сөздікпен жұмыс

Тауқымет – ауыртпалық, бейнет, азап

Қонтайшы – жоңғар ханы
Сергіту сәті (Жұмыр қылыш әуен)
Жеке жұмыс Семантикалық карта..

таратпа материалдар

слайд



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет