Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов



Дата25.01.2017
өлшемі35,28 Kb.
#7856
түріСабақ
А.Ш.Сарсенбаева

10 орыс сыныбында қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов

1. Білімділік: Шоқан Уәлиханов туралы толық мәлімет беру, ұлы ғалымның ғылыми мұрасымен оқушыларды таныстыру.


2. Дамытушылық: Ойлау, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін, ой өрісін одан әрі арттыруға сын тұрғысынан тұжырымдауға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылар бойында өз жеріне,өз халқының мәдени жетістіктеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке баулу, оның қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, слайд


Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ойды жинақтау,талдау,сұрақ-жауап, жүйелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Түгендеу.
3. Сабаққа даярлығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша білім-білік дағдысын тексеру:


Автор орындығы бойынша Шоқан Уәлиханов туралы әңгімелеу

IV. Жаңа сабаққа кіріспе:


«Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды» Н.И.Веселовский
V. Жаңа сабақты түсіндіру:
Тақырыптың негізгі мазмұнының жоспары:
1. Бала Шоқан
2. Сібір кадет корпусына түсуі
3. Ғалым Шоқан
Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген
Шоқан да Кенесары сияқты Абылай ханның ұрпағы еді.
Шоқанның әкесі Абылай ханның үлкен ұлы Уәлиден тарайды.
Шоқанның азан шақырып қойған есімі – Мұхамедханафия. Алайда жастайынан бала болып ойнағаннан гөрі, әжесі Айғанымның қасында шоқиып отырып, әңгіме, қиссаларды тыңдағанды ұнатқан. Бес жасынан хат таныған. Содан әжесі Айғаным сүйікті немересін Шоқан деп атап кеткен.
Шоқанның жастайынан білім, ғылымға жақын болуына әкесі Шыңғыстың да әсері тиді. Шыңғыс көптеген орыс зиялыларымен таныс еді. Олардың көпшілігі бірнеше рет Шыңғыстың аулына қонаққа келген.
1947 жыл Әкесі орыс достарының көмегімен сол кездегі ең Іргелі оқу орындарының бірі болып саналатын Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді
1853 жылы Шоқан Кадет корпусын бітіріп шығады.
1856 жылы Ыстықкөлге, 1857 жылы Алатау қырғыздарына, 1858- 1859 жылдары Қашқарияға сапар шекті.

VІ. Бекіту:


«Шоқан» сөз жұмбағы
1. Ш.Уәлиханов таныс болған орыс жазушысы
2. Ш.Уәлиханов қағазға түсірген қырғыз жыры
3. Марко Поло мен Гоестеннен кейін Шоқан сапарға барған аймақ

1. Ш.Уәлиханов қайтыс болған жер


2. Ғалымның әкесінің аты
3. Сібір кадет корпусын аяқтағаннан кейін Ш.Уәлиханов алып шыққан атақ

«Сәйкстірілмелі тест»


1. Шоқанның шын есімі
2. Шоқан кімнің ұрпағы
3. Шоқанның дүниеге келген жері
4. Шоқанның әжесі
5. Шоқан оқыған оқу орны
6. Шоқанның әкесі
7. Шоқанның өмір сүрген кезеңі

«Хронологиялық диктант»


1835 жылы Шоқан Уәлиханов дүниеге келді
1847 жылы Сібір Кадет корпусына оқуға түсті
1853 жылы Кадет корпусында білім алып, оны бітірді
1856 жылы Ыстық көлге сапар шекті
1861 жылы Өкпе ауруы асқынып, туған ауылына оралды
1865 жылы Шоқан Алтын Емел жотасында дүниеден өтті

«Математикалық ойын»


1. Шоқан қанша жасынан бастап хат таныған?
(50 : 5) - (20 : 4) = 5
1. Шоқан кадет корпусын қанша жасында бітірді?
(57 - 50) + (7 + 4) =18
1. Шоқан неше жасында дүниеден өтті?
(250 - 200) – 20 =30
1. Ә.Марғұлан Шоқанның еңбектерін қанша жылдық тойына арнап құрастырды?
(100 * 3) - (10 * 15) =150

VІІ. Қорытындылау:


Сызбаны толтыр
VІІІ. Үйге тапсырма:
Тақырыпты оқып, мазмұндау
«Ғалым Шоқан» тақырыбында шағын эссе жазып келу.

Ке Шоқан Уәлиханов

Ой  толғаныс. Бес  жолды  өлең.

Тақырып. (зат есім)     Ғалым

Суреттеу (сын есім)     Қабілетті, білімді, талантты.

Қимыл (етістік)        Зерттейді,  жазады.

 Сезіну      (сөйлем) Ш. Уәлиханов  - зерттеуші  ғалым

Синоним Зерттеуші,  саяхатшы,  географ

Бекіту:  түртіп алу  жүйесі ,  ІNSERT   әдісі

Оқушылар осы кестеге Шоқан Уалиханов туралы   нені  білетінін,  білмейтінін, жаңалығын  жазып, толтырып береді.

Білімді бағалау Оқушылардың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма:    «Жалындап өткен жас ғұмыр» тақырыбына шығарма жазып келу.
рі қайту

  • Оқушыларға

  • Оқымыстылар

  • Ақын-жазушылар

  • Батырлар

  • Өнер саңлақтары

  • Спорт жұлдыздары

  • Жыраулар

  • Ғалымдар

  • Шешен билер

  • Суретшілер

  • Оқулықтар

  • Шпорлар

  • Рефераттар

  • Ғылыми жұмыстар







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет