Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
№6 орта мектеп
ОБЛЫС: Қызылорда
АУДАН/ҚАЛА: Қызылорда
МЕКТЕП: №6 орта мектеп
ПӘНІ: Әліппе
ФИО: Теңізбай Гүлдана Теңізбайқызы
Ашық сабақ
Тақырыбы: С.Көбеев «Құстың ұясы»
Сыныбы: 1 «Ә»
Сынып жетекшісі: Теңізбай Г.Т
Қызылорда қаласы
Тақырыбы: С.Көбеев «Құстың ұясы»
Мақсаты: 1.Құстарды маңызы,олардың тіршілігі жайлы түсінік беру. Құстың
мекені туралы, ұясын қалай жасайтындығы туралы мағлұмат беру.
Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды тапқызу, дұрыс және мәнерлеп
оқуға үйрету.
2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін
жеткізе алуға машықтандыру. Ой – өрісін дамыту
3.Құстарды қорғап, оларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Сабақ түріі: аралас
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын
Көрнекілігі: суреттер. С.Көбеевтің суреті, видеоролик, слайд
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
Сабаққа әзірліктерін тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау. ”Оқуға шақыру”, «Сал-сал Білек, сал Білек» өлеңін мәнерлеп оқыту.
Жаңа сабақ:
Кіріспе: құстың үні естіледі.
Балалар, бұл ненің даусы деп ойлайсыңдар?
Құстың даусы
Қандай құстарды білесіңдер?
Балалардың жауабы.
Құстар қайда мекендейді?
Ұяда.
Олай болса, бүгін біз С.Көбеев ағамыздың «Құстың ұясы» деген әңгімесімен танысамыз.
С.Көбеев – ақын, жазушы, мұғалім, қоғам қайраткері. Ол балаларға арнап көптеген әңгімелер, романдар, мысалдар жазған.
Оқулық жұмыс: «Құстың ұясы» мәтінді оқу. Мәтін желісі бойынша балаларға сұрақ қою
Балалар ойнап жүріп нені көрді?
Ұяда не бар екен?
Балалар не істеді?
Балалапанды үйіне алып келгеннен кейін не болды?
Әкесінің сөзінен кейін балалар қайтті?
Балалардың жасағаны дұрыс па?
Балалар не істеу керек еді?
Мәтінді балаларға оқыту. Түсінгендерін сұрау
Сергіту сәті: «ұшты-ұшты»
Дидактикалық ойын: «Адасқан сөздер»
Құстың ұясын бұзба.
Құс жұмыртқасын алма.
Аққуды атпа.
Біз құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?
Құстарға ұя жасау (геометриялық пішіндерден) геометриялық пішіндерде жасырылған мысалдарды дұрыс шығарып, ұя құрастырсақ, сыйлыққа бір сурет шығады. (Абай Құнанбаев ағамыздың суреті) балардың ойын сұрау.
Дәптермен жұмыс:Осы тыйым сөздерді дәптерге жазу.
Видеоролик көру. (Құстар масақтан, шыбықтан, шөптен мықты әрі тығыз етіп ұя жасайды.
Құстар жылдың қай мезгілінде ұшып кетеді?
Күз
Жылдың қай мезгілінде ұшып келеді?
Көктем
Барлық құстар ұшып кете ме?
Балалардың жауабы.
Күзде ұшып кетіп, көктемде ұшып келетін құстарды жыл құстары дейміз. Ал қыстап қалатын құстарды отырықшы құстар дейміз.
Сергіту жаттығуы:
Қане қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Құстарың екі түрі болады?
Ойын. «Кім шапшаң» буыннан сөз құрау
Қар-лы-ғаш
Са-уыс-қан
Тор-ғай
Ә-теш
Құстардың екі түрі болады. Дала құстары, үй құстары.
екеуінің айырмашылығы неде?
Балалардың ойын тыңдау
Ойын: «Мықты болсаң тауып көр» Сөзжұмбақ
Жерден тары шоқып ап,
Бөтекесі томпиып,
Шық-шық етіп отырады.
Бұл қай құс? (торғай)
Сирағы ұзын,
Тырнағы ұзын,
Балықты сүзбей,
Ұстайтын шоқып,
Тұмсығы біздей (тырна)
Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады. (қарлығаш)
Ала шапан кигені
Сескенгіш болған соң.
Қыпылықтап жүргені (сауысқан)
«Отан» деген сөз шығады. Отан туралы балалардың өз ойын сұрау
Қорытындылау:
Бүгін біз не туралы айттық?
Құстарға қалай қамқорлық жасаймыз?
Қай құс ұя салмайды?
Құстардың қандай пайдасы бар?
Бағалау:
Үйге тапсырма беру: С.Көбеев «Құстың ұясы» мазмұндау. Құстың ұясын салып келу
Достарыңызбен бөлісу: |