Қазақ тілі сабағы 10 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Әке – тәрбие тірегі. Қос сөздер
Сабақтың мақсаты: метатанымдық стратегияларды қолдану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту
Сабақтың міндеттері: - Әке тәрбие тірегі екеніне оқушылардың көздерін жеткізу, қос сөздерді орынды қолдана білу;
- оқушылардың танымдық, ойлау қабілеттерін дамыту;
- өз ойын еркін, жүйелі жеткізу, сауатты жазу, сөйлеу, ой бөлісу;
- алған білімдерін өмірмен байланыстырып, тәжірибеде пайдалана алу;
- әкеге деген сүйіспеншілік, құрмет сезімінің қалыптасуына ықпал ету, болашақта үлгі тұтатындай әке, ана болуға үндеу.
Сабақтың типі: СТО- дамытуда метатанымдық стратегияларды қолдану сабағы
Әдіс- тәсілдер: толықтыру, «Әріптер сөйлейді» ойыны, ізденіс, кластер, проблемалық жағдаят, 3 минуттық эссе, авторлық орын, алгоритм әдісі,
5 жолдық өлең, «2 жұлдыз, бір тілек» әдісі.
Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта, түсіндірмелі сөздік.
Сабақтың барысы
І Кіріспе: (3 минут)
1. Психологиялық жағдай жасау
: «Сәлем – сөздің басы» дейді халық. Ендеше бір- бірімізге жылы жүзбен қарап, сәлем берейік, бір тілек айтайық!
2. «Ыстық орындыққа» бүгін біз кезекшімізді шақырамыз, ал біз оған өткен материал, үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қоямыз!
ІІ Жаңа материалдың тұсаукесері: (7 минут)
1. Сөйлемді толықтырып жаз! (1- слайд)
... - ұрпақ иесі, үй басшысы. Қазақ отбасында ... орны ерекше. ... тек отбасы ғана емес, ауыл, ел ағасы. Отбасы мүшелері ... тыңдайды. ( оқушылар бір –біріне толықтырылған сөйлемдерді оқиды, дұрыс орындалған жұмысты тауып, өз ойларын дәлелдейді)
2. «Әріптер сөйлейді» ойыны ( берілген әріп әкеге қатысты сөздің басы болуы тиіс)
т- ірек
ә- ділдік
р- ақым
б- атыр
и- е
е- лгезек
-Өте жақсы! Қалай ойласыңдар, «тірек» сөзінің мағынасы қандай?
( түсіндірмелі сөздікпен жұмыс)
1- Үй, қора, шахта сияқтылардың белағашын тіреп қоятын тірек, ағаш, темір.
2- ауысп.: сүйенер сүйеніш, таяныш
- Әкеге қатысты «тірек» сөзінің қай мағынасы орынды? Оқушылар «Әке – тірек, сүйенер сүеніш» деген қорытынды жасайды.
ІІІ Негізгі бөлім: (20 минут)
«Әке – тәрбие тірегі» атты мәтінмен жұмыс. ( түсініп оқу, мәтінге кластер жасайды:
Проблемалық жағдаят:
«Әке – тәрбие тірегі» деген сөзбен келісесің бе? Неге?
- Осы мәтінде қос сөздер бар ма? Қандай? Қос сөз деген не? Жасалу жолдарын анықта.
- Мына сөздердің сыңарын тап:
тәлім - … әке - …
ата - … ой - …
ұл - … бала - …
үрім - … сый - ..
үлгі - … бағып – қағу
Жасалған қос сөздерді қатыстырып, 3 минуттық эссе жаз,: Мақалды жалғастыр. Бұл мақалдың мәні неде?
Әкеге қарап ұл өсер, …
Оқушылар өздерінің эссе жұмыстарын «авторлық орын» стратегиясы арқылы ортаға салады.
ІV Қорытынды бөлім: (10 минут)
- Өте жақсы! Енді бүгінгі сабақта қандай білім алғанымызды
«5 жолдық өлең» арқылы анықтайық!
Әке
Сын есім сын есім
Не істейді? Неғылды? Қайтті?
4 сөзді сөйлем жаз
ассоциация не болмаса синоним
-Енді мына суреттерге қарап, тапсырманы орындаңдар:
1. Бұл суреттерді не байланыстырады?
2. Бұл жақсы отбасылары ма? Неге?
3. Біздің арамызда үлгі алатындай отбасы бар ма? Оны неге сондай отбасы деп санайсың?
Достарыңызбен бөлісу: |