3 сабақ - практикалық жұмыс Тақырыбы : Экологиялық есеп шығару
Мақсаты: Экология тақырыбы бойынша есеп шығара білу
Есеп №1 Қара теңізде 400 кг салмақтағы дельфинге өмір сүру үшін қанша планктон керек? Шешуі: Экологиялық пирамида ережесі бойынша қоректік тізбек құрамыз:
400кг (дельфин) 4000кг (балық) 40000кг (планктон)
1 кг ----- 10%
400кг ------ Х кг
Жауабы: 400 кг салмақтағы дельфинге 40000кг планктон керек .
Есеп №2 Шөп, қоян, қасқыр, жорғалаушылар, шөптекті жәндіктер, кемірушілер, бүркіт компонентерін қолдана отырып, қоректік тізбек сызбасын құрастырыңдар. Шешуі:
Шөптекті жәндіктер Жорғалаушылар
Ш өп Кемірушілер Бүркіт
Қоян Қаскыр
Есеп №3 Экологиялық пирамида ережесі бойынша биоценоздағы қанша жер аумағы (га) қоректік тізбектегі ең соңғы дарақты тамақтандырады? Қоректік тізбек : планктон ------ ж/емес балық ------ балық ----- түлен (300кг). Планктонның теңіздегі 1м2 биомассасы 6000г -тен.
Шешуі: Түленнің салмағын аңықтаймыз:
300 кг ---------------------- 100%
Х кг ----------------------- 40 %
Х= 120кг
Экологиялық пирамида бойынша өанша планктон қажеттілігін табамыз.