Астана Қаласы
№8 орта мектептің
Тарих пәні мұғалімі
Шапиева Гүлдана Шәріпбекқызы
Сабақтың тақырыбы: Ел Ордасы– Астана
Сыныбы: 10-сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға жасампаз Астана – ел тарихындағы ұлы кезеңдердің бірі болып табылатындығы туралы түсінік қалыптастыру арқылы Астана қаласының жетістіктерін айқындап көрсету.
Дамытушылық: оқушылардың ой-сараптамалық қабілеттерін дамыта отырып, Астана- Отанымыздың жүрегі екенін дәлелдеуге мүмкіндік беру.
Тәрбиелік: Егемен еліміздің әлем таныған Елордасы – Астананы мақтан тұту сезімдерін қалыптастырып, отаншылдыққа, патриотизмге, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыптан тыс сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, ой талқы, сұрақ-жауап
Көрнекілік:
1.«Ақ орда», «Қазақ елі», «Бәйтерек» макеттері
2.Бейнефильмнің фрагменті: «Өскемен оқушыларына Астанадан сәлем» 3.Астана туралы слайд
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Музыка әуенімен .
«Астана- Кеше. Бүгін » слайд
- Астана– ХХІ ғасырдың жаңалығы. Астана Қазақстанның бүкіл өмірінде бұрын соңды болмаған өркенді өзгеріс енгізді. Елдің еңсесін көтерді. Жаңа дәуірдегі жаңа Қазақстанның жаңа елордасы Астананы салған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл елінің алдында дара тұлға болып қалыптасты. Бүгінгі Астана – бұл үлкен шаһар. ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталып, тарих беттерінде алтын әріптермен жазылды. Ел мақтанышына айналған, Отанымыздың жүрегі- бұл АСТАНА! (1 минут)
2. - Құрметті оқушылар! «Өткенді білмей болашақты болжай алмаймыз» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай Астана қаласының терең жатқан тарихына сыр шертейік. (2минут)
- Оқушылар, «Бозоқ», «Ақмола бекінісі», «Целиноград» қалалары жөнінде жоба проектілер ұсынамын. Осы қалалар жөнінде білетін білімдеріңізді естеріңізге түсіріп, ойларыңызды жинақтауға 2 минут уақыт беріледі.
- Уәделскен уақыт өтті, ендеше, тарихымызға үңіле отыра «Сандар құпиясын» шешіп көрейік. (2минут)
Слайдта сандар көрсетіледі.
- І. ХІҮ ғасыр
-Бозоқ қаласын зерттеуде археологиялық қазба жұмыстары кезінде осы ғасырға жататын, сауданын жақсы дамығанын дәлелдейтін не табылды?
Жауабы: Күміс теңге табылды.
- ІІ. ХХғ ортасындағы Бозоқ қаласының орнының көрінісі туралы слайд.
1830 жыл.
- Астана тарихы үшін 1830 жыл нені білдіреді?
Жауабы: Ақмола бекінісі салынды
-ІІІ. Астана туралы тарихи фото
1862жыл.
-Осы жыл Астана үшін қандай жыл болып саналады?
Жауабы: Ақмола қала мәртебесі жарияланды.
-ІҮ. Астана туралы тарихи фото
1954жыл.
- Бұл санның Астанаға байланысты құпиясы неде?
Жауабы: Тың және тыңайған жерлерді игеру
-ІҮ. Астана туралы тарихи фото
1961жыл
-Ал осы жылдың құпиясы неде?
Жауабы:Ақмаола қаласы Целиноград болып өзгертілді.
Астана қаласының фотосы,
1997жыл 20 қазан
- Астана үшін осы киелі жыл нені білдіреді?
-жауабы: «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы» Жарлық шыққан уақыт
-Ү. Қазақстанның картасы.
1997жыл 20 қазан
-Оқушылар, қалай ойлайсыздар не себептен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1997ж. Астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады?
Күтілетін жауап: Өйткені, Астана Еуропа мен Азиянын ортасында ғана емес, еліміздің қақ ортасында да орналасқан, теміржолдар торабының маңыздылығы, қаланың климаты шұғыл континеттігі, қала аймағының жер-бедері тегіс. Қауіпсіздік мақсатында, шекаралардан алыс орналасуы.
3. -Дұрыс. Ер бабамыз Едiгеден бастап, әз Тәуке мен айбынды Абылайға дейiнгi хандарымыздың бәрi ерке Есiл бойында орда тiккендерi, Асан қайғының «Бұл жер жарлыны бай қылатын жер» деп айтқаны тегiн емес.
ІІІ Жаңа сабақ
1. - Оқушылар, тарихымызда үш биіміз сияқты сіздер үш топ болып бөлініп отырсыздар. алдарыңыздағы конверттегі сұрақтардың шешімін тауып, топ атауын еңбектеніп аласыздар. (1 минут)
І-топ «Ақ Орда»
ІІ-топ «Қазақ елі»
ІІІ-топ «Бәйтерек»
2.
-Өте жақсы, ал енді, білімдеріміздің үстіне білім қосу еш уақытта көп болмас.
Астана қаласының «Астана» деп аталу себебі неде деп ойлайсыздар? (3м)
Күтілетін жауап: «Ақмола» орыс тілінде әдемі естілсе де, қазақша ақ мола-зират деген ұғымды білдіреді.
-Елбасы естеліктерінен «бір күні түнде, дәлірек айтқанда түнгі екіде жаңа астананың аты «Астана» болады деген ой келді маған, Астана ол Астана! Қай тілде де, ұғымды, ұран тәрізді»- деген шешімді негізге алуға болады.
3. Тапсырмалар: (3минут)
Астана – Елбасымыздың идеясы.
Астананың гүлденуі- мемлекеттің дамуы
- Оқушылар алдарыңыздағы кітапшаларыңызда тапсырмалар бойынша мәліметтер берілген. Мәтінмен танысуға 3минут уақыт беріледі. Жұмысымызды бастаймыз.
І-тапсырма: блиц турнир (2 минут)
1.ҚР Жоғарғы Кеңесі сессиясында Ел Президенті ең алғаш рет еліміздің астанасын басқа қалаға ауыстыру туралы нақты идеясын ұсынған уақыт: Жауабы:1994 жыл 6 шілде
2. Н.Назарбаев өзінің жаңа жұмыс орнында жұмыс күнін бастаған уақыт: Жауабы:1997жыл 10 желтоқсан
3. Президент «Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы-Астана қаласы болып өзгертілгені туралы» Жарлыққа қол қойған уақыт: Жауабы:1998 жыл 6 мамыр
4. Астананың ресми тұсаукесері болған уақыт:
Жауабы: 1998 жыл 10 маусым
5.2004жылы 24 желтоқсанда ресми түрде ашылған ғимарат:
Жауабы:Ақ Орда
6. Біздің елде дүние жүзі елдері табынатын әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің алғашқы құрылтайы қай жылы өтті? Жауабы: 2003ж
7. Биіктігі 91 метр манумент: Жауабы:Қазақ елі
8. Ұзындығы 30 метр, ені 15 метр, 130 метр биіктікте орналасқан «Қазақстанның мемлекеттік туы» монументі қай жылы ашылды? Жауабы:2008ж 30 маусым
9. Астананың «ескі» және «жаңа» бейнесін көруге болатын панорамалық залы бар құрылыс: Жауабы: «Астана-Бәйтерек»
10. 2008 жылдың 6 шілдесінде ашылған ескерткіш: Жауабы: Қазақ елі
11. 2007 жылы ашылған Астана түбіндегі Ақжол ауылында орналасқан кешен: Жауабы: Саяси қуғын-сүргін құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды- мұражай кешені.
ІІ- тапсырма:
«Сәйкестендіру» тапсырмасына ие болдыңыздар. Тақтадағы уақыт пен оқиғаны сәйкестендіріңіздер. 3минут
Интерактивті тақтада кесте беріледі:
Астана қаласында ЕҚЫҰ-ға мүше елдер мемлекет және үкімет басшыларының Саммиті өтті
|
|
2002 жылы
|
Евразияның кіндігі- Астананың төрінде Елбасы Н.Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана –Бәйтерек» монументі салынды
|
|
1999 жылдың шілдесінде
|
Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы құрылған орталық
|
|
2010 жылдың 1-2 желтоқсанында
|
Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды
|
|
Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы
|
Дұрыс жауабы:
Астана қаласында ЕҚЫҰ-ға мүше елдер мемлекет және үкімет басшыларының Саммиті өтті
|
|
2002 жылы
|
Евразияның кіндігі- Астананың төрінде Елбасы Н.Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана –Бәйтерек» монументі салынды
|
|
1999 жылдың шілдесінде
|
Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы құрылған орталық
|
|
2010 жылдың 1-2 желтоқсанында
|
Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды
|
|
Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы
|
-Күллі әлем назарын аударған ЕҚжЫҰ-ының саммиті, 7-ші қысқы Азия ойындарын, әлемдік және дәстүрлі дін съездерін, Астана экономикалық форумын өткізу арқылы халықаралық танымалдыққа ие болдық .
Келесі тапсырма: (5минут)
ЕҚЫҰ Астана Саммитінің тарихи маңызы неде?
Азия ойындары Қазақстанға не берді?
Әлемдік және дәстүрлі дін съездерінде қандай мәселелер қаралды?
Астана экономикалық форумының маңызы
5. –Оқушылар, армандап көрейікші Астананың ертеңін қалай елестете аласыздар? Мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі «Құрастыру-сынақ кешені» жобасы жүзеге асырыла бастайды. Оның негізінде заманауи спутниктер құрастырылатын болады. Поликристалдық кремний өндіретін зауыт және фармацевтикалық фабрика жүзеге асырылуы жоспарланған.
ІҮ Қорытынды:
1. -Үш топ та берілген тапсырмаларды сайыса отырып, өте жақсы орындады. Ал енді оқушылар! Арайлы Астана қаласы мен шырайлы Өскемен қаласын салыстырып көрейік. (1минут)
2. -Өте жақсы. Қазір сіздердің қалаларыңызда Астана қаласының мәдени күндері өтіп жатыр. Ол да бір біздердің Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына қосқан үлестеріміз. Отанымыздың жүрегі- Астана қаласының мерей тойға арналған 20 жетістігі барлығымыз үшін ортақ жетістік деп санаймыз. Ендеше, Астананың 20 жетістігін бірігіп саралап көрейік: (3минут)
Интерактивті тақтадан көрсетілген жетістіктерді тізеді.
«Астана жетістіктері»
-Астана ТМД-дағы 81 қаланың арасында үздік деп жарияланды.
-Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.
-Астана арнайы экономикалық аймақ болып жарияланды.
-ҚР Президентінің алыс және таяу шет мемлекеттер басшыларымен кездесулері өтілуде.
-Астана ТМД елдерінің ішіндегі ең қолайлы қалалардың бірі.
-«Астана - Бәйтерек» монументі 2002 жылы салынды.
-Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды.
-Өзге елдің бес Президенті Астана қаласында ашылған бірінші ескерткіш «Саяси қуғын сүргін құрбандарына» арналған монументтің ашылуына қатысты.
-Астана Халықаралық ірі қалалар Ассемблеясына мүше болды.
-Әлемнің 20 қаласымен достық және бауырластық қарым-қатынастар тығыз байланыс орнатты.
- Астанада «Атамекен- Қазақстан картасы» этнографиялық –мемориалдық
кешені салынды.
-Рим папасының Астанаға келуі.
- 2010 жылы өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi 10 пайызға өстi.
- Халықтың табиғи өсімі 6 есеге өсті.
- Медициналық мекемелер, білім беру орталықтары – мектептер,
университеттер, лицейлер, колледждер тұрғызылды.
- Оқушылардың шығармашылық сарайы тұрғызылды.
- «Хан-Шатыр» мәдени ойын- сауық кешені бой көтерді.
- Астана еліміздегі экономикалық және саяси жаңғырулардың орталығы.
- 2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Астана қаласында ЕҚЫҰ-ға мүше елдер
мемлекет және үкімет басшыларының Саммиті өтті.
- «Азияда-2011» VII- қысқы олмипиадалық ойыны өтті.
-Бүгінде Астана –Қазақстанның мақтанышы, мемлекетіміздің мәртебелі ордасы, ұлттық егемендігіміздің рәмізі. Астана –бұл ғимараттар, көшелер мен саябақтар ғана емес. Астана –ең алдымен Отанын сүйетін халық.
Ал халық Елордаға деген құрмет пен махаббат сезімдерін бойына сіңіру қажет деп ойлаймын!
Тізілген 20 жетістік пирамида формасында шығады.
-Оқушылар, бұл көрініс қандай ғимаратты еске түсіреді?
-Бейбітшілік пен келісімнің арқасында Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Отанымыздың жүрегі- Астана қаласында осы жетістіктерге жетіп отыр.
5. -Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабақта сіздер терең білімдеріңізді, ұшқыр ойларыңызды, шығармашылық қабілеттеріңізді жан-жақты көрсете білдіңіздер. Бүгінгі біздің сабағымыз өз мәресіне жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |