3. Есептер
1. Электр тізбегі ЭҚК-і 6 В, ішкі кедергісі 2 Ом ток көзінен және кедергісі 1 Ом өткізгіштен тұрады. Тізбектегі ток күші неге тең?
2. Мыс сымның ұзындығы 100 м, көлденең қимасының ауданы 2 мм2 . Сымның кедергісі неге тең? ρ =0,017 Ом*мм2 /м (Жауабы 0,85 Ом)
4.«Формулалар колейдоскобы» Таблицаны толтырыңдар:
Физикалық шама
|
Белгіленуі
|
Өлшем бірлігі
|
Формуласы
|
Ток күші
|
|
|
|
Кернеу
|
|
|
|
Кедергі
|
|
|
|
Электр заряды
|
|
|
|
Электр сыйымдылығы
|
|
|
|
2.3 Топпен жұмыс (презентация) (әр топ үйден дайындап келген презентациясын көрсетеді)
1. Ток күші
2. Электр кернеуі
3.Кедергі. Ом заңы
4. Өткізгіштерді параллель және тізбектей жалғау
2.4 Электронды оқулық бойынша есеп шығару
2.4.Сергіту сәті: Психологиялық тренинг. «Өз жұлдызыңды тап» (Күй ойнайды. А.Еңсепов) 5 мин
(Көздеріңізді жұмыңыз). Жұлдызды аспанды көз алдыңызға ойша елестетіңіз. Оған зер сала қарап, өзіңе ұнаған жұлдызды таңдаңыз. Қолыңызды созып, мақсатқа жету үшін бар қуатыңызбен, бар күшіңізбен жұмыстанып, өз жұлдызыңызға қол жеткізіңіз. Аспаннан жұлдызды мұқият түсіріп алыңыз, алдыңызға ептеп қойыңыз. (Көзіңізді ашыңыз). Енді қолымыздағы жұлдызымызды «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат кезеңіндегі Қазақстанның мүмкіндіктеріне арнайық. «Жоғары білім сапасы ең жоғары талаптарға жауап беруі тиіс» деп Елбасы айтқандай бар күш қуатымызды, қолымыздағы жұлдызды сәтімізді осы мақсатқа пайдаланайық.
НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі
«Нұрлы жол» - жастар жолы!
Жолдауда ел жастарының алдына айқын мақсат-міндеттер қойылып, өскелең ұрпаққа үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр, себебі Отанымыздың бет-бейнесі және оны келесі ұрпаққа қалай тапсыра алатынымыз жас ұрпақтың белсенділігіне байланысты.
2.5. Жаңа сабаққа көшу үшін берілетін сұрақтар (сұрақ қою техникасы) (5 минут)
Елімізде 2017 жылы не өтейін деп жатыр? (ЭКСПО 2017 көрмесі)
Осы көрменің тақырыбы қалай аталады? (Болашақ қуаты)
Осы қуат деген сөзді бұрын естулерің барма? ( 7 сыныпта механикалық қуат)
Қуат неге байланысты? (жұмыс)
(Осылай сұрақтарға жауап бере отырып оқушылар өздері жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын біледі.)
3.Жаңа сабақты меңгерту
3.1 Сабақтың мақсаты мен тақырыбын жариялау
3.2. Жаңа сабақты түсіндіру
Зарядталған бөлшектердің өткізгіш бойымен реттелген қозғалысында электр өрісі жұмыс
өндіреді. Оны ток жұмысы деп атаймыз. Қыздыру шамының қылы, электр двигательдерінің
орамалары және т.б. арқылы t уақытта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы q заряд өтті делік.
Сонда электр өрісі А=qU жұмыс өндіреді. q=It болғандықтан А= I U t . Тізбектің
бөлігіндегі токтың жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа
көбейтіндісіне тең.
Кез келген электр аспабы– электр шамы, электр двигателі т.б., уақыт бірлігінде белгілі бір
энергия тұтынуға негізделген. Сондықтан токтың қуаты деген ұғымның маңызы зор.
Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатынасына тең:
4.Бекіту кезеңі
1.Әр айдың соңында әрбір отбасы электр энергиясын төлеу үшін түбіртек алады.Парталарыңда электр энергиясын төлеу түбіртегінің үлгісі жатыр. Әрине электр энергиясының шығынын электр санауыштың көрсеткіші бойынша есептедік.Ал формулаларды пайдаланып электр энергиясының құнын қалай есептеуге болады?
|
Мекен жайы:________________________________________
Аты-жөні:__________________________________________
|
Есептеу түрі
|
Есеп көрсеткіші
|
Шығын
(кВт*сағ)
|
Тариф,
тг
|
Төлемі
(тг)
|
Есеп көрсеткіші бойынша
|
01.03.2015
|
01.04.2015
|
94 кВт*сағ
|
8,38
|
787,72 тг
|
1234
|
1328
|
|
Барлық студенттердің алдында таратпалар жатыр.Әр электр аспаптарының 2 сағат ішіндегі тұтынған электр энергиясының құнын есептей керек.
Аты-жөні___________________________________
Аспап
|
Қуат, Вт
|
Кернеу, В
|
Ток күші, А
|
Уақыт, сағат
|
Жұмыс,
кВт*сағ
|
Құны, тенге
|
Электр шамы
|
60
|
220
|
|
2
|
|
|
Кір жуғыш машинасы
|
1800
|
220
|
|
2
|
|
|
Электр шәйнегі
|
2400
|
220
|
|
2
|
|
|
Шаңсорғыш
|
1200
|
220
|
|
2
|
|
|
Тариф= 8,38 тенге
Электр энергиясын үнемдеңдер!
Физикалық диктант
1. Зарядталған б..........ң реттелген бағытталған қозғалысы э....р тогы деп аталады.
2. Уақыт бойынша өзгермейтін т... тұ....ы ток деп аталады.
3. Өт...гіштің кед..гісі- берілген өткізгіштің б...мен өтетін токқа жасайтын кедер..сін к..сететін шама
4. Ті..ек бөлігі а..ылы өтетін ток к.ші кернеуге тура про..ционал, кедергіге к..і пропорционал.
5. Ток күші А....рмен өлшенеді.
6. Қ.ат деп жұ..сты атқару шап.аңдығын си...тайтын шаманы атайды.
7. Эле..тр тог.ның жұм.сы – ток кү.і, кер..у және жұмысты іст.уге кеткен уақ..тың көбейтінді..не тең.
4.3 Тестік тапсырмалар
1. Электр тізбегіндегі кернеудің токқа қатынасын қандай физикалық шама деп аталады?
А. Ток күші.
В. Кернеу.
С. Кедергі.
Д. Жұмыс.
Е. Қуат.
2. Кедергілері 3 және 6 Ом резисторлар параллель жалғанғанда, жалпы кедергілері неге тең?
А. 2 Ом
В.10 Ом.
С. 4 Ом.
Д. 18 Ом.
Е. 3 Ом.
3. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі ток күші тұрақты болады?
А. Тізбектей.
В. Аралас.
С. Параллель.
Д.Біртіндеп.
Е. Тізбектей және біртіндеп
4. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады?
А. Тізбектей.
В. Аралас.
С. Параллель.
Д.Біртіндеп.
Е. Параллель және біртіндеп
5. 7 кА болатын тоқ күшін ампермен өрнекте?
А. 0,7 А.
В. 700 А.
С. 7000 А.
Д. 0,007 А.
Е. 0,07 А.
6. Ом заңы бойынша кедергі қалай өрнектеледі?
А. R=U/I.
В. R=UI.
C. R=I/U.
Д. R=ρS/L.
Е. m=kIt.
7. Қалыңдығы өткізгіштер өлшемдерімен салыстырғанда өте аз, диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіш қалай аталады?
А. психрометр.
В. термометр.
С. амперметр.
Д. конденсатор.
Е. трансформатор.
8. Үйкелген дененің басқа денені тарту құбылысы алғаш қай жерде белгілі болды?
А. Греция.
В. Англия.
С.Ресей.
Д. Франция.
Е.Италия.
9. Өткізгіштегі тоқ күшін қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?
А. Амперметр, тізбектей
В. Амперметр, параллель
С. Вольтметр, тізбектей.
Д. Вольтметр, параллель
Е.Жауаптардың ішінде дұрысы жоқ.
10. Тұрмыстық қажеттер үшін қандай кернеулер пайдаланылады?
А. 120 В.
В. 220 В.
С.360 В.
Д. 380 В.
Е. 36 В.
2 нұсқа.
1. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады?
А. Тізбектей.
В. Аралас.
С. Параллель.
Д.Біртіндеп.
Е.Жауаптардың ішінде дұрысы жоқ.
2. Кедергілері 3 Ом және 2 Ом резисторлар тізбектей жалғанғанда жалпы кедергі неге тең болады?
А. 6 Ом.
В. 5 Ом.
С. 1,5 Ом.
Д.2 Ом.
Е.Жауаптардың ішінде дұрысы жоқ.
3. Электр тоғының өлшем бірлігі қандай?
А. Ампер.
В. Вольт.
С. Кулон.
Д. Фарадей.
Е.Ом.
4. Өткізгіштің меншікті кедергісінің өлшем бірлігі?
А. Ом/ метр.
В. Ом*метр.
С. Ом.
Д. В/Ом.
Е. А*Ом.
5. Толық тізбек үшін Ом заңы бойынша қалай өрнектеледі?
А. I=ε/R+r .
В. Q=I2 RT.
С. R=I/U.
Д. I=U/R.
Е. R=ρS/L.
6. Кернеудің өлшем бірлігі қандай?
А. В
В. А.
С. Вт.
Д. Дж.
Е.Ом.
7. Ішкі кедергінің өлшем бірлігі қандай?
А. Ом*м. В. А. С. Ом. Д. Вт/с. Е. Дж
8. Кедергісі 30 Ом электр қайнатқыштан 5 Ампер тоқ күші өтетін болса ол қандай кернеуге есептелген?
А. 150 В
В.15 В.
С. 6 В.
Д. 10 В.
Е.25 В.
9. 10 кВ кернеуді вольтпен өрнекте?
А. 0,10 В.
В. 10000 В.
С. 100 В.
Д. 1000 В.
Е. 0,1 В.
Зарядталған бөлшектердің электр өрісінің әсерінен реттелген қозғалысы қалай аталады?
А. Аккумулятор.
В. Электр өрісі.
С. Электр шамы.
Д. Электр тогы.
Е. Генератор.
Жауаптары:
I нұсқа
|
II нұсқа
|
1. С
|
1.С
|
2. А
|
2. В
|
3. А
|
3. А
|
4.С
|
4. В
|
5.С
|
5. А
|
6.А
|
6. А
|
7.Д
|
7. С
|
8.А
|
8. А
|
9.А
|
9. В
|
10.В
|
10.Д
|
5. Сабақтың қорытындылау кезеңі
5.1. Білімді жүйелендіру, қорытындылау
5.2. Білімді бағалау.
Жұмыс түрлері
|
Топтар
|
Электроскоп
|
Вольтметр
|
Амперметр
|
Реостат
|
Ширату
|
|
|
|
|
«Менің пәтерім» кесте
|
|
|
|
|
Физикалық диктант
|
|
|
|
|
Тестік тапсрымалар
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
|
|
5.3.Үйге тапсырма: §9.8
(«Менің пәтерім» кесте)
Менің пәтерім
Аты-жөні___________________________________
Аспап
|
Қуат, Вт
|
Кернеу, В
|
Ток күші, А
|
Уақыт, сағат
|
Жұмыс,
кВт*сағ
|
Құны, тенге
|
|
|
220
|
|
|
|
|
|
|
220
|
|
|
|
|
|
|
220
|
|
|
|
|
|
|
220
|
|
|
|
|
|
|
220
|
|
|
|
|
|
|
220
|
|
|
|
|
|
|
220
|
|
|
|
|
|
|
220
|
|
|
|
|
|
|
220
|
|
|
|
|
5.4. Рефлексия.(Маған ұнады,қиын болды.)
Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақта не ұнады, не қиын болғаны жайлы немесе қандай әсер алғанын қысқаша ғана жазып, тақтаға іледі .
Достарыңызбен бөлісу: |