Сабақ жоспары
Пән: физика
Өткізілетін күні: 30.03.2015 ж
Бағдарлама тақырыбы: Тұрақты электр тогы
Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты
Сабақтың мақсаты: оқушыларға электр тогының жұмысы мен қуатын түсіндіру. Жұмыстың, қуаттың өлшем бірліктерін атауды үйрету. Күнделікті тұрмыспен байланыстыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Зарядтар орын ауыстырғанда электр күші атқаратын жұмыс пен уақыт бірлігі
ішінде атқарылған токтың жұмысын көрсететін шама қуат және өткізгіштер қызған кезде бөлінетін жылу мөлшері жайлы мағлұматтар беру.
Тәрбиелік: оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтай қабілеттерін дамыту, электр сұлбаларын талдай отырып, электр энергиясын үнемдеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Өзіндік көзқарастары мен логикалық ойлау қабілеттерінің қалыптасуына, ойлау және ой жетілдігі дағдылары мен біліктіліктердің дамуына, топтық жұмыстар кезінде өзгеің пікірін сыйлау, өз көзқарасын ұтымды жеткізе алу және оны қорғай алу машығын дамытуға жағдай жасау, электр тогы жайлы білімдерін дамыта отырып, алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстырып, практикада қолдана білуін жетілдіру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақты ұйымдастыру түрі: жеке, топтық,фронтальді
Құзырлық/Компетенции:
түсінуі тиіс: электр өрісі атқаратын жұмыс – тоқтың жұмысы екендігін
ток тың жұмысы мен қуатын анықтауды
құндылық бағдары болуы: Электр өрісі- материяның бір түрі, кез келген электр аспабы уақыт бірлігінде энергия тұтынады.
жасай біледі: негізгі формулаларды пайдалана отырып,есептер шығару арқылы, күнделікті
тұрмыста токтың қуаты мен маңыздылығын түсіну.
Материалды-техникалық және дидактикалық қамтамасыз етілуі:
Компьютер, мультимедиялық проектор, экран;
Демонстрациялық презентация;
Бейнероликтер, студенттердің презентациясы
Жеке карточкалар, тест, топтық тапсырмалар
Пәнаралық байланыс:
1.Электротехника негіздері-«Тұрақты токтың заңдары»
3. Математика-есеп шығару
4. Информатика-электронды презентация құрастыру
5. Сызу- сұлбалармен жұмыс
6. Қазақ тілі-және әдебиеті-мәтінмен жұмыс
7.Орыс тілі - терминдер
8. Ағылшын тілі- терминдер
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Кронгарт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н.Физика / Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/. -Алматы: Мектеп, 2006
2.Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. Физика /Орта мектептің 10-сыныбына арналған оқулық/. -Алматы: Мектеп, 2001
3.Физика.Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест. Алматы «Шың»-2007
4. Физика. Жұмыс дәптері 10 сынып,2008 ж
Сабақтың құрылымы
Сабақ
кезеңдері
|
Сабақ кезеңінің білімділік шарттарын орындау
|
Уақыты
|
Оқытушының іс-әрекеті
|
Студенттердің іс-әрекеті
|
1.Ұйымдастыру
|
1.1. 1.1. Аудиторияның даярлығын бақылау
1.2 Студенттерге жағымды ахуал туғызу
|
2мин.
|
Сабаққа даярлық
|
Топ журналы.
|
2.Тіреулі білімді жаңғыртып түзеу.
|
2.1.Үй тапсырмасына теориялық сұраныс жасау.
2.2. Ширату.
2.3.Топпен жұмыс (презентация)
2.4. Электронды оқулық бойынша есеп шығару
2.5.Сергіту сәті
2.6. Жаңа сабаққа көшу үшін берілетін сұрақтар (сұрақ қою техникасы)
|
15мин
|
1.Студенттерді 4 топқа бөлу.
2.Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар тарту
3. Есеп шығару шартымен таныстыру
4. «Өз жұлдызыңды тап» тренинг өткізу
5. «Нұрлы жол» туралы түсінік беру
6. Сұрақ қою техникасы
|
1. Теориялық сұрақтарға толық жауап беру
2. Конверттер-
дегі тапсырмаларды орындау
3.Есеп шығару.
4.Психологиялық тренинг
5. Жаңа сабаққа көшу үшін берілетін сұрақтарға жауап беру.
|
3.Жаңа сабақты меңгерту
|
3.1. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын жариялау
3.2. Жаңа сабақты түсіндіру
- эдектр тогының жұмысы
- электр тогының қуаты
|
1 10мин.
|
1.Оқытушының кіріспе сөзі
2.Жаңа сабақ бойынша презентация көрсету
|
Мұқият тыңдау, тәжірибиелерге назар аудару, есте сақтау, негізгі анықтамалар мен заңдылықтарды дәптерге жазу.
|
4.Бекіту
|
4.1. «Менің пәтерім» кесте бойынша жұмыс
4.2.Физикалық диктант
4.3.Тесттік тапсырмалар
|
1 13 мин
|
Деңгейлік тапсырмаларды
орындау үшін нұсқаулар беру
|
Деңгейлік тапсырмаларды
орындау , талдау, қателіктерін түзеу
|
5.Сабақты қорытындылау
|
5.1. Білімді жүйелендіру, қорытындылау
5.2. Білімді бағалау.
5.3.Үйге тапсырма
5.4. Кері байланыс (рефлекция)
3.
|
5мин
|
1.Әр оқушы- ның білімін бағалап түсініктеме беру
2. Үй тапсырмасы бойынша нұсқаулар беру
|
Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақ жөнінде жазып,тақтаға іледі
|
Сабақ барысы
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі 3 мин
1.1. Аудиторияның даярлығын бақылау.
1.2 Студенттерге жағымды ахуал туғызу
Эпиграф: Ғылымды терең ұғынуға тырыссың,
Таныммен мәңгілік шөліңді қандырарсың.
Ең алғашқы танымың нұр болып жарқыраса,
Білімнің шексіз екенін сонда ғана білерсің.
Фирдауси
2. . Тіреулі білімді жаңғыртып түзеу.
2.1. Үй тапсырмасына теориялық сұраныс жасау.
1.Электр тогы дегеніміз не?
2. Электр тогының пайда болу шарттарын ата ?
3. Тұрақты электр тогы дегеніміз не?
4.Тұрақты токтың қандай заңдарын білесіздер?
5.Электр тогын сипаттайтын қандай физикалық шамаларды білесіздер?
2.2. Ширату.
Өлшеуіш құралдарының (электроскоп, амперметр, вольтметр, реостат) суреттерін әр түрлі фигураларға (мысалы электроскопты үшбұрышқып беске бөлеміз) қию арқылы аудиториядағы студенттерді 4 топқа бөлеміз. (ұшбұрыштар бір топ, квадраттар екінші топ, тіктөртбұрыштар үшінші топ, қисық көп бұрыштар төртінші топ)
Топтарға конверт таратылады.Берілген уақытта тапсырмалар орындалғаннан кейін, әр топ қарсылас топтардың жұмыстарын тексереді. (Өзара тексеріс)
1.конверт: Кроссворд
2.конверт: Тізбек
3.конверт: Есептер
4.конверт: Формулалар колейдоскобы
Достарыңызбен бөлісу: |