IV.Жаңа тақырыпты бекіту
а) есептер шығару
1) 2 секундта контурды тесіп өтетін магнит ағыны 10 Вб –ден 0 Вб-ге дейін бірқалыпты кеміді Контурдағы индукцияның ЭҚК-і неге тең? (5 В)
2)Өздік индукцияның максимальды ЭҚК-і 20 В, индуктивтілігі 0,5 ГШн контурда катушкадан өтетін (А/с) ток күшінің өзгеру жылдамдығын тап. (40А/с)
ә) өзіндік жұмыс (тест сұрақтары)
1.Ленц ережесі нені анықтайды?
Индукциялық токтың күшін
Индукциялық токтың бағытын
Индукциялық ЭҚК-ті
Ток күшінің бағытын
ЭҚК-ң бағытын.
2.Электр контурдың магниттік қасиеттерін анықтайтын шама:
Сыйымдылық
ЭҚК-і
Индуктивтілік
Ток күші
Кернеу
3. Ток күші 2 есе артса магнит өрісінің энергиясы қалай өзгереді?
2 есе артады
4 есе артады
2есе азаяды
4 есе азаяды
Өзгермейді
4. Төмендегі өрнектің қайсысы электромагниттік индукция заңының өрнегі болып табылады?
E=I(R+r)
E=
E=
E=vBIsina
E=I/(R+r)
5. Тізбекте өздік индукция ЭҚК ненің әсерінен туындайды?
Сыртқы магнит өрісі әсерінің артуынан
Магнит ағынының өзгеруінен
Магнит ағыны әсерінің кездейсоқ өзгеруінен
Сыртқы магнит өрісі ағынының кемуінен
Жауаптардың дұрысы жоқ
6.Катушка ішіне темір өзекше енгізгенде ондағы магнит индукциясы қалай өзгереді?
Көп өседі
Азаяды
Аз ғана өседі
Өзгермейді
Аз ғана азаяды
7. Магнит ағынының өлшем бірлігі ..
Тл*м2
в) Тл/м2
с) Вт*м2
д) Вт/м2
е) 2м/Тл
8. Тоғы бар катушканың энергиясы қай жерде шоғырланған?
А) Катушканың өткізгіштерінде.
В) Катушканың ішіндегі кеңістікте.
С) Жалғастырғыш сымдарда.
Д) Анықталмаған.
Е) Катушканың өткізгіштерінде және жалғастырғыш сымдарда.
9.Магнит өрісін күш сызықтарымен бейнелеуді кім ұсынды?
Ампер
Фарадей
Джоуль
Ньютон
Максвелл
10.Егер зарядталған бөлшектің бастапқы жылдамдығы магнит индукциясы сызықтарына перпендекуляр болса, бөлшек магнит өрісінде қалай қозғалады?
Түзу сызықпен
Параболамен
Шеңбер бойымен
Спираль бойымен
Тыныш күйде болады
V.Үйге тапсырма беру
Тақырыпты қосымша деректермен толықтару
Достарыңызбен бөлісу: |