2-тапсырма. Берілген ақпарат бойынша диалог құраңдар.
Дескриптор:
Беріген ақпарат бойынша диалог құрастырады.
3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Патша үкіметінің Алашордалықтарға жасаған іс-әрекетіне өз пікіріңізді білдіріңіз. ХХ ғасыр басында қазақ қоғамында саяси күреске шыққан ұлт зиялыларының әрбір қадамы патша үкіметі тарапынан бақылауға алынып, үкімет саясатына қарсы шыққандар қуғындалып, алдына айыппұл салынса, «аса қауіпті» атанғандардар ұзақ мерзімге басқа өнірге жер аударылды немесе абақтыға қамалды. Ұлтымыздың алдыңғы қатарлы зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Ақбаев және т.б. патша үкіметінің жүргізіп отырған отарлау, қоныстандыру, орыстандыру саясатына қарсы шығып, мерзімді баспасөзге мақалалар жариялап, патша атына үндеухат ұйымдастырғаны үшін түрлі жазаларға тартылды.
Дескриптор:
Мәтінді түсініп оқиды.
Патша үкіметінің іс-әрекетіне пікір білдіреді.
Өзіңді тексер!
Патша үкіметі нағыз елі, жері, ұлттық тілі үшін жанын қиюға бара алатын жалынды жандарды көргенде, амалы қалмай, «халық жауы» деп кінә артып, өз туған жерінен жер аударып, түрмеге қамап, репрессия құрбанына айналдырып, ату жазасын қолдануы- оның қорқақтығы, әлсіздігі, жауыздығы деп білемін.