Бір шаңырақ астында



Дата25.09.2022
өлшемі16,62 Kb.
#150672
Байланысты:
Бір шаңырақ астында сценарий


Аружані: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар! Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы жəне бірлігіне арналған «Бір шаңырақ астында» тақырыбындағы салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер:
Аружан: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130 - дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.
Мирас: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері.
Қазақ елі қас сақтай ердің елі. Толқынында тарихтың қуғын көрген
Барша ұлтқа құт мекен болған еді. Зобалаңда көп шеккен қасіретті Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген, Арнайды барша халық ақ тілекті.
Аружан: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
Күнсұлу: Тілі бөлек болғанымен тілегі бір
Ұлы достық мəпелеген жүрегі гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Қуаныштан желкілдейдітүндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін, Халқым мəңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бар тамырмен байлап қойған кіндігін.
(Презентация)
Аружан: Қазақ халқының ұлттық тағамдарын, киімдерін, музыкалық аспаптарын және ойындарын презентациялаймыз.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарына: домбыра, қобыз, жетіген, дауылпаз және тағыда басқа аспаптар жатады. Музыка- адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние.
Қазақ халқының ұлттық тағамдары: Сүт, ет, ұн, дән, сорпа болып бөлінеді.
«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», - деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. 
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам.
Халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастық қатынастарды дамытуға бағытталып отырған бүгінгі мерекемізде, қазақ даласында бірлігі жарасқан елдердің биін карсы алыңыздар!
Флешмоб
Аружан: Тəуелсіздігімізге 30 жылдан асып отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістіктің айқын айғағы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.
Нұрболат: Бірлік керек, бірлік керек, ағайын! Елдің басын біріктірер əрдайым.
Ал болмаса ашу-ыза бойда бар,
«Əйт ! Əйт !» десе қырқысардай жағдайың. Қайран қазақ, арлы қазақ, қалай-ай, Қалпақпенен ұрып алды.....
Өзің түгіл көлеңкеңнен қорқатын,
Орыс, қытай айдап салды-ау жоңғарды-ай.
Бірлік керек, бірлік керек, ағайын!
Аса түссін бибітшілік жағдайың.
Елбасың да, ел-жұртың да, құтты бол,
Алатаудай мызғымайтын сынбайтын! Бірлік керек, бірлік керек, ағайын!
Аружан: Елім менің, жарқыраған, жайнаған, Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам, Қыран құсы көгінде мың самғаған!
Əн:«Бір уйдің баласындай»
Аружан: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.Сау-саламатта болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет