Сабақтың тақырыбы : Есептер шығару



Дата21.12.2021
өлшемі389,15 Kb.
#104461
түріСабақ
Байланысты:
Пән мұғалімі
1591298838

Пән мұғалімі: _______________________________________________________________

Күні _______________________________________________________________________

Сынып _____________________________________________________________________

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару «Дене импульсі және күш импульсі Импульстің сақталу заңы.»

Жалпы мақсаты:

  • Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы жайлы мағлұмат беру

  • Дене импульсі. Импульстің сақталу заңын күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

Күтілетін нәтиже:

  • Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы жайлы мағлұмат алады

  • Дене импульсі. Импульстің сақталу заңын күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда  қолдана білуге үйренеді

Негізгі  идеялар:

Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі күш импульсі деп аталады.

          Күш импульсі: ; өлшем бірлігі Н·с

Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шаманы дене импульсі деп аталады.



         Дене импульсі: ; өлшем бірлігі кг·м/с

Дене импульсінің өзгерісі күш импульсіне тең.

Тұйық жүйе деп сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір-бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады.

          Ипульстің сақталу заңы: жүйе ішінде туындайтын өзара әрекеттесулер нәтижесінде тұйық жүйенің қосынды импульсі өзгермейді.



І.Ұйымдастыру (2 минут)

  • Сәлемдесу

  • Түгелдеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4  минут)

  1. Дене импульсі не?

  2. Күш импульсі: ; өлшем бірлігі Н·с?

  3. Дене импульсі: ; өлшем бірлігі кг·м/с?

Есептер шығару



  1. 6 км/сағ жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан массасы 60 кг адамның импульсі қандай?



  1. 20 м/с жылдамдықпен түзу сызық бойымен қозғалып келе жатқан массасы 2 кг дене массасы 3 кг денемен соқтығысады да, әрі қарай екеуі бірігіп v жылдамдықпен қозғала бастайды. Сыртқы күштер әрекет етпейді деп есептеңдер. Денелердің соқтығысуға дейінгі, соқтығысудан кейінгі жалпы импульстерін және соқтығысудан кейінгі жылдамдығын анықтаңдар.



  1. Массасы 50 кг бала 5 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатып, 2 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 100 кг арбаның үстіне қарғып мінді. Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады?



  1. Кішкене зымыранның массасы 200 г. Ондағы жанғыш заттың массасы 50 г. Газ зымыран соплосынан 100 м/с жылдамдықпен лезде шығады деп есептеп, зымыранның қозғалыс жылдамдығын анықтаңдар.




  1. Массасы 10 т ғарыш кемесі 9,0 км/с жылдамдықпен қозғалып келеді. Кеменің тежелуі кезінде тежеуіш қозғалтқыштар одан қозғалыс бағыты бойынша оның қабығына қатысты 3,0 км/с жылдамдықпен 1250 кг жану өнімдерін шығарады. Тежелуден кейінгі ракета жылдамдығы қандай?

Үйге шығаруға:



  1. Зарядымен қоса есептегенде массасы 250 г болатын кішкене зымыранша вертикаль жоғары қарай 150 м биіктікке көтеріледі. Заряд лезде жанады деп есептеп, зымыраннан бөлініп шығатын газ жылдамдығын анықтаңдар. Зарядтың массасы 50 г.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет