Пән: Қазақ әдебиеті
Сынып: 5 «В»
Күні:____________
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов. «Жаңа достар» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ғабит Мүсіреповтың өміріне шолу жасау , «Жаңа достар» әңгімесінің мазмұнын бекіту, мағынасы қиын сөздерге көңіл бөлу, кейіпкерлерге талдау жасау;
Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, көркем оқу шеберлігін, тілін, ой-өрісін , прозалық шығарманы талдау дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу,адал достыққа, ұйымшылдыққа, жақсы – жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,талдау,баяндау;
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті,кеспе қағаздары, интерактивті тақта (слайд) т.б.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен амандасу:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Отырыңдар.
- Кезекшімен сөйлесу:
- Сыныпта кім кезекші?
- Бүгін сыныпта кім жоқ?
- Үйге қандай тапсырма берілді?
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Ұяшықтағы сұрақтар арқылы үй тапсырмасын тексеру. (интерактивтік тақта арқылы көрсету)
1) Сәбит Мұқанов кім?
2) Ол кімнің кітаптарын оқып өседі?
3) «Лашын» романнан үзінді?
4) Лашын қай құсты оңай алады?
5) Ахмет лашынды қай кезде салады?
6) С. Мұқанов шығармалары
7) Лашынға алдырмайтын құс?
8) Шығарма Абайдың қандай сөзімен аяқталады?
III. Жаңа сабақ:
Қазақ кеңес әдебиетінің аспаны кең. Бірақ жарқырап көрінетін жұлдыздар ғана сол аспанда толып тұр деп айтуға батылың бармайды.
Жамбыл, Сәкен, Ғабит жұлдызы бізге алыстан көрінеді. Алыстан көрінсе де жанып, жарқырап көрінеді. Осы жұлдыздардың ең жарығы, ең биігі – Жамбылдікі десек, ең сұлуы, ең нәзігі, меруерттей жалтырап көрінетін Ғабит жұлдызы дер едім.
( Т. Молдағалиев)
-«Ғабит жұлдызы» - қандай тамаша неңеу! Бұл шоқ жұлдызымыз – біздің қазақ әдебиетімізде, көркем сөз құдіретінде өзіндік орны бар шоқтығы биік жұлдыз. Олай болса тақтаға назар аударайық.
Ғ. Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет. (слайд арқылы көрсету).
Ғ. Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жаңа жол ауылында кедей шаруа отбасында туған. Бала кезінде ауыл молдасынан оқып, ескіше хат таниды. Оның азанмен қойған аты – Ғабде-әл Ғабит. Бұл арабша «құлдың құлы» деген сөз. Жерлесіміз қоғам қайраткері, жазушы драмматург, аудармашы ақын болған. Халқының көңілінен шығып, жүрегінен орын алған шығармалары қазіргі күнде ел жадында. Ғ. Мүсірепов әңгімелері ішінде достық тақырыбы бөлек әңгіме. Бүгін біз ақынның «Жаңа достар» («Қазақ солдаты» романынан үзінді) атты шығармасымен танысамыз.
Шығарма мәтінін бөлімдерге бөлу.
1)Қашқын
2)Жаңа достар
3)Өнерлі балалар
4)Салқын сарай
5)Жазғы театр
6)Білім қуған бала
IV. Жаңа сабақты бекіту:
. « Білмеу ұят емес» жаттығу.
1) Қайырғали қалаға неліктен қашып келеді?
2) Қайырғали осы екі баланы көргенде қандай ойда болды?
3) Неліктен қолына түйенің қабырғасын алды?
4) Оның ойы дұрыс болды ма?
1.« Дұрыс дұрыс емес тұжырым кестесі»
Тұжырым
|
дейін
|
кейін
|
Қайырғали екі қыз баланы кездестірді.
|
|
|
Қайырғалидың жана достарының есімі - Шеген және Бораш.
|
|
|
Осы үшеуінің ең үлкені Бораш болған.
|
|
|
Шеген Қайырғалидің аяғындағы жарақатын көріп, қала жаққа барып, дәрі әкелді.
|
|
|
Бораштың ақсандап жүрген себебі – аттан құлады.
|
|
|
Шеген үйіннен емес, молдадан қашып кеткен.
|
|
|
2.Insert әдісі
«V» - мен мұны білемін
«+» - маған қызық
«-» басқаша ойладым
«?» түсінбедім, сұрағым бар
3. Сөздікпен жұмыс
Өрлеу – жоғары көтерілу
Төтелеу – тура жүріп кету
Қорғасындай басқан тұман – қалың тұман
Сұңғақ денелі – ұзын бойлы
Жаужүрек батыр – батыр, ер
Жасқанбауға бел байлау – қорықпауға әзір болу
Иегі кемсеңдеу – жылай бастау
Қағілез – жылдам, тез.
V .Жаңа сабақты қорытындылау:
Иә, балалар, шығармадағы негізгі мәселе білімге деген талап және достық мәселесі. Ғ.Мүсірепов бізге осы шығарма арқылы сол замандағы (Қайрош бейнесі арқылы) балалардың білім құмарлығын, адал достық қарым-қатынасты үлгі етіп отыр.
4.«Бортовой журнал» әдісі
Мен бұл тақырып бойынша не білемін
|
Мен мәтіннен не білдім
|
|
|
5.Сұрақ жауап әдісі:
1.Шеген Қайрошқа қандай қамқорлық жасады?
2.Шеген Қайрошқа неше шарт қойды?
3.Шығармадан Шеген мен Бораштың портретін тап.
Шеген – сұлу, сұңғақ денелі, бұлшық еттері болаттай иірілетін, күнге күйген, тобылғы торы.
Бораш – аққұба, қағілез мінезді, көздері бұзаудың көзіндей, бар дүниеге тамдана қарайтын, қуануы да, ренжіп қалуы даоп-оңай.
VI. Үйге тапсырмасы : «Менің досым» тақырыбына эссе жазу. «Жаңа достар» әңгімесін оқу, мазмұндау. Ғ. Мүсіреповтың өмірбаянын оқып келу.
VII. Бағалау : Оқушылардың үй тапсырмасын орындауына, сабаққа қатысуына, берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |