өмірмен байланыстыра білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже: Мәтіннің мазмұнын ашады,топта жұмыс жасау қабілеттерін арттыра отырып, сыни тұрғыда ойлап, мәтіндегі болған жайды жан – жақты бағалайды. Өзара бір- біріне баға бере білуге үйренеді.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс,автор орындығы, кейіпкердің маршурытын жасау,кері әсер парағы, ребус шешу,топтастыру әдісі.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
Сабақтың барысы:
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
І.Ұйымдастыру кезеңі.
|
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын. Керекті құрал жабдықтарын әзірлетемін.
|
Сабаққа керекті құралдарын әзірлеп, дайындайды.
|
-Қонақтармен сәлемдесу.
|
Орындарынан тұрғызамын.
|
Өлең жолдары арқылы сәлемдестіремін.
|
Қызығушылықты ояту сатысы. Психологиялық ахуалды орнату.
|
Оқушыларды « түстер» арқылы топқа бөлемін.Топ ережесін еске түсіремін. «Қызыл» түстер «ақылдылар» тобы, «көк»түстер «білімділер»тобы, «сарғыш» түстер «дарындылар»тобы, «жасыл» түстер «ойшылдар» тобы болып 4 топқа бөлемін.
|
Оқушылар түстерді таңдау арқылы, 5 оқушыдан 4 топқа бөлінеді. «Жыланша әдісі арқылы бір – бірінің қолынан ұстап, жақсы тілектерін айтады.
|
Үйренуге берілген тапсырманы
сұрау.( Білім)
|
1. Мәтінде не туралы айтылған ?
2. Айға алғашқы сапар қалай болды?
3. Бұл хикая қандай қазақ ертегісіне ұқсайды? Неліктен,салыстырамыз, ойымызды дәлелдейміз. (Анализ,синтез )
4. Хикаяның ең күлдіргі сәтін әңгімелейміз. Мюнхаузен не істеді? Ол қайда барды? Ол қайтті? Балтасын қалай тапты? Ол не себепті жылап жебергісі келді? Ол айда қалмау үшін не істеді, қандай іс-әрекет жасады?
|
Сұраққа жауап береді.
Өз ойларынан құрастырып, жазып келген өтірік әңгімелерін «автор» орындығында отырып оқиды. Топпен ақылдаса отырып,ең таңдаулысын автор орындығына ұсынады..
|
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық.
Қызығушылықты ояту. Сергіту сәті
|
Жаңа сабақтың алдында өлең жолдар арқылы сергітіп, демалдырып аламын.Ребусты шештіремін.Ребусты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып аламын.
|
Оқушылар өлең жолдары арқылы өздерін жаңа сабаққа дайындап алады.
Ребусты шешеді.Ребустың шешімін интерактивті тақтаға жазады. Жаңа сабақтың тақырыбын оқиды.
|
Жаңа білімді меңгерту.(Түсіну).
|
Өтебай Қанахинның «Федия»атты мәтіні мен таныстырып,автордың өмірбаянын айтамын.
|
Оқушылар жаңа сабақтың авторы ның өмірбаяны мен және сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазады. Тағы қосымша автор туралы не білетіндерін сұрап шығамын.
|
Мағынаны тану. Миға шабуыл. (Қолдану).
|
-Мәтін неліктен «Федя» деп аталды деп ойлайсыңдар? Сендердің ойларыңша Федя қандай бала деп, ойлап отырсыңдар? Мәтінде Федя туралы не айтылуы мүмкін?Федяның іс-әрекеттері қандай жағдайларда көрінуі мүмкін? Немесе немен байланысты болады?
|
Оқушылар сұраққа топпен ақылдаса отырып, жауап береді. Жауаптарын дәптерлеріне түртіп, жазып отырады.
|
Мәтінмен жұмыс. Мәтінде берілген кейіпкерлерді рөлге бөліп сомдау.(Талдау).
|
Мәтінді әр топқа беремін. Берілген мәтін бойынша топтағы оқушылар бірігіп, ақылдаса отырып, кейіпкерлердің рөлдерін сомдауға тапсырма беремін.
|
Мәтінді оқып, кейіпкердің рөліне еніп сомдайды. Қысқаша көрініс көрсетеді.Қалған топтың оқушылары сұрақ, ұсыныс,пікірлерін дайындап отырады.
|
Дәптермен жұмыс
|
Оқушылардан мәтінде берілген сөздіктердің мағынасын сұраймын.
|
Оқушылар сөздікте берілген сөздердің мағынасын интерактивті тақтаға жазады.Қалғандары сол сөздерді дәптерлеріне жазып алады.
|
Сергіту сәті
|
Оқушылар бойларын сергітіп алу үшін, қыздарға бөлек, ұлдарға бөлек сергіту сәтін жасатамын.
|
Қыздар да ұлдар да өлең жолдарын айту арқылы өздерінің қимыл-қозғалыстарын жасайды.
|
Мәтіндегі басты кейіпкердің маршурытын жасау.
|
Оқушыларға мәтіндегі басты кейіпкер Федяның жүрген жолының маршурытын суретке бейнелеп салуға тапсырма беремін.
|
Оқушылар бірігіп, ақылдасып, кеңесе отырып,А3форматты қағазға Федияның маршурытын суреттеп салады.Салған маршурытын тақтаға шығып,жасаған жұмыстарын іліп қорғайды.
|
IV.Жаңа сабаққа ойтолғаныс.
(Синтез)
|
-Деревня балаларының арасында қандай оқиға болды?
-Сен үшін әңгіменің тосын жаңалығы не болды?
-Шоқан Уәлиханов кім?(Ш.Уәлихановтың суретін көрсетіп таныстырамын).
-Федяның бойындағы жақсы қасиеттерді ата?
-Кім мәтіннен пейзажды тауып оқиды?
-Мәтіндегі кейіпкерлердің қылықтарын өмірмен байланыстырып әңгімелетемін.
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Қосымша Шоқан уәлихановпен және Феодр Михайлович Достоевскиймен танысады. Федяның жақсы қасиетін топтастырып жазады.
|
V.Үйренуге тапсырма беру.
|
-Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келу. Қосымша тапсырма: үйден мектепке дейінгі өз маршурытын суреттеп салып, қорғауға дайындалып келу.
|
-Мәтінді түсініп оқиды,мазмұнын айтады. Өзінің маршурытын жасап, үйренеді.
|
VI. Оқушы әрекетін және сабақты бағалау. Балдық жүйемен бағалау.
|
Оқушылардың алдына бағалау критерийлерін кесте құрып әр топқа беремін. Оқушыларға смаиликтер бойынша, жиынтық бағасын қоямын.
|
Топтың көшбасшысы бағалайды. Топтағы оқушылар бірлесіп, ақылдаса отырып, көшбасшының пікірімен келісе отырып, жалпы ұпай санын есептеп шығарады.
|
VII. Рефлексия. Кері әсер парағы.
|
Бүгін мен не үйрендім?
Маған не ұнады/ұнамады?
Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің...
|