Сабақ жоспары
Сынып: 9 Пәні: химия Сабақ реті: 24 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Фосфор және оның маңызды қосылыстары
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға фосфор периодтық жүйедегі орны, атом құрлысы, табиғатта таралуы, қасиеттері алынуы, қолданылуы туралы білімді меңгерту.
2. Дамытушылық: Оқытудың жаңа технологияларын пайдаланып,тақырып мазмұнын талдауға, оқушылардың таным қабілеттерін, зейіндерін, белсенділігін дамыту.
3. Тәрбиелік: Фосфор және оның қолдану саласын, пайда-зиянын,айыра білу,ізденімпаз, жауапкершілік сезінетін, химияның әр алуан есептерін шешетін саналы тұлғаны тәрбиелеу, иманды, адамгершілігі мол азамат,салауатты өмір салтын ұстанатын,табиғатты сүйетін азамат тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі : СТО элементтері, деңгейлік тапсырмалар , есептер шешу
Сабақ қолданатын әдістер: СТО элементтері сұрақ-жауап, есептер шығару, ойындар , тест, деңгейлік тапсырмалар, тірек сызба, дәптермен жұмыс, ізденіс, оқулықпен жұмыс, Венн диаграмасы, кубизм стратегиясы
Көрнекілігі: Үлестірме қағаздар, слайдтар ,бағалау парағы, суреттер, стикер, интербелсенді тақта, «білім » ағашы
Пән аралық байланыс: Биология, тарих, математика, әдебиет, өзін –өзі тану, география
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен амандасу
ә) шаттық шеңберін құрып, жаңа сабақты бастаймыз.
Ал, қанекей балалар, ыстық алақандарыңды жайыңдар.
Оқушылар бір-бірінің қолдарынан ұстап, мына әнді орындайды.
Зеңгір көктен Бал достыққа
Нұрын төккен Жолдастыққа
Ортақ біздің күніміз. Шақырады әніміз,
Жайдары өскен, Тыныштықта,
Жайнап өскен Нұр құшақта,
Біз өмірдің гүліміз. Бақыттымыз бәріміз!
б) Сыныпты топқа бөліп алып, топ басшысын сайлап аламыз. Ол үшін 3 сурет алынып қиылады, қиықтарды жалғастыру арқылы топтасады.
1 кезең. Қызығушылықты ояту. (Ой-қозғау стратегиясы) Үйге берілген тапсырма тақырыбын ашу мақсатында жасалады.
Мұғалім: «Көп» сөзінің антонимі, не тілсіз жауды тіркесең, көз алдыңда өзгеремін, қажетті тыңайтқышқа айналамын бұл не? (Азот)
1 топқа
1. Азоттың периодтық жүйедегі орны (2 период, 5 негізгі топша)
2. Азоттың ауадағы көлемі қандай (78)
3.Азот қандай тотығу дәрежесін көрсетеді? (+1,+2,+3,+4,+5,-3,0)
4. Азот тұздарының екінші аты (селитра)
2топқа
1.Азот қай топшада орналасқан ?(5)
2.Азотты алғаш кім ашты? (ағылшын химигі Д. Резерфорд)
3.Азот қышқылының тұздары (Нитраттар)
4.Азоттың маңызды қосылыстар (NH3, NO2, HNO3)
2 кезең «Мағынаны тану» Жаңа сабақтың тақырыбын ашып алу.
Мұғалім: Гамбург алхимигі Х. Бранд философиялық тас алу жолында көп жұмыс істеді. Брандтың ойынша, бұл тас кәріні жасартатын, ауруды тез сауықтыратын, адам өмірін ұзартатын тас болатын. Ол барлық металдарды алтынға айналдырғысы келді. Бірде ол адам зәрін суалтып, оған көмір мен құмды араластырып, ауа қатыстырмаи қыздырды. Құтының ішінде жарық шығаратын бір нәрсе қалды.
Академик А.Е. Ферсман осы элементті тіршілік және ақыл ой элементі деп атаған. Ол қай элемент?(Фосфор)
5 топ негізгі топша
III ,V валентті Р үшінші кіші период
-3,0,+3,+5 тотығу дәрежесін көрсетеді
Азот атомына қарағанда фосфор атомының иондану энергиясы төмендеу және оның радиусы үлкен .
3.«Озық болсаң озып көр». Тапсырма оқушыларға алдын ала беріледі.
1 топқа. Фосфордың табиғатта таралуы.
2 топқа. Фосфордың биологиялық маңызы.
3 топқа . Фосфордың физикалық қасиеттері.
1 топ. Фосфордың табиғатта таралуы.
Табиғатта фосфор тау жыныстары мен минералдарда қосылыс түрінде кездеседі. Қазақстанда Жамбыл облысындағы Қаратау маңында фосфорит кені 1935 жылдан бері белгілі . Қазір Қаратау бассейні негізінде «Жаңа тас байыту комбинаты» жұмыс істейді.Бассейнде 26 кен орны бар.Бассеиннің басты бес кен орындарында(Жаңатас, Ақсай, Шолақтау, Көкжал, Көксу)бүкіл қордың 30% P 2 O 5 бар.Қаратау фосфорит қабатының қалыңдығы 10-12м, ал кейбір орындарда 30м-ге жетеді.
2 топ. Фосфордың биологиялық маңызы.
Азот сияқты фосфор да өсімдік пен жануар нәруызының негізгі құрам бөлігі.Фосфор өсімдік дәнінде,жануарлардың сүтінде, қанда,ми мен жүйке ұлпаларында,кездеседі.Мысалы, ересек адамдардың сүйегінде 600г, ет ұлпасында 56г,жүйке ұлпасында 5г дейін фосфор болады.Жануарлар мен адамдар фосфорды өсімдік арқылы қабылдайды.Фосфор қосылыстары тіршіліктегібарлық зат алмасу процестеріне қатысады.
3 топ.Фосфордың физикалық қасиеттері.
Фосфордың 3 түрлі аллотропиялық түр өзгерісі бар:ақ, қызыл, қара. Ауасыз ортада қыздырғанда ақ фосфор қызыл фосфорға айналады.Ал жоғары қысымда ақ фосфор қара фосфорға айналады.Ақ фосфор CS 2 мен бензолда ериді,ауада от алады,қараңғыда жарқырайды.Молекуласының кеңістіктегі пішіні тетраэдр тәрізді. Ал, қызыл фосфор полимерлі құрылысты және органикалық еріткіштерде ерімейді.Қара фосфордың кеңістіктегі құрылысы қабаттасып орналасқан.ол ауасыз жерде қыздырғанда ақ фосфорға айналады.Ақ фосфор өте улы зат, сондықтан оны судың астында сақтайды.
4.Мұғалім: Ал, енді фосфор аллотропияларын венн диаграммасын
сызып, салыстырайық.
5.«Күн нұры »ойыны. «Жеті» саны киелі болғандықтан 7 шуаққа 7 түрлі тапсырма беріледі.
А деңгейі.
1 Ca3 P 2 PH 3 P 2 O 5 H 3 PO4
2 Ca CaO Ca(OH)2 CaCO 3
В деңгейі.
1.Мына қосылыстардағы фосфордың тотығу дәрежесі қандай?
P 2 O 5, PH3, HPO 3, K3,PO 4, PCl3, Ca3P 2
2.Мына реагенттердің қайсысымен реакция аяғына дейін жүреді.
H 3PO 4 + Ca( OH) 2
H 3PO4 + Na NO 3
H 3PO4 + Ca(NO 3)2
3. Қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазыңдар:
NaH 2PO 4 Na2HPO 4 , CaHPO4, H3PO 4
С деңгейі.
1. Сіріңке шаққанда 1,86г фосфор қанша бертолле тұзымен әрекеттеседі?
2.Массасы 5т фосфориттен құрамында 15% қоспасы бар 85% -дық шығыммен қанша фосфор ангидридін алуға болады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Интербелсенді тақтадан мұғалім фосфордың химиялық қасиеттерін көрсетіп, осы реакцияларды оқулықтан табуды сұрайды.
4P + 5O 2= 2P 2O 5 2P + 3Cl 2 = 2PCl 3
2P + 5Cl 2 = 2PCl 5 2P + 3H 2 = 2PH 3
3Ca + 2P = Ca 3P 2 5KClO 3 + 6P =3P 2O 5 + 5KCl
Сіз білесіз бе? Интербелсенді тақтаға қарайық.
1688 жылы неміс химигі Б.Альбинус өсімдіктерде фосфор болатынын анықтады.
1743 жылы А. С Марграф фосфорды бидай, қынадан алып,фосфорды алу тәсілін анықтады.
Сіріңкені 1831 жылы 19 жасар Шарл Сориа ойлап тапқан, бірақ патент ала алмаған.1832 жылы неміс мұғалімі Камерер сіріңкеге патент алып. өндіре бастаған.Қауіпсіз сіріңкені 1848 жылы швед химигі Беттер алған.
Сіріңкенің түрлері:аңшы сіріңкесі, жел сіріңкесі, дизайнерлік сіріңке, секвиссульфидті сіріңке.
6. Сергіту сәті.
Мұғалім: Халқымыз не дейді ?
Фосфорды халықта «Сиқырлы от», қазақта «шайтан от» дейтін аңыз бар.
Н.В Гоголь «Сиқырлы жер»деп аталатын жындар туралы хикаясында сайтанның айдауымен сол жерге барған шал мынадай жәйтті баяндады:
«... Молаға баратын жолдың жағалауында жарқ етіп от жанды. Бұл не? Жазушы қиялы ма? Әлде, марқұмның қабірінен шығып жатқан «жаны» (Аруағы ) ма? Олай емес? Бұл шірінді батпақта, зират үстінде органикалық заттардың ауа жоқ жерде шіруінен пайда болады екен. Органикалық заттар сутекті қосылыс түзеді. Ол фосфин – PH 3.Ол ауамен жанасып өздігінен тұтанады.
7.Ой – толғаныс кезеңі. Білімді тиянақтау.
5 жолды өлең. Оқушыларға өлең шығаруға 5 минут уақыт беріледі.
Біз бақытты баламыз
Фосфорды танып аламыз
Жарық шығарғыш элемент
Дәрі – дәрмек, сіріңке
Өнімді де арттырып
Шаруа болып қаламыз
8. Химиялық диктант.
Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері:-----------------------------
---- фосфор улы, ------ фосфор улы емес.
Фосфор ------------------ элемент.
Фосфордың сутекпен қосылысы ------------- деп аталады.
Фосфор қышқылының тұздары --------------- деп аталады.
Фосфор ---------------------------------------------- қолданылады.
9.Кубизм стратегиясы.Фосфордың қолданылуы.
Тіршілік үшін маңызды.
Фосфорлы тыңайтқыштар алынады.
Дәрі – дәрмек алынады.
Қосылысы PH 3 – тотықсыздандырғыш.
Сіріңке өндірісінде қолданылады.
Кальций дигидрофосфаты – нан пісіруде қолданылады.
Мырыш фосфиді – зиянкес кемірушілермен күресуде.
Фосфор адам жадын жақсартады.
70 кг адамның денесінде 800 г фосфор болады.
Балық пен сүт тағамдарында болады.
10. Сәйкестендіру тесті.
Ақ түсті кристалл зат қызыл фосфор
Қараңғыда жарқырайды ақ фосфор
Сіріңкені ашып, патенттеген Шарл Сориа
Фосфорды кім ашқан? Б. Альбинус
Өсімдіктерде фосфордың
Барын анықтаған. Беттер
11. Сергіту сәті. «иә» «жоқ» ойыны. Мұғалім сұрақты белгілі бір оқушыға бағыттап оқиды.
- Фосфор азот топшасы элементі (иә)
- Бесінші негізгі топша элементіне жатпайды (жоқ)
- фосфаттар кальцийдің ерімтал тұздарынан суды тазартады( иә)
- фосфор (v) оксиді су тартқыштық қабілеті бар(иә)
- Фосфор адам жадын жақсартады (иә)
- фосфордың ядросында 16 протон бар (жоқ)
12. «Ойлан тап» Әр топтан оқушылар есеп шығарады.
200 г 10%-дық H 3PO 4 пен 25г 1% Ag NO 3 әрекеттестіргенде неше грамм тұнба түзіледі?
170 грамм фосфин толық жану үшін қанша көлем оттек (қ.ж) жұмсалады?
«Бұл қандай элементтер?»
1 топқа. 3 химиялық элемент А, В, С ең күшті оттекті қышқыл түзетін элементтің периодында орналасқан. А және С элементтері – бейметалдар, ал В элементі – амфотерлі. А элементінің бейметалдық қасиеті басым. С элементінің АВ элементінен айырмашылығы – оның жоғарғы оттекті қосылысындағы валенттілігі ұшқыш сутекті қосымшасындағы валенттілігіне тең.Осы элементтерді атаңдар.
2 топқа. «Мен және менің туысқандарым кім?»Мен Ақбаймын, Қарабай,Қазбек деген сыңарым бар. Үшеуміз егіз болғанымызбен түріміз де, мінезіміз де ұқсамайды. Мәселен, менің мінезім нашар қызбамын, тез тұтанып шыға келем.Өзім улы заттар қоймасында жұмыс істеймін.Қарабай- момындау, әскери адам, түтінін будақтатып темекі шегеді. Қазбек – сіріңке зауытының директоры, сап – салмақты. Ольга деген орыс қызына үйленді, бала – шағасы бар. Мен және менің туысқандарым кім?
Оқушылар жауап береді.
Мұғалім қорытындылайды:
Тыңайтқышты қолдан да жасауға болады.Суферфосфат тыңайтқышын жасау үшін сүйекті отқа жағамыз. Сосын сүйектің таза бөлігін ұнтақтаймыз.50г сүйек ұнтағын 3-5 г бор ұнтағына араластырып, қоспаны таза ыдысқа саламыз, оған 20г 70%- дық H 2SO 4 ерітіндісін қосамыз, бір сағаттан соң қоспа қызып, қоймалжың ақ ұнтаққа айналады.
Фосфорды адам және жануарлар, өсімдіктер арқылды қабылдайды. Фосфор қосылыстары тіршіліктегі барлық зат алмасу процестеріне қатысады. Фосфор жай және күрделі заттармен әрекеттеседі?
Рефлекция.
Сабақта қандай мәліметтерді білдіңдер?
|
Нені үйрендіңдер?
|
Қай тапсырма ұнады?
|
Қандай тапсырманы
Орындағанда қиналдыңдар?
|
|
|
|
|
Бағалау
№
|
Аты –жөні
|
Өзін - өзі
бағалау
|
Мұғалімнің бағалауы
|
Қорытынды бағасы
|
1
2
3
4
5
|
|
|
|
|
Оқушыларға жұлдызша –«5» бағасы, төртбұрыш – «4» бағасы, үшбұрыш -«3» бағасы фишкалар беріледі.Фишкалардың бәрін қосып, орта санына бөледі.Сонда оқушы өзін - өзі бағалай алады.Соңынан тапсырманың әр түрлілігіне байланысты мұғалім өз бағасын айтады.Содан қорытынды баға шығады.
«Білім» ағашына стикер арқылы өз ойын жазып қалдырады
Үйге тапсырма беру: Тақырыпты оқу және №10, 15 есептерді шығару.
«№15 Гимназия» КММ
Ашық сабақ тақырыбы:
«Фосфор және оның маңызды қосылыстары»
Пән мұғалімі : А.Н. Ясын
Сынып: 9 «а»
Алматы, 2016
Достарыңызбен бөлісу: |