Бақтыгүл Калимова Төлеуғалиқызы
Жамбыл орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Атырау қаласы,Жаңаталап селосы
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсариннің әңгімелерінің тәрбиелік мәні.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға әңгіме жанрының ерекшелігін айта отырып, Ы.Алтынсарин әңгімелерінің тақырыптарын, идеясын, қоғамдық мәнін түсіндіру.Ыбырай әңгімелерін оқушыларға қысқашы мазмұндата отырып, оның шынайы өмірден алынғандығына назар аударту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды Ыбырай әңгімелеріндегі кейіпкерлердің жақсы мінез-құлық, орынды іс-әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке, қамқорлық жасауға баулу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту. Әңгімедегі көркем сөз айшықтарын білгізу, қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |