Шалқар қаласы
І.Үргенішбаев атындағы мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Багеева Нұргүл Төлеуқызы
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Қ.Ыдырысов. Мұғалім.
Сабақтың мақсаты: Өлең мазмұны арқылы оқушылардың білімдерін нығайту. Сипаттай білуге үйрету. Теңеу сөздерді дұрыс қолдана білу.
Өлеңді өз бетімен талдау жасату арқылы оқушы біліктілігін арттыруға , ойлануға, жүйелі жұмыс жасауға үйренуге жағдай жасау.
Ауызбіршілікке, мұғалімге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Типі: Аралас, кіріктірілген.
Әдісі: топтастыру, топтық жұмыс, оқу, талдау, ән айту.
Көрнекілігі: слайдтар. Сөздер, тапсырмалар.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру
Сыныпты 4 топқа бөлу
ІІ. Үйтапсырмасы
1.Тайыр Жароковтың “күз “өлеңін мәнерлеп оқу.
2. Күз тақырыбына сурет салу . Салған сурет бойынша «Күз көріністері» көрмесін ұйымдастыру.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.
Әр топ әр өлең шумағын сөзбен әңгімелеп береді.
ІІІ. Актуальдау.
Күздегі мерекелер:
1 қыркүйек- білім күні
Шалқар қаласының 80 жылдық мерейтойы
Тіл айлығы
І.Үргенішбаев атамыздың 100 жылдық тойы
Ұзтаздар мерекесі
ІҮ.Поэзия минуты
1- топ. І.Үргенішбаев.
2- топ. Тіл
3- топ. Шалқар
4- топ. Мұғалім
І.Үргенішбаев
З.Әбдуалиев
Оралдым жырға алаңсыз
Қарады маған бір аға,
Қабырғадағы суреттен
Ерлігі тірі- мұраға
Елімді сүйген құдыретпен
Мектеп те оныңатында
Мирасын күтіп ұстайық!
Халқымның мәңгі жадында
Ідіріс Үргенішбаев
Тіл.
Жүсіп Баласағұн
Екі нәрсе тірі адамға керегі-
Бірі- көңіл, бірі- тілдің желегі
Көңіл- тілдің иесі, сүйінеді сөз тілге
Сөз күйресе, күйгені көңіл мен тіл көркің де
Ү.Жаңа сабақ
Сендер әр мерекеге арналған өлең жолдарын айттыңдар.Осы өлеңнің тақырыбы болады.
Теориялық мәлімет
Әдеби шығармалардың барлығында белгілі бір тақырып болады.
Тақырыпты адам өзі жазып отырған шығармадағы оқиғаға байланысты таңдап алады. Яғни тақырып дегеніміз – жазушының шығармасындағы негізгі ой.
Шығармадағы негізгі ой, суреттелген өмір, оған автордың көзқарасы, қорытындысы шығарма идеясы деп аталады. Жазушы өз кейіпкерлері мен оқиғалары арқылы шығарма идеясын оқырманға жеткізеді. Сол жазушылардың бірі Қабдікәрім Ыдырысов сіздерге арнап «Мұғалім» атты өлең жазған. Сонымен бүгін танысатын боламыз. Дәптерімізді ашып, күннің жадын сабақ тақырыбын жазайық.
Қыркүйектің жиырма сегізі
Мұғалім
Қабдікәрім Ыдырысов
Ақын Қабдыкәрім Ыдырысов 1928 жылы Павлодар облысы Ақтоғай ауданында шаруа отбасында туған. Қ.Ыдырысов 1948 жылы Павлодар педучилищесін бітіріп, 1962 жылы Қазақ Абай атындағы мемлекеттік институтының филология факультетінде сырттай оқыды. Тұңғыш өлеңдері 1947 жылдан жариялана бастады. . «Өмір гүлі», «Саяхатта», «Ол кезде он үште едік», « «Жасырынбақ», «Әр қашан күн сөнбесін», «Аршында балақай» поэзиялық жинақтары жас жеткіншектерге арналды. Қазақ КСР-нің Құрмет Грамотасымен, «Еңбектегі ерлігі үшін», т.б. медальдармен марапатталған. Халық ағарту ісінің озық қызметкері.
1)Өлеңді мәнерлеп оқу .Әр топтан 1 оқушыдан оқиды.
Тапсырма
Шәкірттің ұстазына деген ризашылық сезімі қалай сипатталған?
Өмірдің талабы дегенді қалай түсінесің?
Өз келешегің туралы не ойлайсың?
2)Тізбектей оқу
ҮІ.Шығармашылық тапсырма
1- топ. Ұстаз туралы мақал- мәтел айт.
2- топ. Ұстаз туралы әңгіме жаз.
3- топ. Мұғалім туралы өлең шығар.
4- топ. Эссе. “Мен мұғалім болсам....”
ҮІІ.Бекіту сұрақтары
Қандай өлеңмен таныстық
Өлеңнің авторы кім?
Қабдікәрім Ыдырысов кім болған?
Қабдікәрімде кімнен білім алған?
ҮІІІ.Қорытындылау.
Топтастыру.Мұғалім деген кім?
Тәрбиелеуші білім беруші
Мұғалім
Ұстаз
артис
2 ші-ана
Ән.Мұғалім ол біздің.
ІХ.Үйге тапсырма:
“Мұғалім” өлеңін жаттау. 41 –бет
“Менің алғашқы ұстазым” тақырыбына әңгіме жазу
Х.Бағалау.
Оқушыларды бағалау , орын беру.
І.Үргенішбаев атындағы орта мектеп
Әдебиеттік оқу
Мұғалім
(Қ. Ыдырысов)
Өткізген: Н.Багеева
2012-2013 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |