Өзін- өзі тану . 6-сынып.
Ашық сабақ. 19 желтоқсан.2014- жыл.
Сабақтың тақырыбы: Ынтымақ түбі - береке.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Оқушыларға ынтымақ ұғымы туралы түсінік беру;
Оқушылардың өзара жағымды қарым-қатынастарын,сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету;
Оқушыларды татулыққа,ауызбірлікке,достыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушыларға ұйымшылдық ,береке-бірлік,татулық туралы түсінік беру.
Шаттық шеңбері Оқушыларды шаттық шеңберіне шақыру
Әңгімелесу
Ынтымақ дегенді қалай түсінесіңдер?
Ынтымақтастық дегенді ше?
Татулық,ынтымақтастық,ұйымшылдық ұғымдарының ұқсастығы неде?
Cабақтың жоспарымен таныстыру.
Топқа бөлу :сапқа турғызу алма, алмұрт деп ретпен санау
І топ Алғырлар
ІІ топ Тапқырлар
Оқу ақпараты
Адамдар арасындағы ұйымшылдық, береке-бірлік ынтымақ туғызады.Ынтымақ бар жерде адамдар өзара бірлікке келіп,бірлесіп әрекет етеді.Татулық орнайды.Ұжымдағы,ел ішіндегі ынтымақтастық татулыққа,достыққа жеткізіп,болашағымызды баянды етеді.
Мәтінмен жұмыс
Оқушыларға «Ынтымақ»құндылығының жеке адам мен қоғам өміріндегі маңызын ұғындыру мақсатында оқулықта берілген мәтінді оқып беру.
Сұрақтар:
-Жігіттер неліктен Қызыр, Бақ, Дәулетті қонақ қылудан бас тартты?
-Үй иелерінің Ынтымақты қонақ қылуының себебі неде?
-Ынтымақ болған жерде Қызырдың , Бақ пен Дәулеттің келуінің себебін қалай түсіндірер едіңдір?
-Сендер кімді қонаққа шақырар едіңдер?
Ұпайлар береміз
Тақтамен жұмыс
Сөздер мен олардың анықтамаларын салыстырып, әрбір терминнің өзіне сәйкес келетін анықтамасын беріңдер. А-3 таблица
Ұғым
|
Анықтамалары
|
1.Татулық
2.Достық
3.Ауызбірлік
4.Бірлік
5.Ынтымақтастық
|
1.Адамдардың бір біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүделлі, ортақ көзқараста болатын касиеті.
2.Адамдардың берік бірлігі, сыйласымдылығы.
3.Бірлікке келу, бірге тірлік жасаудың көрінісі, татулықтың белгісі
4.Мақсаты бір топ мүшелерінің тату тәттілік, ынтымақтастық, ұйымшылдық көрсете білуі.
5.Ынтымақтасып біріккен бір ауыздылық, іштей байланысты табиғи бір тұтастық.
|
Ұпайлар береміз
Талкылау:
Оқулықта сабақта берілген ақпараттар мен жаңа білімді түйіндеу мақсатында «Игілік-басы ынтымақ,ынтымақты елде күн шуақ»деген мақалды түсіндіру және талқылау
Ойынның кезегі келді.
Ұйымшылдық І топ
Кіріспе:
Аян құмырсқалар тіршілігін қызықтап, бақылап жүретін. Бір күні ол бір құмырсқаның кіщкентай шыбықты сүйреп әкетуге тырысып жүргенін көрді. Қанша тырысса да шыбықты орнынан қозғай алмады. Оған басқа бір құмырсқа көмекке жүгіріп келіп, бірге шыбықты қозғалта алмады. Тағы бір құмырсқа жүгіріп келіп үшеуі шыбықтыкөтеріп салып індеріне жеткізді.Осыны көріп таң қалған Аян папасына құмырсқалардың бірлесіп, бір біріне көмектескенін айтып берді. Папасы «Иә, құмырсқалар әрқашан бірлесіп, ұйымдаса жұмыс істейді» -, деді. Тек бірлестік пен ұйымдастықтын арқасында ғана олар үлкен індер салады.
ІІ топ Бірлік.
Кіріспе:
Баяғыда бір патша өмір сүріпті. Ол өз балаларын сынап көргісі келеді. Ол әрқайсысына бір - бір сыпырғыш береді де, сындыруларын сұрайды. Олар қанща күш салса да сындыра алмайды. Сонда патша сыпырғыштың бауын шешіп, осы шыбықтардысындыруын сұрады. Бұл жолы ұлдары тапсырманы тез орындады. «Көрдіңдер ме, балаларым менің, егер сендер бірлікте болмасаңдар әрқайсыларынды тез - ақ жеңуге болады. Ал егер сендер бірге, бірлікте болсаңдар кез келген күшке қарсы тұра аласыңдар» - деді патша.
Ұпайлар береміз
Сұрақ- жауап: Бірлестік туралы сұхбат жүргізу. Мыналар жайлы сөйлесіңіздер:
а) ұйымдастық деген не?
б) не үшін бірлестік керек?
в) бірлестік неден білінеді?
г) бірлік деген не?
д) не үшін бірлікте болу керек?
е) бірлік неден байқалады?
Дәйексөз дәптерге жазғызу
Адамдар арасындағы ұйымшылдық, береке бірлік ынтымақ туғызады. Ынтымақ бар жерде адамдар өзара бірлікке келіп, бірлесіп әрекет етеді. Татулық орнайды. Ұжымдағы, ел ішіндегі ынтымақтастық татулыққа, достыққа жеткізіп, болашағымызды баянды етеді.
Интерактивтік тақтамен сергіту сәтті
Флешмоп оқушылар көрсетеді қонақтарға
Смайлик пен көңіл- күй көрсетеміз
Үйге тапсырма:
Еліміздегі ынтымақ, бірлік туралы құрбы құрдастарыңның арасында сауалнама жүргізіндер. Сауалнама нәтижесі бойынша қорытынды жазыңдар.
Жүректен жүрекке
Балаларды шеңберге жинап,қолдарына гүлдерді таратып,оның нәзіктігіне,әдемілігіне назар аударту.Мұғалім өз гүлін тілегін айтып,жанындағы балаға береді,ол гүлді өз гүлімен қосып,тілегін айтып келесі оқушыға ұсынады.Гүлдер бірте-бірте үлкейіп,гүл шоғына «Тілек шоғына» айналып,мұғалімнің өзіне оралады.
-Көп рахмет сендерге,балалар.Егер өздеріңе,бір-бірлеріңе жақсылық тілесеңдер,жақсылық жасаңдар,ол-өз отбастарыңа,өз ауыл,қалаларыңа жасаған,тілеген жақсылықтарың.Әрбір жақсы ой,ізгі істерің осы гүл шоғы сияқты үлкейіп,өзіңе одан үлкен жақсылық болып оралады.
Достарыңызбен бөлісу: |